К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Қоздырушылырының даму биологиясы



Pdf көрінісі
бет119/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Қоздырушылырының даму биологиясы. Барлық Eimeria тұқымына 
сай эймерийлерде болады.
Эпизоотологиялық деректері. Аурулардың барлығы түгелдерлік 


127 
жерлерді қамтиды. Оның әрі қарай қозуына жылы әрі дымқыл ауа райы әсер 
етеді. Бұл індетке 1-4 айлық жануарлар ұшырайды. Көжектер бірінші күннен 
бастап паразиттерді енгізеді. Анасынан ооцистерді сүт арқылы еміп, кейін 
тамақ ішу арқылы және су арқылы сіңіреді, жаңа туған көжектерде ооцистер 
8-10 күннен кейін табылады.
Инвазияның негізгі қайнар көзі – ересек көжектер, эймерияны 
таратулар – ауру және ауруға шалдыққан көжектер. Ооцистердің паразиттері 
кеміргіштермен, құстар мен жәндіктердің тіршілігінде табылады. Ооцистер 
қоршаған ортаның әсеріне дайын,алайда олар 80

-100
0
С-да 5-10 минуттан 
соң тіршілігін жояды. Эймериоздан айығу толық емес тамақтану кезінде 
және азық мөлшерінің өзгерісі кезінде, әсіресе көжектердің сүттен айыру 
кезінде өте қиын жағыдайда өтеді. Өлім-жіті саны күрт өседі.
Аурудың белгілері – инкубациялық кезең 4-12 күн аралығында өтеді. 
Бұл ауру шиеленіскең, асқынған және созылмалы түрде өтеді. Жайылған 
аймағына байланысты қоздырушылардағы эймериоздың іШектеук, бауырлық 
және араласқан формалары ажыратылады.
Аурудың бірінші белгісі – көжектердің салбыр әрі босауы, аз 
қимылдауы, көп жатуы, және салмағының күрт түсіп кетуінен көруге болады. 
Қарыны үрленген, әрі ауырсынады, тамақтан бас тартады, іш өту, (фекалия), 
кей кездері қанның пайда болуы, жиі несептің шығуы байқалады. Жеріктіктің 
әсерінен танаулары суланып, көжектерде шырыш бөліне бастайды.
Паталогиялық-анатомиялық өзгерісі. Ауруға ұшыраған үй қояндары 
әлсірейді. Бауырлық формадағы эймерийде бауырдың көлемі 4-5 есе 
үлкейеді, өт жолы ұлғайып, үстіңгі және ішкі бөлігінде сары ақ түйіншіктер 
пайда болады. Түйіншіктерде ірімшік тәрізді зат болады, ал оның ішінде 
бірнеше ооцистер табылады. Осыдан интерстицианальді гепатитті байқауға 
болады. ІШектеук формада ұйыма қыйықшы ішектің жеңілген бөлігінде сұр-
қызыл түрде кездеседі. Катаральдық және геморрагиялық-катаральдық 
асқыну көп байқалады. Паразиттер көп жиналған жерде ақшыл нүктелерді 
көруге болады, асқынған ішектің себебінен оның көлемі ұлғаяды. 
Балау. Эпизоотологиялық мәліметтерді алып, аурудың белгілерін 
анықтап, Фюллеборн мен Дарлингтің тәсілі бойынша Паталогиялық-
анатомиялық өзгерістеріді эймерия-ооцистеріне анықтап балау қойылады. 
Емі. Үй қояндарына норсульфазолды 0,3-0,4 г салмағы 1 кг денеге 0,5-1 
пайыздық моноциллин ерітіндісін 4-5 күн бойы арасында 3 күндік үзіліспен 2 
курс бекітіледі; сульфадалиметоксин және сульфалиридозинді 1кг салмаққа 
0,12 дозада екі курс бойынша монолицитің ерітіндісін бес күн бойы 
қабылдайды. Йодтың судағы ерітіндісін (50 мл 2 пайыздық) 250 мл сүтпен 
араластырып, ыстық отта, ысытады, 180 мл суды қосып, үй қояндарына 7-14 
күні бойы ішкізуге береді. Алдын алу шаралары үшін күні бойы осы 
процедураны қабылдауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет