Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С



бет6/20
Дата09.06.2016
өлшемі7.12 Mb.
#124772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Объектілерді ерекшелеу


Объектіні өзгерту үшін алдымен оны ерекшелеп алу керек. Бір ғана объектіне немесе бірнеше объектінің тобын ерекшелеуге болады. Ерекшеленген объектінің айналасында шектейтін блок, ал оның центрінде «Х» белгісі көрінеді.

Объектіні қиып алу, көшірмесін алу және қою


Объектіні қиып алғанда немесе көшірмесін алғанда, ол алмасу буферіне орналасады. Ол жерден оны басқа да қосымшаларға қоюға болады. Қиып алғанда объект суреттен алынып басқа жерге қойылады. Ал, көшірмесін алғанда түпнұсқа орнында қалады, тек көшірмесі ғана алмасу буферіне орналасады.

Объектінің дубликатын жасау


Дубликат жасағанда объект алмасу буферіне түспей тікелей сурет салу терезесінде пайда болады. Дубликат жасау көшірмесін алғаннан және қиып алғаннан тез орындалады. Онан басқа, объектіге дубликат жасағанда оның х және у осьтері бойында бастапқы қалпы мен дубликат жасалған ара қашықтығын көрсетуге болады, Бұл арақашықтық орын ауыстыру деп аталады.

Объектілерді клонировать ету


Объектіні клонировать еткенде оның түпнұсқасымен байланысқан көшірмесі пайда болады. Бастапқы объектіге қандай өзгеріс жасалса да, ол клонға автоматты түрде әсер етеді. Ал, клонда жасалған өзгеріс бастапқы объектіге әсер етпейді. Клонда жүргізілген өзгерісті жойып, бастапқы объектіге қайта оралуға болады. Клонирование арқылы объектінің бірнеше көшірмесіне объектінің шаблонын өзгерте отырып, өзгеріс жасауға болады. Суретте жұлдыз екі рет клонировать етілген. Оған әр түрлі бояу және абрис қасиеті қолданылған. Сонымен қатар клонның формасы өзгерген. Ол үшін адымен объектіні ерекшелеп, Правка –Клонирование командасын орындау керек. Клонның шаблонын таңдау үшін клонның үстінде оң батырманы басып, Выбрать шаблон командасын орындау керек. Клон жасалған объектілердің шаблонын таңдау үшін шаблонның үстінде оң батырманы басып, Выбрать клоны батырмасын басу керек.

Бір объектіден екінші объектіге эффектілер көшіру


1. мәзірін және құралын таңдаңыз.

Қасиеттер панелі тізімінен Объектілер атрибуттарын таңдаңыз

Эффекті мәзірін шертіп, келесі жалаушалардың кез-келгенін орнатыңыз:


Эффект жасайтын объектінің шетін шертіңіз
5. мәзірін және құралын таңдаңыз.

6. Эффект көшірілетін объектінің шетінен шертіңіз


Объектілерді бекіту


1.Соңғы объектіге бекітілетін объектіні ерекшелеп алыңыз.

Бекіту нүктесі ерекшеленгенше курсорды объект бойынша жылжытып отырыңыз.

Бекіту нүктесі көрінбей қалғанша объектіні соңғы объектке жылжытыңыз.

Объектілерді бұру


1.Объектіні ерекшелеу

Окно → Окна настройки→ Преобразования → Поворот командасын орындаңыз

Преобразование-дегі Относительно центра жалаушасын алып тастаңыз

Угол өрісінде бұру бұрышын көрсетіңіз.


Объектіні теріс қарату


Объектіні ерекшелеу

Окно → Окна настройки → Преобразования → Масштаб командасын орындаңыз

Преобразование-дегі келесі батырмалардың біреуін басыңыз:

Көлденеңінен теріс қарату – объектіні солдан оңға қаратады.

Тігінен теріс қарату – объектіні жоғарыдан төмен қаратады.

Объектілерді топтау


Бір немесе бірнеше объектілерді топтау уақытында бұл объектілер тұтас қарастырылады. Топтастырылған объектілердің барлығына бірдей параметрлер қолданылады. Объектілерді топтау үшін оларды ерекшелеп, Упорядочить → Сгруппировать командасын орындау керек. Объектіні топқа қосу үшін, Окно

→ Окна настройки → Диспетчер объектов командасын орындап, объект атын топ атына алып бару керек.


PowerClip объектілерін құру


CorelDRAW-да векторлық объектілер мен растрлық бейнелерді орналастыруға болады. Мысалы, суреттерді басқа объектілердің немесе контейнердің ішіне орналастыруға болады. Контейнер ретінде кез-келген объект алына береді. Мысалы фигуралық мәтін немесе тіктөртбұрыш. Өлшемі контейнердің өлшемінен үлкен объект контейнерге кіргізілгенде, сол контейнердің өлшемін қабылдайды. Ол контейнердің ішіндегі заты деп аталып, PowerClip объектісі жасалады. PowerClip объектісін жасайтын объектілер: фигуралық мәтін және растрлық бейне.

Объектіні ерекшелеу керек.

Эффекты –PowerClip--Поместить в контейнер командасын орындау керек.

Контейнер ретінде қолданылатын объектіге шерту керек.


Объектіні бұрмалау


Объектілерге үш түрлі бұрмалау эффектілерін қолдануға болады: сығу және созу, молния-застежка, бұрау.

Ол үшін:


  1. Интерактивные инструменты мәзірін ашып, құралын таңдау

  2. Қасиеттер панелінде келесі батырмалардың бірін басып, қажетті параметрді орнатыңыз.

  3. Бұрмалау центрі орналасатын жерді таңдап, объект қажетті формаға келгенше курсорды жылжытыңыз.



№8 Практикалық жұмыс . CorelDRAW векторлық редакторында стандартты фигуралар салу және оларға мәтін енгізу


Тіктөртбұрыш. Тіктөртбұрыш саймандар тақтасындағы Rectangle (тікбұрыш) құралының көмегімен тұрғызылады. Rectangle батырмасын басқан кезде, тышқан көрсеткіші айқас сызыққа айналады. Қалып-күй қатарындағы тышқан көрсеткішін Rectangle құралына апарып, диоганаль бойынша созу керек. Тышқанмен жылжытып болғаннан кейін оның батырмасын жібергенде, экранда тіктөртбұрыштың жан-жақтарына жиектерін белгілеу және орталық маркері шығады. Ал қалып-күй қатарына тіктөртбұрыш тобына жататын обьекті белгіленеді деген хабарлама шығады. Бөліп алу жақтауы дегеніміз экранда бөлініп алынған бірнеше обьектілерді белгілейтін 8 қара кішкене шаршыдан құралған топ. Бөліп алу жақтауы қисық крестик түрінде маркер ортасында орналасады.

CorelDRAW-да кез келген графикттік обьектіні құрағаннан кейін ол бөлініп алынған болып табылады және оның айналасында бөліп алу жақтауы пайда болады.



115-сурет. Тіктөртбұрыштармен жұмыс жасаудағы атрибуттар құралы

Тіктөртбұрыштардың атрибуттар құралы (115-сурет) мына қасиеттерден тұрады: төртбұрыштың өлшемін, төртбұрыштың орналасуын, масштаб коэффициенттерін және т.б. қасиеттерін өзгертуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге онда обьектілермен жұмыс жасау батырмалары орналасқан (бұрау, айналық бейнелеу, бұрыштарды дөңгелектеу және т.б)

Объектінің еркін қозғалыспен орталықтан айналдыру жағдайын өзгертуден басқа, тышқанның көмегімен орталықтан айналдыру жағдайының нақты және дәл берілген мүмкіндері бар. Ол үшін 116-суретте көрсетілгендей Өзгерту (Преобразование) атрибуттар тақтасын көрсетіп қою қажет. Өзгерту тақтасы бізге сол тікбұрышты бейненің формасын өзгерту үшін қолданылады.



116-сурет. Өзгерту атрибуттар тақтасы

Бұл атрибуттар тақтасын іске қосу үшін Терезе (Окна) → Тақталар (Панели)

→ Өзгерту (Преобразование) командаларын орындаймыз.

Енді салынған фигуралардың бұрышын дөңестетуге болады. Ол үшін фигураны ерекшелеп, қасиеттер панеліндегі сол жақ және оң жақ бұрышын дөңестету құралдарын пайдалынып, шаршыны немесе тіктөртбұрышты дөңес етіңіз.

Тіктөртбұрышты Shape (Форма) құралы арқылы да түрін өзгертуге болады. Сонда тіктөртбұрышыңыз жағдайда болуы тиіс. Тышқанның курсорын объектінің бір бұрышына апарсаңыз күйге келеді. Оның үстінен ұстап тұрып, төмен қарай тікбұрыштың ішкі жағына қарай тартсаңыз күйінен жағдайына келеді.



Эллипс. Эллипс салғанда мына құралды таңдау керек. Салу әдісі тіктөртбұрышты салумен бірдей. Егер салынған дөңгелекті немесе эллипсті

доғаға немесе секторға айналдыру керек болса, онда фигураны ерекшелеп, қасиеттер панеліндегі батырмаларды басу керек.



Бұл фигураларды эллипстің атрибуттар тақтасынан көре аласыз. Бұлардан басқа эллипс құралын пайданып, әр түрлі өзгерістер келтіруге болатын бірнеше батырмалар орналасқан (117-сурет) .



117-сурет. Эллипстің атрибуттар тақтасы

Эллипстің атрибуттар тақтасының ішінен төменде эллипстің қасиеттер тақтасының параметрлерін қарастырайық:

Сектор (Pie) және Доға (Arc) объектілердің сыртқы түрін анықтайтын келесі параметрлер бар:

Бастапқы және соңғы бұрыштар (Starting and Ending Angles) - доға дөңгелегінің ұзындығының бұрыштық өлшемі.

Сағат тіліне қарсы доға мен сектор (Clockwise/Counterclockwise Arcs or Pies) батырмасы доға мен секторды инверсиалды түрде бейнелейтін санап шығару бағытына сұраныс қояды.

«Эллипс» құралының көмегімен салынған жаңа объектілердің үнсіз келісім бойынша қасиеттерін өзгерту

Мәзір қатарынан Инструменты → Параметры командасын орындаңыз.

Категориялар тізімінен Рабочее пространство, сонан соң Набор инструментов, келесі ашылған тізімнен эллипсті таңдаңыз.

Жаңа объектілердің формасын өзгерту үшін сектор немесе доғаның біреуін таңдау керек

Бастапқы және соңғы бұрышын көрсету

Сағат тілімен бағыттас немесе қарама-қарсы екеуінің біреуін таңдаңыз. Сонан соң фигураға әрекеттерді орындауға болады.



Қасиеттер тақтасындағы сектормен доғаның бастапқы және соңғы бұрыштарына нұсқау үшін берілген жолдарды қолдануға геометрия ілімін білуді талап етеді. Көбінесе қолданатын ыңғайлы әрекеттің бірі, ол Форма құралын пайдалану болып келеді. (118-сурет)



118-сурет. Бақылау түйін нүктесінің көмегімен доға, сектор және эллипстің өзгеруі

Эллипсті пайдалана отырып, мынадай фигураларды жасауға болады.

Түйіндер – объектінің контурында орналасқан, оны Shape құралымен ерекшелеу кезінде пайда болатын боялған қара квадраттар. Сызықтың сегменті

екі түйіннің арасындағы контурындағы бөлігі.

Түйін және сегмент ұғымдары CorelDRAW-мен жұмыс барысында негізгі ұғымдар. Түйіндер мен сегменттерді редактрлеу, сызықтар мен объектілердің формасын өзгертудің үлкен мүмкіндіктерін ұсынады. Түйіндермен жұмыс


жасау үшін Shape (Форма) құралы пайдаланылады. Егер Shape құралымен түйінді шертетін болсақ, ол белгіленіп қара түске боялады, бір немесе екі бақылау нүктелері мен оларды түйінмен біріктіретін үзік сызықтар пайда болады. Бақылау нүктелері контурдың қисық сызықты сегментінің ұзындығы мен формасын береді, ал жанама сызықтар – таңдап алынған түйінге қандай бақылау нүктелері сәйкес келетіндігін көрсетеді (120-сурет). Түзу сызықты қисықтың бақылау нүктесі болмайды.

119-сурет 120-сурет




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет