133
Клиникалық белгілері. Киеңкінің жасырын кезеңі 2-3 ай. Аурудың
алғашқы кезеңінде айғырдың жыныс мүшелері- ұмасы, қасасы, күпегі ісінеді.
Ал биенің желіні, клиникалыққы жыныс мүшелері және құрсағының төменгі
жағы ісінеді. Ісіктерді сипап көргенде салқын, жұмсақтығы қамыр тәрізді
және мал ауырсынбайды. Жыныс мүшелерінің терісінде алғашқыды
кішкентай түйіндер пайда болып, олар кейіннен ашық жараға айналып
жазылып кетеді де, орнында ақшыл дақтар (пигментсіз) қалады. Қынаптан
сарғылт түсті қан аралас жалқаяқ ағады. Аурудың бұл кезеңінде ісіктер
басым болғандықтан, оны ісіктер кезеңі деп атайды. Аурудың бұл кезеңінде
жылқының жалпы күйі өзгере қоймайды, тәбеті қашпайды. Осы кезеңнің
аяғында малдың жыныстық қабілеті күшейгендей Кдиникалық белгілері
байқалады. Аурудың екінші кезеңіне жылқы терісінің зақымдануы тән. Ауру
жылқының терісінде ауық-ауық есек жем тәрізді бөртпелер пайда болады.
Сауырында, кеуденің екі жағында және қарын жағында дөңгелек, диаметрі 4-
20 см-дей шығырық тәрізді ісіктер пайда болып, бірнеше сағаттан кейін бұл
ісіктер өздігінен жойылып, аздан соң қайта шығуы мүмкін.
Әдетте буаз бие осы кезеңде іш тастайды. Ауру бұдан әрі асқына түссе,
киеңкінің үшінші кезеңі басталады.
Аурудың үшінші кезеңінде жүйке жүйесі жартылай (парезге) немесе
толық салдануға шалдығады. Әдетте бір жақтағы жүйке парезге шалдыққан
жылқының бір құлағы салбырайды, бір жақ қабығы түседі, ернінің бір жағы
қисаяды.
Малдың шонданай жүйкесі зақымданса, жүрісі тәлтіректеп, сауыры
мен артқы аяқтарының бұлшық еттері семе бастайды. Сондықтан жылқының
жүрісі
өзгереді, артқы аяқтарын сылтып басады. Белжүйкесі толық
зақымданған жағдайда, жылқы артқы аяқтарын баса алмай, ит сияқты
отырып қалады. Сол себептен киеңкіні орысша “подседал” деп те атайды.
Кейінірек жылқы бөксе жағын көтере алмай, жатып қалып бірте-бірте
көтеремге айналады да, денесі салданып өліп қалады. Осылай ауырған
жылқының 30-50 % дейін өлім-жітімге ұшырауы мүмкін.
Аурудың үшінші кезеңінде малдың көзі коньюнктивитке шалдығып,
оған ақ түсуі (ноғала) мүмкін. Сондай-ақ, буындар ісініп, тыныс жолдары да
қабынады.
Киеңкі созылмалы ауру, ол 1 жылға, кейде одан да артық уақытқа
созылады. Бірақ жоғарыда көрсетілген белгілері түгел біліне бермейді.
Табындағы жылқыда аурудың бірінші кезеңі байқалмай өтуі де мүмкін. Ауру
асқынып, мал қиналып тұрып қалғанда ғана киеңкінің келесі кезеңдерінің
белгілері біліне бастайды. Кейде ауру жасырын түрде өтіп, тек қана екінші
және үшінші кезеңдерінің кейбір белгілері ғана білінеді.
Жаңа қағида
бойынша киеңкіге шалдыққан жылқы, тұқымдық қасиетіне қарамастан,
бірден сойылуы керек.
Балауы. Ауруды анықтау үшін Эпизоотологиялық деректерді,
клиникалық белгілерін еске ала отырып, микроскопиялық және
серологиялық
(КБР,
иммунофлуоресценция)
зерттеулер
жүргізеді.
Микроскопиялық зерттеу жүргізу үшін, ауырған биенің қынабынан,
134
айғырдың
уретрасынан қырынды алып, пән шынысына бір тамшысын
тамызып, жапқыш әйнекпен қысып көруге болады. Кейбір ауырған
малдардан паразит табылмауы мүмкін. Сол себептен де қосымша қан
сарысуын серологиялық реакциямен тексереді.
Киеңкі шыққан жылқы табыны арасында клиникалық, микро-
скопиялық және КБР әдістерімен зерттеулер жүргізіп, оның нәтижесін ескере
келіп, оларды 4 топқа бөледі.
1.Аурулар тобы: а) КБР әдісімен 1 рет болса да оң реакция (титрі 1:10
және жоғары) берген немесе жыныс мүшелерінен трипанасома табылған
жылқы;
ә) КБР әдісімен 2-3 рет күдікті нәтиже
берген жылқы;
б) Денесінде шығырық пішінді ісіктері, салдану және жартылай
салдану белгілері бар жылқы;
в) КБР әдісімен теріс реакция берген, бірақ ауруға тән клиникалық
белгілері бар жылқы;
ІІ. Ауруға күдіктілер тобына мыналар жатады:
а)Үш рет КБР әдісімен теріс реакция берген, бірақ аурудың көмескі
болса
да белгісі бар жылқы;
ә) 3 рет КБР әдісімен зерттегенде, 1 рет күдікті реакция берген, бірақ
Клиникалық белгілері жоқ жылқы;
б) Аурудан сау емес топтағы көтерем жылқы.
ІІІ. Күдіктілер тобына аурудан сау емес үйірде шағылыста болған
жылқы жатады.
ІУ. Сау топ. Бұл топқа ауру малдармен араласпаған, ауруға күдікті
және ауру жылқымен шағылыспаған малдар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: