141
қолдануға болады. Жақсы нәтиже азидин
мен наганинді алма-кезек
қолданудан болатыны дәлелденген.
3.8 Ірі қара пироплазмозы
Пироплазмоз - анемиямен, кілегей қабаттарының сарғаюмен, жүрек
жұмысының
зақымдануымен, малдың күйзелуімен, тәбетінің жоғалуымен,
дене қызуының жоғарылауымен, сондай-ақ аурудың ауыр кезеңінде кілегей
қабығының, ағзалардың қанталауымен, гемоглобинуриямен
ерекшеленетін
трансмиссивтік ауру.
Қоздырғышы. Pіroplasma bіgemіnum Романовский әдісімен бояғанда
пироплазмалардың цитоплазмасы көкшіл, ядросы қызғылт түске боялады.
Әдетте
эритроцит ішінде бір, екі, кейде одан да көбірек паразит болады.
Паразит пішіні алмұрт, дөңгелек, сақина тәрізді және ұзынша сопақ.
Қосарланған алмұрт тәрізділері
жіңішке жақтарымен жалғасып, эритроцит
ішінде сүйір бұрыш түзейді. Жалғыз орналасқандарының тұрқы 2,2-ден 6
мкм дейін, қосарланған алмұрт тәрізділерінің тұрқы 4,5 мкм-ге дейін.
Аурудың бас кезінде дара, кейіннен жұптасқан түрлері көбірек кездеседі.
Аурудың
әрі дамуына байланысты, зақымданған эритроциттердің саны тез
көбейіп, 5-15 % -ке жетеді (сирек жағдайларда 40 %-ке дейін) (I, XVІІ
суреттер).
Қоздырғыштың даму биологиясы. Эритроцит ішіндегі пироплазма
жыныссыз екіге бөліну арқылы немесе бүршіктену арқылы көбейеді.
Пироплазмалар кене денесінде шизогония әдісімен көбейеді. Пиро-
плазмалардың тасымалдаушысы –
бір иелі Boophіlus calcaratus, екі иелі
Rhіpіcephalus bursa және үш иелі-Haemophysіalіs punсtata кенелері. Ріroplasma
bіgemіnum паразитін кенелер трансовариалдық жолмен тасымалдайды.
Boophіlus calcaratus кенелері пироплазмаларды, әдетте, нимфа сатысында, ал
H.punctata, R.bursa кенелері имаго сатысында тасымалдайды.
Достарыңызбен бөлісу: