К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Алдын алу және күресу шаралары



Pdf көрінісі
бет124/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Алдын алу және күресу шаралары. Токсоплазмозға шалдыққан 
малды дер кезінде анықтап, оқшаулағанның маңызы өте зор. Сойылған 
малдың еті әбден пісіріледі, ал ішек-қарын, өкпе-бауыр және т.б. ішкі 
мүшелері жеуге жарамайды. 
Ауру мал тұрған қораларда дезинфекция және дератизация жүргізіледі. 
Ит пен мысық қаны әрбір кезең сайын КБР мен тексеріліп, оң реакция 
бергендері жойылып отырылады. Жалпы мал қораларына ит пен мысықты 
жіберуге болмайды. Сауықтыру шаралары қой қоздағанда, сиыр 
бұзаулағанда және шошқа торайлаған кезеңдерде мұқият жүргізіледі. Өлі 
туған төлді итке, мысыққа, шошқаға және бағалы терілі аңдарға беруге 
болмайды. Оларды терең орға көміп тастайды немесе өртейді. 
 
 
3.5 Жылқы трипаносомозы (киеңкі, қарақаптал) 
 
Киеңкі немесе қарақаптал жылқы мен есектің және қашырдың 
Trypanosoma equіperdum деп, аталынатын қарапайым паразит қоздыратын, 
тек жыныстық қатынас арқылы жұғатын созылмалы ауруы. Ауруға 
шалдыққан малдың жыныс мүшелері, терісі және жүйке жүйесі 
зақымдалады. 
Қоздырғышы. Киеңкінің қоздырғышы - Trypanosoma equіperdum, 
Tryposomatidae тұқымдасына, Zoomastigophora классына жатады. Денесі 
бұрғы тәрізді, ұзындығы 22-28 мкм, ені 1,4-2,6 мкм. Денесінің орта тұсында 
ядросы, ал оның арт жағында тағы бір кішірек ядросы (кинетопласт) 
орналасқан. Осы кішірек ядродан трипаносоманың бишігі басталып, ол 
паразиттің бір жақ шетіндегі жұқа жарғақты көмкеріп, торшаның бас 
жағында созылып жатады. (қараңыз: ) 
Киеңкінің трипанозомасы жыныс мүшелерінің кілегей қабығын және 
осы қабықтың қыл тамырларын мекеңдейді. Трипанозоманың бұл түріне тек 
қана тақ тұяқтылар бейім. Зертханалық ұсақ жануарларға бұл қоздырғыш 
жұқпайды. Сондай-ақ, жасанды қоректерде де өсіп, өнбейді. Жыныс 
мүшелерінде паразит ұзынынан екіге бөліну арқылы көбейеді. Паразит 
денесінен 
трипанотоксин 
деген 
уытты 
заттар 
бөлініп 
шығады. 
Трипанотоксин қанға тарап, бүкіл денеге зиянды әсерін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет