К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Эпизоотологиялық деректер



Pdf көрінісі
бет131/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Эпизоотологиялық деректер. Бабезиозға ірі қараның барлық 
тұқымдары бейім. Ауру Ресейде, Балтық бойындағы республикаларда, Батыс 
Украинада кездеседі. Қазақстанда да бұл ауру кездеседі деген деректер бар. 
Бабезиоз ауруының таралуы І.rіcіnus кенесінің таралу ареалына байланысты. 
Бұл кенелер бұталы жерлерде, бұта және ұсақ орман алқаптарында өмір 
сүреді. Кенелер мал қанын Оңтүстікте көкек-мамырда, ал Солтүстікте
мамыр-маусым айларынан сора бастайды. Ауру белгісі мамыр айының 
ортасынан бастап білінеді. Аурудың ең көп шығатын айы маусым және 
шілденің басы, онан соң олардың саны бірте-бірте азаяды. Кейбірде ауруға 
шалдыққан мал тамыз-қыркүйек айларында, кейде қазан айында да кездеседі. 
Энзоотиялық алқапта бабезиоз мозаика тәрізді тараған. 
Бабезиозбен ересек мал ауыр түрде ауырып, оған қарағанда мал төлінде 
індет жеңілдеу өтеді. Энзоотиялық ошақтарда 1-2 жастағы жас мал кейде 
қатты ауырады. 
Клиникалық белгілері. Аурудың алғашқы белгілері жануарларды 
кенелі жайылымға шығарғаннан кейін 12-14 күнен соң білінеді. 
Көбінесе жануарларда дене қызбасы көтерілер алдында сауымы шұғыл 
төмендейді, мұндайда сүттің түсі сарғыш тартып, дәмі ащы болады. Дене 
қызбасы 41-42
0
С дейін көтеріледі, 2-3 күннен соң мал денесі солғын тартып 
жатып алады, жемнен бас тартқанымен, су ішеді. Тыныс алуы 1 мин ішінде 
70-80-ге дейін жиілейді. Жүрек соғысы күшейеді, тамыр соғысы 1 мин ішінде 
90-100-ге дейін жиілеп, оның ырғағы бұзылады. Кейде көк тамыр соғуын 
көруге болады. Алғашқыда несеп қызғылт түсті, соңынан соң қызыл-қоңыр 
түске айналады (гемоглобинурия). Несеп шығару қиындап сиырлар белін 
бүкірейтеді. Несеп тоқтағанда сиырлардың бұлшық еті дірілдейді. Несепте 
қан немесе өт пигменттері, белок, хлоридтер мен фосфордың көп жиналуы 
байқалады. 
Көздің, сондай-ақ мұрын және ауыз қуыстарының, жыныс мүшелерінің 
кілегей қабықтары сарғыштанады, аурудың жіті түрінде олар қанталайды. 
Аурудың алғашқы күндерінде жануарлардың іші өтеді, соңынан мес 
қарнында атония дамиды. Тезегі құрғақ, шырышты.
Қаны сұйылып, эритроциттер саны 2 млн-ға дейін, гемоглобин 30 %-ға 


140 
дейін азаяды. Қан құрамында айрықша өзгерістер болып, эритроциттер 
анизоцитозға, пойкилоцитозға, полихроматофилияға шалдығады. 
Қызбаның алдыңғы күндерінде қанда паразиттер пайда болады. Буаз 
сиырлар іш тастауы мүмкін. Кейде талақ жарылуынан мал өліп қалады. 
Аурудың жеңіл түрінде (көбінесе жас малда) гемоглобинурия пайда болады, 
кейін 3-4 күннен соң қызба төмендеп, несеп мөлдірлене бастайды. Малдың 
жем-шөпке ынтасы қалыптасып, бірте-бірте қан көрсеткіштері де 2-3 айдан 
соң ғана қалпына келеді. Сүт шығымы бұзаулағаннан соң ғана қалпына 
келеді. Өлім-жітім 30 %-ға дейін жетеді. Емді дұрыс және ерте жүргізсе, мал 
шығыны болмауы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет