К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Патологиялық-анатомиялық өзгерістері



Pdf көрінісі
бет126/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Малдың өлексесі өте арық. 
Кілегей қабықтары бозарыңқы. Жыныс мүшелерінің маңында ісік уытты 
жаралар, ақшыл дақтар болуы мүмкін. Бөксе жағы мен артқы бұлшық еттері 
семгендіктен, жіліктері сойдиып қаңқаға ұқсаған. Сөл бездері ұлғайған. 
Емі. Жалпы киеңкіге шалдыққан жылқыны емдемей, етке жібереді. 
Бұрын ауру жылқыны күре тамырына 0,015 г/кг мөлшерінде физиологиялық 
ерітіндіге езілген 10 % наганин құйып емдеген. 15-20 күннен соң, наганинді 
осы әдіспен қайта қолданған. Дәрінің уытын қайтару үшін емдеген соң, 
жылқыны жеңіл тер шыққанша күніне 3-4 рет желдіртіп отырған. Киеңкіні 
емдеу үшін азидин,неоазидин, батризин, беренил дәрілері де қолданылады. 
Ол үшін азидинді 3-5 мг/кг мөлшерінде 7 % ерітінді түрінде бұлшық етке 
егеді. Емді 24 сағаттан соң, осы дозада қайталайды. 
Емдеуден кейін 5-6 айдан соң, жылқыны барлық анықтау тәсілдерімен 
зерттейді. Теріс реакция берген жылқыны сау деп есептейді. Ауру 
қайталанса, жылқыны етке жібереді. 
Алдын алу және күрес шаралары. Соңғы ветеринариялық қағида 
бойынша, киеңкіге шалдыққан айғыр-биені, тұқымдық қасиетіне қарамай,
дер кезінде сойысқа жібереді. Кейде, өте сирек жағдайда, ауруға күдікті 
топтағы жылқыларға емдеу шараларын жүргізеді. Киеңкі жылқыларды 
азидин, неоазидин, батризин дәрілерінің біреуімен, тірі салмағына 3, 5 мг 


135 
дозада, арасына тәулік салып, 7% -дық ерітінді түрінде, екі рет қалың етке 
егу арқылы емдейді. Бірақ, киеңкіден айыққан мал, рецидив беріп, қайта-
қайта ауыра береді. 
Шағылыстыру науқаны қарсаңында жылқыны түгелдей барлық 
диагностикалық тәсілдерімен тексеріп, мал ішінде киеңкінің бар-жоғын 
анықтау керек. Аурудың көмескі белгілері бар жылқыны оқшаулап емдеу 
орынды. Айғырларды үйірге қосар алдында, сақтық шара ретінде наганинмен 
0,01 г/кг мөлшерде егеді. Одан басқа антрицид, трипамидий, неоазидин, 
батризин және т.б. трипаноцидтік дәрі-дәрмектерді қолдануға болады, құрал-
саймандар зарарсыздандырылады. 
Таза емес шаруашылықтарда мал табынын жасақтауға, клиникалықтан 
мал қосуға, мал сатуға, әкетуге және ауыстыруға, сонымен қатар 
клиникалық малымен ұрықтандыруға жол берілмейді. 
Шаруашылықтағы мал басы және ондағы есек, қашыр түгелімен 
киеңкіге тексерілуі тиіс. Ауруға шалдыққандарын сояды немесе жояды, ал 
оған күдікті малдарды аралығына 30 күн салып, серологиялық әдістермен екі 
рет тексереді. Жылқы қанын тексеруді қатарынан екі рет теріс нәтиже 
алғанша жалғастыра береді. 
Жылқы табынан соңғы рет ауру шыққанына 6 ай өткең соң және 4, 6 
айларда екі рет қатарынан серологиялық реакциялар теріс нәтиже берген 
жағдайда, 
қорытынды 
шаралар 
жүргізілген 
соң, 
шаруашылықты 
трипаносомоздан таза деп, жариялауға болады. 
Киеңкіден тазартылған шаруашылықтарда, жылқыны шағылыстыру 
мерзімінің аралығында, жыныс жасындағы барлық малды үш қайтара 
серологиялық тексеруден өткізеді. Біріншісін- шағылысу кезеңі өткең соң, 1-
5 айға кейін, екіншісін - бірінші тексеруден 3 ай өткең соң, үшіншісін – 
екінші тексеруден 1 ай өткең соң жүргізеді. 
Мал басын киеңкіден тазартқан соң, 1-5 жылдан кейін малды 
шаруашылықтан шығаруға, сатуға рұқсат беріледі. Жылқы киеңкісі өзінің 
қауыптілігіне байланысты, Халықаралық эпизоотиялық бюроның есебіне 
кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет