Эпизоотологиялық деректері. Дикроцелиоз барлық жерде кең таралған,
далалы аудандардын оңтүстiгiнде кездеседi. Жануарлар көктем мен күзде
жайлауда зақымдалады. Есiнен таңған құмырсқалар тәнертен және кешке көп
болады. Құмырсқалардың инвазиялық интенсивтiлiгi бiрден онға дейiн болады.
К.О.-нын әртүрлi аймақтарында аралық ие, қосымша ие, сонғы ие сандары
әртүрлi бекiтiлген. Құмырсқа мен моллюсканын интенсивтiлiк процентi де
әртүрлi. Дикроцелийумның жұмыртқалары клиникалыққы орта жағдайларына
төзiмдi болады 18-20˚С температурада кебудi бiр апта бойы төзедi. 50˚С
температурада өлмейдi, төменгi температураға да төзiмдi.
Осыған байланысты олар моллюска мен құмырсқада қыстап жығуы
мүмкiн .
Патогенезі. Дикроцелиум бауырдың өт өзегiнде патологиялық
өзгерiстер туғызады. Интенсивтi инвазияда өт жолынды созылмалы катаральдi
қабынуы болуы мүмкін, бауырда милиарлы цирроз болады. Бауыр
паренхимасы өте зақымданбайды. В. Д. Акөпян (1972) айтуы бойынша
дәлелдегендей ауру қойлар организмiнде А және С витаминдерiнiң алмасуы
бұзылады. Ақуыз симасуы нашарлайды.
Иммунитеті.Дикроцелиозбен бiрiншiлiк зақымданғанда аз уақыттық
иммунитет пайда болады (барлық малда емес).
Клиникалық белгілері. Әлсiз инвазияда клиникалық белгiлер
байқалмайды. Гельминттердiң саны көп болса, аурудың ауыр ағымы
байқалады.
Жануар жабырқаған, асқорыту жұмысы бұзылады, iш қату мен iш өту
айналып келiп тұрады. Жүнi сынғыш келедi, денеде терi түскең жерлер,. кеуде
және кеуде астында iсiктер байқалады. Сиырда сүттiлiк төмендейдi. Жас малда
дикроцелиоз белгiсiз өтедi. 3 жастан жоғары қойларда клиникалық белгiлер
47
байқалады. Оларда арықтау, жүдеу, өнiмдiлiктiң төмендеуi байқалады. Iрi қара
мал мен қойды дұрыс азықтандырмағанда өлуi мүмкiн.