К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет107/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Алдын алу шаралары. Індет тіркелген ошақтарда қой-ешкіні көктемде 
өріске шығар алдында және күзде малды қораға қысқы күтімге қояр алдында 
аталған препараттардың бірімен дегельминтизациялайды. Өрістегі малға 
фенотиазин-мыс купоросы-тұз қоспасын емін еркін жалауға береді. Қозы және 
лақтарға ауру қоздырушысын жұқтырмас мақсатта ересектерінен бөлек, 
балаңқұрттардан ада жайылымдарда бағу. Ауыспалы жайылымды қолдана бағу 
эозофагостомозды дауалаудағы тиімді шара борып саналады. 


115 
III БӨЛІМ. МАЛ ДӘРІГЕРЛІК ПРОТОЗООЛОГИЯ 
 
Протозоология – Protozoa патшалығына жататын, денесі бірторшалы 
қарапайымдылар туралы ғылым. Протозоология ғылымының мақсаты - 
паразиттің дене құрылысын, өсіп-дамуын зерттеу, паразиттің түрін және 
жануарларға жұғу жолдарын анықтау. Сонымен бірге протозоология, 
қоздырғыштың мал организміне зиянды әсерін (патогендік әсері), ауруды 
анықтау тәсілдерін, арнайы және патогендік ем, сондай-ақ оның алдын алу, 
дауалау әдістерін зерттейді. Жалпы қарапайымдылар 7 топқа бөлінеді, ал 
солардың 3 тобы түгелімен паразиттер. Мысалы, қазіргі уақытта 
қарапайымдылардың 70000 жуық түрлері белгілі, олардың 10000 түрлері 
ауыл шаруашылық, жабайы жануарларда, балықтарда, араларда және 
адамдарда паразиттік жолмен тіршілік етіп, олардың протозоидтық 
ауруларын немесе протозооздарды қоздырады. 
Қарапайымдылар жануарлардың және адамдардың әр түрлі мүше-
лерінде, ұлпаларында, қанның плазмасында (трипаносомдар), қан 
торшаларында 
(пироплазмидтер), 
ішектің 
эпителий 
торшаларында, 
бауырдың өт жолдарында, бүйректе (эймерийлер), жыныс мүшелерінде 
(трихомонадтар) тіршілік етеді, қарапайымды токсоплазмалар және 
саркоспоридийлер жануарлар мен адамдардың барлық мүшелерінің және 
ұлпаларының паразиттері . 
Ветеринариялық протозоология мазмұның құрайтыны - паразиттік 
қарапайымдыларды, солармен үй және жабайы жануарларда түдыратын 
ауруларды (протозооздарды) және күресу шараларды оқу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет