125
жылқылар ауруға төзімді келеді. Себебі, олар жыл сайын кенелердің
талауына ұшырып, ауруға төзімділік қасиетін табиғи түрде
арттырып
отырады. Нутталлиозбен ауырып жазылған малда ауруға қарсы стерилсіз
иммунитет пайда болады. Ондай иммунитет 1-1,5 жылға дейін сақталады.
Клиникалық белгілері. Нутталлиоздың жасырын кезеңіі 1-2 апта.
Жіті түрмен ауырған жылқының дене ыстығы 41
0
С дейін, ал кейде одан да
жоғары көтеріледі,
тамыры жиі соғып, ентігеді. Қаны азаяды, сары ауруға
шалдығады, кейбір ұлпалары қанталайды. Азыққа тәбеті тартпай, жалпы күйі
нашарлайды. Асқазан жолының қызметі бұзылады. Ауру мал арықтап, дене
қызуы бір көтеріліп, бір төмендейді. Аурудың бұл түрі 3-6 күнге созылады,
егер нутталлиоздың жасырын кезеңінде жылқы жұмыстан босатылмаса, ауру
ұзаққа созылады.
Нутталлиоздың жітілеу түрінде де осы белгілер
байқалады, бірақ олар
көмескілеу білінеді. Нутталлиоздың жітілеу түрі 30-40 күнге созылады.
Нутталлиоздың жіті және жітілеу түрлері дер кезінде емделмесе немесе
толық емдеуден өтпеген жылқыны ертерек пайдаланса, ауру созылмалы
түріне айналады. Мұндайда нутталлиоздың клиникалыққы белгілері
біртіндеп
көмескі тартып, тұрақсыз болады. Қызбасы күн сәулесі түскеңде
және мал жегілгенде, мінілгенде ғана аздап көтеріледі, мал ариды. Мұндай
жылқыларды
жұмыстан босатып, арнайы дәрілермен емдесе, тез сауығып
кетеді.
Балауы. Жылқы нутталлиозына балау Эпизоотологиялық деректердің,
клиникалылық белгілерінің, Паталогиялық-анатомиялық өзгерістерідің және
зертханалық зерттеулердің негізінде қойылады.
Комплементі байланыстыру реакциясы және иммунофлуоресценция
реакциясы негізгі серологиялық әдістер болып табылады.
Жылқының нутталлиозына түпкілікті
балау қаннан және сөл
бездерінен, көк бауырдан немесе бауырдан алынған пунктаттардан
дайындалған Романовский-Гимза әдісімен боялған жағындыларды зерттеу
арқылы қойылады.
Нутталлиоз ауруын дәл анықтау үшін жылқының қаны зерттеледі.
Ауру малдың құлақ қан тамырларынан алынған бір тамшы қаннан жұғынды
дайындап, ол Романовский-Гимза әдісімен боялады.
Боялған қан
жұғындысын микроскөппен зерттеп, аурудың жіті және жітілеу және
созылмалы түрлерін анықтауға болады. Қан жұғындысында “мальта кресі”
деген түрін табу бұл аурудың нутталлиоз екеңінде ешбір күмән келтірмейді.
Достарыңызбен бөлісу: