Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С



жүктеу 1.59 Mb.
бет4/20
Дата09.06.2016
өлшемі1.59 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Дәріс–13. Macromedia Flash бағдарламасы құралдарымен Web-кескіндерді өңдеу


Дәрістің мақсаты: Macromedia Flash бағдарламасының интерфейсін қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Macromedia Flash бағдарламасының мүмкіндіктері

2. Macromedia Flash бағдарламасының саймандар панелі.

Дәрістің тезисі:

FLASH бағдарламасы мүмкіндіктері:

Біріншіден, ол бізге кескінді жеңіл салуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ол сызықтардың түзу сызылуын бақылайды және де пайдаланушының қозғалыстарын түзейді. (бұл өте актуалды, егер суретті графикалық планшетпен емес, тышқанмен салса). Көпқабатты кескіндерді де жеңіл жасауға болады.

FLASH бағдарламасын пайдалана отырып, мәтіндік информацияны құрастыруға болады, және бұл бағдарлама пайдаланушы кейбір мәліметтерді енгізе алатындай формалар жасай алады. Бұл пайдаланушылық формалар HTML құралдары жасайтын формаларды еске түсіреді және солар сияқты іс - әрекет жасай алады. Мәтіндік өрістер қарқынды өзгере алады. Одан басқа да әртүрлі қосымша мүмкіндіктері бар (мысалы, кернинг және тренинг үшін инструмент өте ыңғайлы).

FLASH бағдарламасы арқылы әр түрлі анимациялар құруға болады. Осында траекториямен обьектілерді жылжыту үшін, морфинг үшін (морфинг дегеніміз бір обьектінің формасын басқаға айналдыру), бір обьектінің бөліктерінің тәуелсіз анимациясы үшін қолайлы инструменттер бар. Анимацияның басқа түрлері үшін де инструменттер бар. Бірнеше қабатты қолданудың арқасында тек қана қозғалыстағы немесе формаларын өзгертетін обьектілерді анимациялау ыңғайлы; бұл жағдайда компьютер статикалық обьектілерді қайта салуға өзінің ресурстарын кетірмейді. Одан басқа басқару элементтерінің көмегімен (мысалы, батырма, меню және тағы басқа) қолданушымен жеңіл қарым – қатынас ұйымдастыруға болады. Бұл элементтер арқылы анимацияны басқаруға және, мысалы, интернеттен қажетті ресурстарды жүктеу кезінде сервермен қарым – қатынас жасауға да болады.

FLASH бағдарламасы арқылы жасалынған анимация дыбыспен де сүйемелдене алады. Және бастапқы фонограмма үзіліссіз болса да керекті кадрларды белгілі бір дыбыстық эффектілермен жеңіл синхронизациялауға болады. Сондай – ақ кез келген қолданушының оқиғасына дыбыс қосуға болады (мысалы, тышқанның батырмасын немесе компьютердің пернетақтасының пернесін басқан кезде).

FLASH бағдарламасы арқылы автоматты түрде FLASH роликтері қолданылатын веб – беттері үшін HTML кодын генерациялауға болады және бұл жұмыстың нәтижесін басқа таралған форматтарға да экспорттауға болады. Мысалы, анимацияланған GIF – файлын алуға немесе бағдарлама сияқты жүктелетін бөлек орындалатын роликтің файлын құруға болады. Бұндай іске асыру тәсілінде FLASH роликтерінен бағдарламаларды жіберуге болады. Бірақ бірде – бір бағдарлама не нәрсені де сидыра алмайды. FLASH жүйесінде ыңғайлы интерфейс болғанымен, онда графикалық редакторлардың мамандандырылған кейбір әдеттегідей мүмкіндіктері жоқ. Мысалы, FLASH бағдарламасында AdobePhotoShop бағдарламасы сияқты көлеңке түсіру және фильтрлерді қолдана алмаймыз. Сондай – ақ үш өлшемді обьектілерді құру инструментариийі жоқ (мысалы, 3D StudioMax бағдарламасында сияқты) және дыбысты редактрлеу мүмкіндіктері тым нашар.

Егер сіз өзіңіздің ролигіңіз үш өлшемді сценалар немесе редактрленген дыбысты қолданғыңыз келсе, онда болашақ роликтің фрагменттерін мамандандырылған бағдарламалар арқылы алдын – ала өңдеп алу дұрыс болады. Дегенмен FLASH бағдарламасы (әсіресе графика – анимациялық бөлімінде) кәсіби бағдарламалық пакеттерге өте жақын мүмкіндіктер ұсынады. Ал кейбір жағдайларда әуелі олардың көзқарасы жағынан қолдану ыңғайлылығы бұл көп жақты бағдарламаны құрастырушылардың негізгі мақсаты болады.

FLASH бағдарламасының ескі нұсқаларында сценарийлардің командалары бірден кез келген програмист емес адамға өте оңай және ыңғайлы болған.

Бір қызығы, басқа көп бағдарламалардан гөрі кейбір қарапайым операцияларды FLASH бағдарламасында орындау әлдеқайда ыңғайлы. Бұл қоланушы интерфейсінің алдын – ала ойластырылғанның арқасында.

FLASH бағдарламасының құралдар панелі

FLASH бағдарламасының негізгі терезесінде құралдар панелін, роликпен жұмыс істейтін жұмыс үстелін және қосымша панелдерді көруге болады.

Енді құралдар панелімен таныссақ. Суретте көрсетілгендей ол төрт бөлімнен тұрады. Жоғалғы бөлігінде обьектіні салу және трансформациялау үшін Tools (құралдар) деген құралдар орналасқан. Сонан соң кескінді басқаратын құралдар орналасқан, яғни View (вид) Оларға: “руки” (Hand tool) және “лупа” (Zoom tool) арқылы оның масштабын үлкейтуге немесе кішрейтуге болады (кішрейту үшін жұмыс үстеліне тышқанды Alt пернесін баса отырып шерту керек) Бұл екі құрал роликтің кескінін ғана басқарады, ал оның мазмұнына әсер етпейді. Ары қарайда құралдар панеліне түс таңдайтын Colors (түстер) құралдары орналасқан. Бұл арқылы контурдың және бояудың түсін оңай таңдауға болады. Ең ақырғы ол Options (параметрлер) құрылады.

Өзін-өзі тексеруге тапсырмалар:

Flash редакторының мүмкіндіктерін атап беру

Flash редакторының құралдар сайманы панеліндегі саймандарды атап беру


8 тақырып. Сызу жұмыстарын автоматизациялау программалар пакеті. AutoCad жүйесі.

14,15 - дәріс. AutoCad графикалық жүйесінің ерекшеліктері және артықшылықтары

Дәрістің мақсаты: Сызба графикасының ерекшеліктерін студенттерге таныстыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

AutoCad графикалық жүйесінің ерекшеліктері

AutoCad графикалық жүйесінің артықшылықтары
Дәрістің тезисі: Сызу жұмыстарын автоматизациялау программалар пакеті AutoCad сызу жұмыстарына арналған қуатты құрал болып табылады. Ол сіздің нұсқауыңыз бойынша сізге қажетті сызбаның тез және дәл, нақты генерациясын алуды қамтамасыз етеді. Бұл программа сонымен қатар сізге сызу барысында жіберілетін қателерді оңай жөндеуге және үлкен дәлдеп түзетулерді бүкіл сызба жұмысын қайтадан құрмай-ақ орындауға мүмкіндік береді. Ол программа сызудың таза, нақты және соңғы вариантын генерациялайды. AutoCad жүйесі сіз үшін жұмыс істейді. Сызбаңызға «өзінен» ешнәрсе қоймайды. AutoCad жүйесінің көмегімен дайындалған сызба сіздің асықпай анық қолмен дайындаған сызбаңызбен ойша бірдей болып келеді. («Ойша» дейміз себебі AutoCad жүйесі өзінің мүмкіндіктеріне байланысты оның нақтылығын арттырады). Сіздің сызбаңыз нұсқауыңыз бойынша дәл болады, және әрбір элемент қалаған орныңызда дәл орналасады.

AutoCad программалар пакеті сіздің микрокомпьютеріңізге арналған қосымша сызба жұмыстарының жүйесін ұсынады. Сызба жұмысын автоматизациялаудың қосымша жүйелері өте қуатты құрал болып табылады. Есептеу жүйесінің пайдалануымен дайындалған сызбаны дайындау және модификациялаудағы жылдамдық пен жеңілдігі қолмен сызудан қарағанда көп уақыт үнемдеуін қамтамасыз етеді. AutoCad жүйесі микрокомпьютер қолданушыға бұрын тек үлкен және қымбат есептеуіш жүйелерінде ғана мүмкін болған үлкен мүмкіндіктерді береді.

Негізінен алғанда AutoCad жүйесін пайдаланғанда сызба жұмыстарына шектеу жоқ. Егер сызба қолмен дайындалған болса, ол компьютермен де генерацияланған болу керек.

Төменде жүйенің кейбір мүмкіндіктері көрсетілген:

барлық архитектуралық сызбалар

интерьерді жобалау және орналастыруды жоспарлау

технологиялық сызбалар және ұйымдастырылған диаграмалар

кез келегн қисықтар

электронды, химиялық, құрылыстық және машина жасаудағы қосымшаларға арналған сызбалар.

Графиктер, математикалық және т.б. ғылыми функцияның көрінісі.

Суреттер салу.

Қазіргі кезде Автокад жобалық-сызба жұмыстарының автоматизациясының стандартталынған жүйесіне дейін өсті. Компьютерлік техникалық ақпараттық құралдарының жақсы дамуы Автокадты ойлап шығарушылардың оны екі өлшемді жазық сызбалар жасауға, сонымен қатар күрделі көлемді концтрукцияларды модельдеуге, әр түрлі сандық және символдық массивтермен байланысты құрылымдық жүйелер құруға мүмкіндік туғызды. Жүйенің аты ағылшын тіліндегі қысқартылған “Automated computer Aided Drafting and Design” сөз тіркесінен алынған, аударғанда «ЭВМ көмегімен автоматизацияланған сызба салу және жобалау» және бұны былайда түсінуге болады: автоматизацияланған жобалауды программалау жүйесі.

Автоматизацияланған жобалау есептегіш техника қолданылатын бірден-бір маңызды облыс. Компьютер технологтар мен құрастырушыларға САПР толық мүмкіндігін береді, оларды қолмен жұмыс жасаудан босатады, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін САПР таратылуы баяу жүрген, оған 1-шіден себеп құрастырушы есептердің алгоритмдерінің қиындығы, 2-шіден құрастырушыға онша жақындатылмаған диолог пен компьютерлік жүйелер. Автокадпен жұмыс жасауды әр бір адам мыналарды білу керек: жүйеге қалай кіру керек, бұрын жасалған суретті қалай жүктеу керек, жаңадан қалай құру керек, оны қалай сақтау керек, түстермен, қабаттармен қалай жұмыс істеу керек т.б.

Auto CAD сызбалы - графикалық жұмыстарды автоматизациялау жүйесін басқарады. Auto CAD графикалық пакетінде сызба құруға қажетті барлық конструкторлар бар. Автоматизацияланған ортада қолмен сызу құралдары графикалық примитивтермен (нүкте, кесінді, шеңбер және т.б) оларды реттейтін командалар (өшіру, орын ауыстыру, көшіру және т.б), команданы құру примитивтері (ендік тапсырма, графикалық обьектілердің типімен түрі) сәйкес келеді. Керекті форматтағы беттерді және сызбаның масштабын таңдау үшін сызбаны баптауға сәйкес келетін командалар бар. Өлшемін алу үшін конструктор сызбаның өлшемін береді, өлшем, сызылған сызық және тіл (стрелка) және жазулар автоматты түрде орындалады.



(1 - сурет) Суретте AutoCAD – тың жұмыс экраны көрсетілген.

Бұл экранда төрт функционалдық зонаны ерекшелеуге болады:

Жұмыстық графикалық зона – бұл экранның ортасындағы үлкен зона, осы зонада сызба орындалады. Сол жақ төменгі бұрыштан қолданушының координаттық жүйесінің пиктограммасын табуға болады. Тіл бағыты осьтің үйлесімді бағытымен сәйкес келеді.

Жүйелік мәзір және құралдар тақтасы. Ең жоғарыдан тақырып жолын табуға болады, ал соның астында Auto CAD жүйелік мәзірі орналасқан. Одан төменде құралдар таұтасымен жабдықталған үш жол бар. Жұмыс зонасының сол жағында құралдар тақтасының «қозғалмалы» («плавающие») құралдар тақтасы орналасқан. Оларды экранның кез – келген жеріне орналастыруға болады. Auto CAD – та қажетті жағдайда қолданылатын басқа да көптеген құралдар тақтасы бар.

Командалық жол. Бұл экранның төменгі жағында жолдың алдына қарай орналасқан және командалық қорытынды шығару үшін қызмет етеді. Жүйелік диолог құруда осы команданың қозғаласын нақтылайды. Командалық жолда пернетақтаның көмегімен оның атын тере отырып жүйеге команда беруге болады.Егерде команда құралдар тақтасына немесе мәзір бөлігіне пиктограмма арқылы жіберілсе де командалық жолдағы реакция сәйкес командалық жүйеде де бейнеленеді. Қай команда болмасын алдыңғы команда аяқталғаннан кейін ғана орындалады. Бұл үшін командалық жолдан «Команда» командасын шақырамыз. Егер сіз басқа бір команданы шақырып қойсаңыз немесе осы командада қателессеңізосы команданы аяқтамай пернетақтадан ESC пернесін баса салуға болады.

Қалып күй қатары. Қалып – күй жолында перекрести координаталары бейнеленген. Олар тышқанның көмегімен перекересттің араласуы арқылы өзгертіледі. Келесіде жүйенің түрлі мәзірлерін , диологтық терезе олардың құралдарын толық қарастырамыз. Бірақ ең болмағанда графикалық примитив (мысалы, кесінді) сызып алмайынша бұл негізгі түсініктің мағынасын беру қиын болады. Сондықтан берілген нұсқауға көңіл бере отырып кесіндінің сызбасын тура сызу керек, содан соң оны өшіріп, қайтадан қалпына келтіру керек, соңында осы сызбаны сақтау керек. Сызбаны бастамас бұрын көз алдымызда сызылатын обьектінің барлық жобасы сиатындай зона болу керек. Программаны жіберу үшін немесе жаңа сызба сызу үшін көрінген зона және оның кеңістігі жобалаушыға қажетті мөлшерден аз болуы мүмкін. Көзбен шолып кіруге болатын үлкен зона AutoCAD экранының операциясы арқылы қамтамасыз етіледі де, қолданушының баптауына жатады және сызбаның шектелімі (лимит) деп аталады. Берілген шектелім жобаланған обьектінің суммарлы габариттық өлшемінен бірнеше есе басымырық болады. Сызбаның мөлшерін беру үшін жүйелік мәзірдегі Файл бөлімін таңдап, оның ішінен Параметры страницы және диологтық терезеден (2-сурет) беттің мөлшерін, өлшем бірлігін және т.б құру керек.
Өзіндік бақылау сұрақтары:

AutoCad графикалық жүйесінің ерекшеліктері

AutoCad графикалық жүйесінің артықшылықтары
8 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

 1 тақырып. Растрлық графиканың негізгі ұғымдары. Растрлық графикамен жұмыс істеу программалары. Adobe Photoshop бағдарламасының ерекшеліктері.

1 Практикалық жұмыс. Көлемді батырмалар құру

1-әдіс. Жаңа файл құрыңыз (фонның түсі - ақ). Шеңбер салыңыз. Фон түсі - қызыл, ал алдыңғы түс – қара қылып алдын-ала таңдап алып, бөліп алынған шеңберге градиентті құюды қолданыңыз.
Мәзірден Выделение → Модифицировать → Сжать командасын таңдаңыз. Қарама-қарсы бағытта жаңа шеңберге градиентті құюды қолданыңыз. Батырмаға әріп, сан немесе сөз енгізіңіз. Көлеңкемен толықтырыңыз (1-сурет).

1-сурет (нәтиже)


2-әдіс. Ең бірінші, дайындаманы салып алу керек. Ол үшін Rounded Rectangle (Бұрыштары дөңгелектелген тіктөртбұрыш, Скругленный прямоугольник) құралын немесе ерекшелеу құралдарының бірігуін пайдалануға болады. Біз екіншісін таңдайық, себебі, оны Photoshop-тың ескі версияларын пайдаланушылар да қолдана алады.

Rectangle Marquee (Тіктөртбұрышты ерекшелеу, Прямоугольное выделение) құралын алып өлшемі батырмаға сәйкес келетіндей аймақты ерекшелеп алыңыз. Содан кейін Elliptical Marquee (Эллипстік ерекшелеу, Эллиптическое выделение) құралын алыңыз және мәндер панеліндегі Add to Selection (Ерекшеленгенге қосу, Добавить к выделению) батырмасын шертіп, 2-суреттегіге сәйкес ерекшелеуді құрыңыз.

Ерекшеленген аймақты ақ түске бояп, оның көшірмесін алыңыз (Ctrl+C) және оны қойып (Ctrl+V), Free Transform (Еркін тасымалдау, Свободное трансформирование) құралының көмегімен оны айналдырыңыз. Нәтижесінде батырманың дайындамасын аламыз (3-сурет). Сосын батырма бөліктері орналасқан қабаттарды біріктіріңіз.

Сосын Paint Bucket (Құю, Заливка) құралының көмегімен батырманы басқа түске бояйық. Мысалы көк түс (R 85, G 140, B 187). Алайда ақ пен қарадан басқа кез келген түсті таңдай аласыз.


Дайындамаға қабаттың Bevel and Emboss (Скос және рельеф) стилін қолданайық: Layer → Layer Style → Bevel and Emboss (Қабат → Қабат стилі → Скос және рельеф). Оның баптаулары 4-суретте көрсетілген. Осы әрекеттің нәтижесі 5-суретте көрсетілген.

Осыдан кейін Layer Style (Қабат стилі) терезесін жаппай тұрып, құрылған стильге 6-суреттегі баптауларды бере отырып Gradient Overlay (Градиентті орнату, Наложение градиента) әсерін қосыңыз. Егер барлығы дұрыс орындалса, онда нәтижесі 7-суреттегіге сәйкес келуі керек.



Алдыңғы екі әсерге Inner Shadow (Ішкі көлеңке, Внутренняя тень) әсерін қосыңыз (8-сурет). Inner Shadow (Ішкі көлеңке, Внутренняя тень) әсерін қосқаннан кейінгі нәтиже 9-суретте көрсетілген.




Жаңа қабат құрыңыз (Shift+Ctrl+N). Жаңадан ерекшелеу енгізіңіз және оны басқа түске бояңыз (мысалы, R 111, G 176, B 225). Жаңа элементтің өлшемі мен формасын 10-суреттен көре аласыз.

Оны Gaussian Blur (Гаусс бойынша шаю) сүзгісінің көмегімен шайыңыз: Filter → Blur → Gaussian Blur (Сүзгі → Шаю → Гаусс бойынша шаю, Фильтр → Размытие → Размытие по Гауссу) (11-сурет).

Қайтадан жаңа қабат құрыңыз. Бірақ осы жолы ерекшелеуді батырманың жоғарғы бөлігіне орнатыңыз (13-сурет). Gradient (Градиент) құралын алып, ерекшеленгенді қарадан ақ түске өтетін стандартты сызықтық градиентпен бояңыз (14-сурет).



Layers (Қабаттар) палитрасын ашып градиенті бар қабат үшін Blending Options (Орналастыру мәндері, Параметры наложения) мәнін - Screen (Экран), ал Opacity (Мөлдір еместік, Непрозрачность) мәнін – 75% деп алыңыз. Нәтижесі 14-суретте көрсетілген.

Кез келген мәтін жазып, қабаттың Drop Shadow (Сыртқы көлеңке, Внешняя тень) стилінің көмегімен оған аздап көлеңке қосыңыз. Layers палитрасындағы мәтіні бар қабатты градиенті бар қабаттан төмен орналастырыңыз. Соңғы нәтиже 15-суретте көрсетілген.

2 Практикалық жұмыс. От түрінде жанып тұрған мәтін
Photoshop-та кез-келген жұмысты бастамас бұрын қолданыста болған бейнені ашу керек немесе жаңа бейне құру керек. Біздің жағдайымызда біз жаңа бейнемен жұмыс істейміз. Кез-келген өлшем беріп, Crayscale (Жарты тондық) режимінде бейне құрыңыз. Фон түсі ақ болуы керек. Horizontal Type (Көлденең орналасқан мәтін) құралын пайдаланып сөзді қара әріптермен жазыңыз. Біз жұмыс істейтін сөз 16-суретте көрсетілген. Мәтіннің өлшемі мен формасын оны жазып болғаннан кейін де өзгертуге болады. Сызықтық өлшемдерін өзгерту қажет болған жағдайда көбінесе Edit → Free Transform (Өңдеу → Еркін тасымалдау) командасы қолданылады (немесе Ctrl+T). Ал егер мәтінді майыстырып жазу (мысалы, шеңбер бойымен) керек болса, онда параметрлер тақтасындағы Create Warped Text (Мәтінді деформациялау) тетігін немесе мәтінді контур бойымен жазу мүмкіндігін пайдаланған дұрыс.

Енді мәтін орналасқан қабат пен фон қабатын біріктіру қажет. Бұл әрекетті Layer → Merge Down (Қабат → Алдыңғысымен біріктіру) командасын қолданып немесе Ctrl+E қос пернелер комбинациясын басу арқылы орындай аламыз.

Келесі сатыда алынған мәтінді кристалдаңыз. Кристалдау сүзгісі Filter → Pixelate → Crystallize (Сүзгі → Безендіру → Кристалдау) мәзір командасы арқылы орындалады. Crystallize (Кристалдау) диалогтық терезесінде кристалдаудың ұяшық өлшемін 3–5 пиксел аралығында беріңіз (17-сурет).

Ал енді бейнені шайыңыз. Ол үшін Caussion Blur сүзгісін қолданыңыз, яғни

Filter → Blur → Caussion Blur (Сүзгі → Шаю → Гаусс әдісі бойынша шаю).

Шаюдың радиусы (Radius) бейненің өлшемі мен таңдалынған шрифтқа байланысты болады, яғни неғұрлым әріптер үлкен болса, соғұрлым радиусы да үлкен болуы ерек (18-сурет).

Image → Adjustments → Inverse (Бейне → Баптаулар → Инвертирлеу)

командасы арқылы немесе Ctrl+I қос пернелер комбинациясын басу арқылы сурет түсін инвертирлеңіз. Бұл команда барлық түстерді қарама–қарсы түстерге ауыстырады. Сіз Crayscale режимінде жұмыс істеп отырғандықтан қара түстер ашық түстерге, ал ашық түстер қара түстерге ауысады. Егер барлығы дұрыс орындалса, сіздің бейнеңіз 19–суреттегідей болады.


19-сурет. Кристалдағаннан және шайғаннан кейінгі мәтін


Бейнені сағат тілінің бағытына қарсы 900–қа бұрыңыз: Image → Rotate Canvas → 90 CCW (Бейне → Бұру → Сағат тілінің бағытына қарсы 900–қа) (20-сурет). Бұл амал келесі сатыда тек көлденең бағытта орындалатын Wind (Жел) сүзгісін пайдалану үшін қажет.

От жалынын әзірше ақ–қара түсті нұсқада жасайық, ол үшін Filter → Stylize → Wind (Сүзгі → Стилдеу → Жел) (21-сурет). Мұнда From the left (Сол жақтан соққан жел) ауыстырғышын таңдаңыз. Егер сізге жалын ұзындығы жеткіліксіз болса, онда Ctrl+F қос пернелер комбинациясын пайдаланып осы әрекетті тағы да қайталауға болады. Біздің мысалда ол екі рет қолданылған.




Шындыққа сай келу үшін от жалынына толқындар қосыңыз. Оны Filter → Distort → Ripple (Сүзгі → Деформациялау → Бұлдыр) командасы арқылы орындай аласыз. Біздің мысалда параметрлерге мынандай мәндер берілген: Amount (Әсер) – 50%, Size (Өлшемі) – орташа (Medium) (22-сурет).



Енді суретіңізді бастапқы қалпына бұрыңыз: Image → Rotate Canvas → 90 CW (Бейне → Бұру → Сағат тілінің бағытымен 900–қа), нәтижесі 24-суретте көрсетілген.


24-сурет. Көлденеңінен қойылған бейне
Filter → Distort → Ripple (Сүзгі → Деформациялау → Бұлдыр) командасын тағы бір рет қолданайық. Бірақ енді Amount – 30%, ал Size – High (Жоғары) болсын.

Енді от жалынын бояу ғана қалды. Ол үшін ең бірінші бейнені индекстелген түстер режиміне ауыстыру керек: Image → Mode → Indexed Color (Бейне → Режим → Индекстелген түстер). Осыдан кейін жартытондық бейнеге лайық түстік модельді таңдау керек. От жалыны үшін ең лайық команда: Image → Mode → Color table (Бейне → Режим → Түстік таблица) Осы кезде түстік таблицаның баптаулары бар диалогтық терезе пайда болады. Ашылатын тізімнен Black Body кестесін таңдаңыз (25-сурет).

Жұмыстың соңғы нәтижесі 26–суретте көрсетілген.


25-сурет. Түстік кесте 26-сурет (нәтиже).


3 Практикалық жұмыс. Алтын әріптер
RGB түстік режимінде жаңа бейне құрыңыз (Ctrl+N). Кез келген сурет салу немесе ерекшелеу құралын пайдаланып алтын кесегінің дайындамасын салыңыз (54-сурет).

54-сурет


Содан кейін Gradient (Градиент) құралын алып, Gradient Editor (Градиенттер редакторын) ашыңыз да, 55-суреттегіге сәйкес үлгі құрыңыз. Осының көмегімен біз кесекке алтынға ұқсас түс береміз.

55-сурет
Құрылған градиентті пайдаланып кесекті бояңыз (56-сурет). Алтын кесегінің ортаңғы бөлігіне градиенттің радиалды типін пайдаланған жөн. Алтын кесегі дайын болғаннан кейін Type (Мәтін) құралының көмегімен сөзді (57-сурет) сұр түспен жазыңыз. Массивті қаріпті (жартылай қарайтылған) таңдаған жөн, алайда қаріп өлшемін өте үлкен етіп алмаңыз.



56-сурет 57-сурет

Мәтінді өңдеуді ары қарай жалғастыру үшін оны растрға ауыстыру керек. Мәтін орналасқан қабатта тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, ашылған мәзірден Rasterise Layer (Қабатты растрлеу, Растрировать слой) командасын таңдаңыз.

Енді мәтінді ерекшелеңіз. Ең жеңіл әдіс - Layers (Қабаттар) палитрасындағы осы қабатта тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту. Ерекшеленгенді маска ретінде жеке каналға сақтаңыз. Ол үшін Channels (Каналдар) палитрасының төменгі жағында орналасқан, штрихталған сызықтармен шектелген, ақ дөңгелекке шертсе немесе Select → Save Selection (Ерекшелеу → Ерекшеленгенді сақтау, Выделение → Сохранить выделение) командасын орындау жеткілікті.

Жаңа ғана құрылған каналды екпінді күйге келтіріңіз (каналдар палитрасында оған шерту арқылы) және оны Blur (Шаю, Размытие) бөліміндегі радиусы 2-3 пиксель болатын Gaussian Blur (Гаусс бойынша шаю, Размытие по Гауссу) сүзгісінің көмегімен шайыңыз (58-сурет).

RGB каналына қайтып келіп, Layers (Қабаттар) палитрасын ашыңыз. Мәтін орналасқан қабат екпінді екеніне көз жеткізгеннен кейін, Filter → Render → Lighting Effects (Сүзгі → Жарықтандыру → Жарық әсерлері, Фильтр → Освещение → Эффекты света) командасын орындаңыз. Texture Channel (Каналдың текстурасы, Текстура канала) бөлімінде шайылған мәтін орналасқан каналды таңдаңыз. Қалған баптаулар мынадай (111-сурет): Light type (Қайнар көзі, Источник) - Spotlight (Прожектор), Intensity (Ашықтығы, Яркость) – 35,

Focus (Фокус) – 69, Gloss (Фактура) – 0, Material (Материал) – 69, Exposure

(Ұстап тұру, Выдержка) – 0, Ambience (Орта, Среда) – 8, баптаулардағы екі түс те – ақ.




58-сурет 59-сурет


Нәтижесі 60-суретте көрсетілген.

60-сурет


Әріптерге металды түр беру үшін түстік қисықтарды пайдалану керек: Image → Adjustments → Curves (Бейне → Баптаулар → Қисықтар, Изображение → Настройки → Кривые). 61-суреттегідей қисықты салыңыз.

Осы қисықты пайдаланғаннан кейінгі нәтиже 62-суретте көрсетілген.



Енді жазуды жарқыраған алтынға ұқсатып бояймыз. Ол үшін Image → Adjustments → Hue/Saturation (Бейне → Баптаулар → Түс/Қанықтылық, Изображение → Настройки → Тон/Насыщенность) командасын немесе Ctrl+U пернелерін пайдалану керек. Colorize (Түстендіру, Тонирование)-ке белгіше қойыңыз да, сырғымаларды жылжыту арқылы қажетті мәндерді беріңіз. Ал біздің жағдайда 63-суретте көрсетілген мәндер қолданылған.

Жазуға аз ғана көлеңке қосу арқылы нәтижені жақсартуға болады. Ол үшін қабаттың Drop Shadow (Сыртқы көлеңке, Внешняя тень) стилін қолданыңыз: Layer → Layer Style → Drop Shadow (Қабат → Қабат стилі → Сыртқы көлеңке, Слой → Стиль слоя → Внешняя тень). Оның баптаулары 64-суретте көрсетілген.


63-сурет 64-сурет


Егер сіздің бейнеңіз жеткілікті мөлшерде ашық болмаса, онда оны алдыңғы мәзірдегі Brightness/Contrast (Ашықтық/Контраст) командасы-ның көмегімен жөндеуге болады.
Соңғы нәтиже 65-суретте көрсетілген.

65-сурет (нәтиже)


4 Практикалық тапсырма. Фотомонтаж жасау
Кез келген өлшемдегі жаңа бейне құрыңыз. Белгілі бумадан, алдын-ала сақталған, өзіңізге ұнайтын портретті ашыңыз. Біздің жұмыста 97-суретте көрсетілген портрет таңдалынып алынды.


97-сурет. Ашылған портрет


Осы портретті бейнеге орналастырыңыз. Ол үшін суреттің үстіне апарып тышқанның сол жақ тетігін басып тұрып бейне үстіне апарыңыз.

Өз фотосуретіңізді сканерден өткізіп, оны файлда сақтаңыз. Осы фотосуретті

Photoshop-та ашыңыз (98-сурет).

Layers (Қабаттар, Слои) палитрасын ашып жаңа қабат құрыңыз. Ол үшін палитраның төменгі жағында орналасқан ақ қағаздың суреті бар батырманы шертіңіз немесе келесі команданы таңдаңыз: Layer → New → Layer (Қабат → Құру → Қабат). Лассо құралының көмегімен өз фотосуретіңіздегі керек аймақты бөліп алып, құрылған қабатқа орналастырыңыз.

Барлық қабаттарды біріктіріңіз (Shift+Ctrl+E). Ең соңғы нәтиже 99-суретте көрсетілген.

98-сурет 99-сурет. (соңғы нәтиже)

5 Практикалық жұмыс . Кемпірқосақ суретін салу
Ең алдымен керек фотосуретті таңдап алыңыз. Ондағы аспан анық көрінуі керек және бұлттары жоқ болса тіптен жақсы. Бірақ бұлттар үлкен қиындық туғыза қоймас, себебі бұлтты аспанды ашық аспанға түрлендіру өте жеңіл. Ол үшін ерекшелеу немесе бүркемелеу (маскировать) құралдарының көмегімен аспан бөлігін ерекшелеп алып және оны көк түсті градиентпен бояу жеткілікті.

Төменде таңдалынған сурет көрсетілген (100-сурет).



100-сурет


Бізге жаңа қабат керек (Shift+Ctrl+N). Gradient (Градиент) құралының көмегімен жаңа үлгі құрыңыз. Оның баптаулары 101-суретте көрсетілген. Біз радиалды (Radial) градиентті қолданамыз. Себебі, градиентті орналастыру радиусы үлкен, ал кемпірқосақтың түстік құраушылары онда айтарлықтай жіңішке жолақты алып тұратындықтан, оны қолданудың нәтижесінде шындыққа сай кемпірқосақ саламыз.

Осының нәтижесінде градиенті бар қабат 102-суреттегідей болуы керек.





101-сурет

102-сурет










Енді кемпірқосақты артық қызыл және күлгін түсті (фиолетовый) аймақтарынан бөліп алу керек. Ол үшін кез келген ерекшелеу құралын пайдалануға болады, мысалы, Elliptical Marquee (Эллипстік ерекшелеу, Эллиптическое выделение). Алдымен кемпірқосақтың сыртқы контурын ерекшелеп алу керек (ыңғайлы болу үшін Shift пернесін басуға болады). Сосын алдын-ала Alt пернесін басып, күлгін түсті аймақты ерекшелеуден алып тастаңыз. Нәтижесі 103-суреттегідей болуы керек.

Shift+Ctrl+I пернелерін басу арқылы ерекшеленген аймақты инвертирлейміз. Сосын артығын өшіріңіз (Delete). Бейне 104-суреттегідей болады. Сосын ерекшелеуді алып тастауға болады (Ctrl+D).



103-сурет 104-сурет


Енді Gaussian Blur (Гаусс бойынша шаю, Размытие по Гауссу) сүзгісін қолданыңыз: Filter → Blur → Gaussian Blur (Сүзгі → Шаю → Гаусс бойынша шаю, Фильтр → Размытие → Размытие по Гауссу). Оның баптаулары 105-суретте көрсетілген.

Free Transform (Еркін тасымалдау) құралының көмегімен қабатты жылжытыңыз (106-сурет) . Бұл нұсқа көмегімен тек қабаттың орнын ауыстырып қана қоймай, кемпірқосақтың өлшемін өзгертуге және оны кішкене бұруға болады.


105-сурет 106-сурет


Қазір біз аспанда орналаспаған градиентті алып тастауымыз керек. Оны өшіргішпен (ластик) өшіру өте қиын. Сондықтан пейзаж орналасқан қабатқа өтіңіз және Magnetic Lasso (Магнитті лассо) құралын таңдаңыз. 107-суретте көрсетілгендей етіп бедердің кедір-бұдырларының бойымен жүріп өтіңіз (қалған бөлікті қалағанынша ерекшелеуге болады, ең бастысы, оған жойылуы керек кемпірқосақтың бөлігі кірсе жеткілікті).

Градиенті бар қабатқа қайта өтіп, артық бөлікті өшіру үшін Delete пернесін басыңыз. Сосын Layers (Қабаттар, Слой) палитрасында Opacity (Мөлдір

еместік, Непрозрачность) баптауының мәнін 30-50%-ға өзгертіңіз. Соңғы нәтиже 108-суретте көрсетілген.

107-сурет 108-сурет (нәтиже)



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет