К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет123/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Созылмалы түрінде аздаған уақыт дене қызуы көтеріліп, жем-шөпке 
тәбеті болмай мал ариды. 
Симптомсыз 
өтетін 
түрінде 
организмде 
токсоплазмалардың 
болғанымен, аурудың клиникалық белгілері байқалмайды. 
Өлекседегі өзгерістер. Жіті түрінен өлген малдың сөл бездері 
үлкейген және қанталаған. Жітілеу түрінде-өлексенің арықтығы көзге түседі. 
Гастроэнтерит белгілері байқалады. Құрсақтан пайда болған токсоплазмозда 
өлген төлдің миының ақ затында некроз ошақтары кездеседі. Қабыну 
өзгерістері мидың барлық қабаттарында бар. Ұрғашы малдың қағанақ 
қабықтарынан ақшыл немесе сарғыш түсті диаметрі 3 мм некроз ошақтары 
табылады. 
Балауды клиникалық немесе Эпизоотологиялық деректер арқылы 
және зертханалық зерттеу нәтижелері негізінде қояды. 
Зертханада қақырықтан немесе клиникалыққы бездерінен биопсия 
алып, шыныға жұғынды препарат жасап, микроскөппен зерттейді. 
Өлекседен алынған жұлын, кеуде және құрсақ қуыстары суларын, 
сондай-ақ қағанақ суларын центрифугадан өткізіп, тұнбасынан жұғынды 
препараттар 
жасалып, 
микроскөп 
арқылы 
тексеріледі. 
Жұғынды 
препараттарды бауырдан, сөл бездерінен, талақтан, өкпеден және т.б. ішкі 
мүшелерден жасауға болады. Оларды метил спиртімен бекітіп, Романовский-
Гимза әдісімен бояйды. Паразиттің цитоплазмасы көгілдір, ал ядросы қызыл 
түске боялады. 
Токөплазмозды анықтау үшін, биологиялық әдісті де қолдануға 
болады. Ол үшін зерттелетін жануардан сынама алып, ақ тышқандарға
жұқтыруға болады. Тышқан миына инемен 0,03 мл немесе іш қуысына 1 мл 
тексерілетін сұйықтық егіледі. 3-4 күн өткең соң, тышқанның іш қуысында 3 
мл-дей экссудат түзіледі. Оның ішінен көптеген токсоплазмаларды табуға
болады. 
Токсоплазмозды анықтау үшін, көптеген серологиялық реакциялар 
қолданылады. Атап айтқанда комплементті байланыстыру реакциясының, 
иммунофлуорлеценттік әдістің және тағы басқаларының маңызы зор. 
Токсоплазмалардың тұрақты иесі мысықтарды зерттеу үшін, 
Фюллеборн және Дарлинг әдістері қолданылады. Ауру мысықтың нәжісінен 
токсоплазмалардың ооцисталарын іздестіреді. 
Емі. Емі толық зерттелмеген. 
Токсоплазманың тұрақты иелері мысықтарға химкокцид дәрісін 24 
мг/кг мөлшерінде 3 күн ұдайы тамаққа қосып береді. Сонан соң 25 күн ұдайы 
осы препараттың профилактикалық (жартылай дозасы) дозасы беріледі. 


132 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет