Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С



бет9/20
Дата09.06.2016
өлшемі7.12 Mb.
#124772
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

Түйіндерді қосу және жою


Кейде объектінің формасын өзгерту үшін, бірнеше түйінді қосу немесе жою қажет.

Жаңа түйінді жасау үшін (132-сурет) объектіні Shape (Форма) сайманымен ерекшелеп, көрсеткішпен пішіннің қажетті нүктесінде шертіңіз – пішін сегментінде уақытша дөңгелек түйін пайда болады. Әрі қарай ұсынылатын әрекеттердің бірін орындаңыз: уақытша түйінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, жанама менюден (133-сурет) Add (Қосу) командасын таңдаңыз немесе қосымша цифрлық пернетақтадан + пернесін басыңыз немесе қасиеттер панеліндегі Add Node (Түйінді қосу) батырмасын шертіңіз.

Түйіндіні бірнеше тәсілмен жоюға болады:

оны Shape сайманымен ерекшелеп, пернелер тақтасынан Del пернесін басу;

оны ерекшелеп, сонан соң қасиеттер панеліндегі Delete Node (Түйінді жою) белгісін шерту;

берілген түйінде тышқанды екі рет шертуді орындау.

Түйіндерді жою жанама менюдегі Delete командасының көмегімен орындалады (134-сурет)

Пішінді үзу және тұйықтау


Тұйық пішін ашық және керісіншеге түрлендіруге болады. Тұйық пішінді үзу үшін қисықтағы нүктені ерекшелеп, қасиеттер панеліндегі Reserve Curve (Қисықты бөлу) (135-сурет) батырмасын шертіңіз.


132-сурет 133-сурет 134-сурет

Берілген операция тышқанның оң батырмасын шерту арқылы ашылатын жанама меню арқылы да орындалады. Пішінді үзуді аяқтау үшін, оны ерекшелеп, жаңа түйінді жылжыту арқылы қисықты үземіз (136-сурет).


135-сурет 136-сурет 137-сурет


Пішінді тұйықтау үшін екі түйінді біріктіру қажет. Берілген операцияны бірнеше тәсілмен орындауға болады. Бірінші тәсіл: екі ақырғы түйіндерді ерекшелеп, қасиеттер панеліндегі (138-сурет) Join Two Nodes (Екі түйінді біріктіру) батырмасын шертіңіз. Нәтижесінде екі түйін бірігіп біреуге айналады (139-сурет).


138-сурет 139-сурет
Бейнелерді құрып болғаннан кейін, әрбір бөлек енгізілген бейнені топтастырып бір бейнеге келтіруге болады. Ол үшін әуелі батырмасы арқылы барлық құрастырылған бейнелерді ерекшелеп аласыз да, атрибуттар тақтасында орналасқан Топтау (Группировать) батырмасын басасыз. Ал егер де тағы да өзгерістер енгізгіңіз келсе топтаудан алып тастай аласыз. Ол үшін Топтауды алып тастау (Разгруппировать) батырмаларын қолданасыз.
« М е д а л ь о н » с у р е т і н с а л у

Эллипс құралын пайдаланып шеңбер сызыңыз.



Еркін форма (F5-"свободная рука") құралын пайдаланып, «Лавр» жапырағы формасын салыңыз.

Оны белгілеп алып, градиент(F11- градиентная заливка) батырмасын басып, жапырақты «gold» түсімен бояңыз.



Лавр жапырағы алтын түске боялған соң, оны белгілеп алып, Правка Копировать және Правка Вставить командасын орындап, жапырақ көшірмесін алыңыз. Оны белгілі бағытқа бұру үшін суретке барып тышқанды екі рет шертіңіз. Қалауыңызша жапырақты бұрыңыз. Осы әрекетті бірнеше рет орындаңыз.

Пайда болған гүл шоғын толық белгілеп алып, Изменение Группировать командасын орындаймыз.

Екінші дәл осындай гүл шоғын алу үшін, белгілеп көшірмесін алыңыз

Оны қарама-қарсы бағытта бұру үшін Қасиеттер панеліндегі бұру батырмасын басыңыз

Шеңбердің ішкі бөлігіне заливка жасаймыз. Заливка түсі алтын түспен болуы қажет.

Құралдар қатарындағы мәтін енгізу батырмасын таңдап, қаріп өлшемін 120 пт қойып, Қалың қою түрін таңдап «KZ kazakstan» сөзін жазыңыз.

Оны Шеңбер ішіне орналастырыңыз.

№9 Практикалық жұмыс. Мәтін және контурлармен жұмыс


Бағдарлама мәтіндік процессор мүмкіндіктеріне ие. Дегенмен, мәтіндік редакторлардың барлығы бірдей CorelDRAW сияқты, мәтінге әр түрлі фильтр мен эффектілерді қолдана алмайды.

Бағдарламада мәтіннің екі түрі пайдаланылады: көркемдік және жай.

Көркемдік мәтін тақырыптарды безендіру үшін немесе мәтінге арнайы эффектілерді қолдану қажет болғанда пайдаланылады, себебі мұндай мәтінді жеке векторлық объект ретінде өңдеуге болады. Сондай-ақ, мәтіндік ақпараттың көлемі үлкен болған кезде мұндай мәтінмен жұмыс жасау қиын болады. Ол үшін мәтіннің басқа типі – жай мәтіннің блоктары пайдаланылады. Құжатқа мәтінді енгізу

CorelDRAW құжатына мәтінді енгізу үшін Text (Мәтін) құралы пайдаланылады (140-сурет). Оның көмегімен жай мәтінді жекелеген рамада, көркемдік мәтінді енгізуге болады.


140-сурет


Жай мәтінді жекелеген рамкада қосу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

Қолайлы масштабта құжат бетінің қажетті орнын таңдап алыңыз.

Саймандар панеліндегі Text Tool (Мәтін) белгісін таңдаңыз немесе F8 пернесін басыңыз. Тышқанның көрсеткіші төменгі оң бұрышында А әрпі бар крест түріне айналады.

Тіктөртбұрышпен қоршалған рамка (141-сурет) жасаңыз. Ол үшін мәтіндік блоктың басы орналасатын нүктеде тышқанды шертіңіз де, тышқан батырмасын жіберместен курсорды диагональ бойынша жылжытыңыз. Тышқан батырмасын жіберсеңіз рамканың айналасында ерекшелену маркерлері пайда болады, ал ішінде мәтінді енгізу курсоры пайда болады.

Пайда болған рамкаға пернелер тақтасынан мәтін енгізіңіз.

Text → Edit Text (Мәтін → Мәтінді редактрлеу) командаларының көмегімен немесе қасиеттер панелінің (142-сурет) оң бұрышында орналасқан Edit Text батырмасын шерту кезінде ашылатын, Edit Text (Мәтінді редактрлеу) диалогтық терезесінде мәтіннің үлкен блоктарын енгізу қолайлы болып табылады. Сондай-ақ Ctrl+Shift+T пернелерінің комбинацияларын пайдалануға болады.

Мәтінді енгізуді аяқтағаннан кейін Pick сайманын таңдап алыңыз немесе пробел пернесін басыңыз.

141-сурет



142-сурет
Жекелеген қатарға көркемдік мәтінді қосу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

Қолайлы масштабта құжат бетінің қажетті орнын таңдап алыңыз.

Саймандар панеліндегі Text Tool (Мәтін) белгісін таңдаңыз немесе F8 пернесін басыңыз. Тышқанның көрсеткіші төменгі оң бұрышында А әрпі бар крест түріне айналады.

Тышқанды шертіңіз. Таңдап алынған жерде мәтінді енгізу тігінен жыпылықтаған курсор пайда болады.

Шақыру процедурасы жоғарыда келтірілген Edit Text диалогтық терезесінің көмегімен немесе пернелер тақтасынан мәтінді енгізіңіз.

Көркемдік мәтінді енгізіп болғаннан кейін Pick сайманын немесе пробел пернесін басыңыз. Мәтін қатарының айналасында ерекшелену маркерлері пайда болады.

Text → Convert to Paragraph Text (Мәтін → Жай мәтінге түрлендіру) командаларын орындау кезінде мәтіннің типі ауыстырылады. Сондай-ақ Ctrl + F8 пернелерінің комбинациясын немесе мәтінде тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы ашылатын жанама менюден сәйкес команданы пайдалануға болады.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет