Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С


Стандартты фигураға мәтін қосу



бет8/20
Дата09.06.2016
өлшемі7.12 Mb.
#124772
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

Стандартты фигураға мәтін қосу


1. мәтін сайманын таңдаңыз.

Курсорды мәтін жағдайына өзгеретіндей етіп фигура абрисінің ішіне орналастырыңыз.

Мәтінді енгізіп, қарібін таңдап, форматтаңыз.
CorelDRAW-та түйіннің үш типін ажыратады:

тегіс түйін (smooth), тегіс қисықты (122-сурет) салу үшін тағайындалған. Екі бақылау нүктелері де, түйін де бір түзуде орналасады, бірақ жанама сызықтардың ұзындықтары әр түрлі. Бір бақылау нүктесінің орын ауыстыруы, бақылау нүктесінің бір жағынан қисық сызықты сегменттің қисықтығының сәйкес өзгеруіне әкеледі, ал келесі жақтың ұзындығы өзгермейді;

симметриялы түйін (symmetrical) көп жағдайда тегіс түйінге ұқсас – бақылау нүктелері де, түйін де бір түзудің бойында жатады (123-сурет), бірақ жанама сызықтар ұзындықтары бірдей. Бақылау нүктесінің біреуі қозғалған жағдайда екіншісі де қозғалады, яғни жанама сызықтар үнемі тең болады. Бақылау нүктесі орнының өзгеруі, жанама сызықтың қисыққа еңкею бұрышының сәйкес өзгеруіне әкеледі;

сүйір түйін (Cusp) объектінің қисығында сүйір бөліктерді жасау үшін пайдаланылады. Бұл түйіннің әр түрлі жағындағы жанама сызықтары бір түзуде жатпайды, демек, жанасқан қисық сызықты сегменттердің қисықтығы әр түрлі болады, ол мұндай түйіннен өтетін қисық сүйір бұрышпен иіледі (124-сурет). Әрбір сегмент үшін қисықтың радиусы мен жанаманың еңкею бұрышын, ұзындығы мен жанаманың еңкею бұрышынан өзгеруімен бір-бірінен тәуелсіз реттеуге болады, яғни бақылау нүктелерін жылжыта отырып.




122-сурет 123-сурет 124-сурет
Түйін типін өзгерту үшін ашылатын Shape Edit Flyout (Фигураны редактрлеу) тізімінде орналасқан Shape (форма) сайманын пайдалануға болады. Алдымен редактрленетін түйінді белгілеп алып, сонан соң тышқанның оң батырмасын басыңыз да, жанама менюден қажет пунктті таңдап алыңыз.

Қисық түйіндерін Shape сайманымен редактрлеу


Түйіндерді редактрлеу әр түрлі операцияларды орындауды білдіреді, соның ішінде жаңа түйіндерді қосу, қажет емес түйіндерді жою, түзу сызықтарды қисыққа түрлендіру және керісінше, түйіндердің орнын алмастыру және олардың бақылау нүктелерін манипуляциялау және т.б.

Барлық келтірілген операциялар Shape сайманының көмегімен орындалады, басқарушы элементтер қасиеттер панелінде көрініп тұрады (125- сурет), атап айтқанда:



125-сурет
Add Node (S) батырмасы – сіз тышқанмен шерткен жерде жаңа түйін жасайды;

Delete Node (S) батырмасы – белгіленген түйіндерді жояды;

Join two Nodes – екі түйінді біреуге біріктіреді;

Break Curve – белгіленген түйіндегі пішінді үзеді;

Convert Curve to Line – белгіленген түйінге жақын орналасқан қисықты түзу сызыққа түрлендіреді;

Convert Line to Curve – белгіленген түйіннің қасындағы түзу сызықты қисыққа түрлендіреді;

Make Node a Cusp Convert батырмасы – белгіленген түйінді сүйірлену түйініне түрлендіру;

Make Node Smooth – белгіленген түйінді тегіс түйінге немесе созылу түйініне түрлендіреді;

Make Node Symmetrical батырмасы – белгіленген түйінді симметриялық түрге түрлендіреді;

Reverse Curve Direction – пішіннің жасалу бағытын өзгертеді;

Extend Curve to Close батырмасы – түзу сызықтың белгіленген екі шеткі түйіндерін біріктіреді;

Extract Sub path батырмасы – белгіленген түйінді пішінді бөледі;

Auto Close Curve батырмасы – түзу сызықтың соңғы түйіндерін автоматты түрде тұйықтайды;

Stretch and Scale Nodes батырмасы – белгіленген түйіндерді жылжыту және масштабтау режимдерін орнатады;

Rotate and Skew Nodes батырмасы – таңдап алынған түйіндерді бұруға, еңкейтуге мүмкіндік береді;

Align Nodes батырмасы – белгіленген түйіндерді түралайды;

Elastic Mode батырмасы – икемді қисық режимін қосады;

Select All Nodes батырмасы – бір мезгілде барлық түйіндерді белгілейді;

Curve Smoothness батырмасы – белгіленген түйін қасындағы пішінді тегістеу деңгейін реттейді.

Бір немесе бірнеше түйіндерді белгілеу


Түйінде редакциялау үшін оны алдымен белгілеп алу қажет. Әдетте, бұл үшін Shape сайманын пайдаланады. Алдымен көрсетілген сайманмен қисықтың өзін, сонан кейін таңдалынған түйінді белгілейсіз. Бірнеше түйінді бір мезгілде белгілеу үшін Shift пернесін басулы күйде әрқайсысын кезекпен шертіңіз немесе белгіленетін түйіндердің ішінде пунктирлі рамканы созыңыз (126- сурет). Барлық түйіндерді бірден ерекшелеу үшін

Edit → Select → Nodes (Түзету → Бәрін ерекшелеу → Түйіндер) командаларын орындаймыз. Барлық түйіндерден ерекшелеуді алып тастау үшін, қисықтан тыс жерде, сурет салу терезесінің кез-келген нүктесінде шертіңіз. Түйіндер мен объектілерді, олардың жасалу ретімен ерекшелеу үшін, Tab пернесін басыңыз.

Shift + Tab пернелерін басу, түйіндер немесе объектілерді, олардың жасалуының кері ретімен ерекшелейді.

Түзу сызықты қисыққа тікелей және кері түрлендіру


Түзу сызықта бақылау нүктелері болмайды (127-сурет). Мұндай сызыққа бақылау нүктелерін қосу үшін, түзу сызықты қисыққа түрлендіру қажет. Ол үшін түзуді ерекшелеңіз немесе объектіні Shape (Форма) сайманымен ерекшелеңіз, сонан соң қасиеттер панеліндегі (128-сурет) Convert Line to Curve (Түзуді қисыққа түрлендіру) батырмасын шертіңіз. Түрленгеннен кейін түзудің бөлігінде екі жаққа бақылау нүктелері пайда болады (129- сурет).

126-сурет 127-сурет





128-сурет 129-сурет
Егер бізге кері операция қажет болса, яғни қисықты түзу сызыққа түрлендіру үшін Convert Curve to Line (Қисықты түзуге түрлендіру) (130-сурет) пиктограммасын пайдаланыңыз. Бақылау нүктелері жоғалып, қисық сызық түзуге айналады (131-сурет).


130-сурет 131-сурет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет