Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С


Көпбұрыштар мен жұлдызшалар салу



бет7/20
Дата09.06.2016
өлшемі7.12 Mb.
#124772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

Көпбұрыштар мен жұлдызшалар салу


Көпбұрыш (Poligon) құралы көпбұрышты фигураларды салу үшін берілген. Биіктіктігін 3 тен 500-ге дейінгі аралықта беруге болады. Көпбұрыш құралынан көпбұрыш фигурасынан басқа жұлдызша, көп бұрышты жұлдызша, спираль және тор көз бейнелері бар (121-сурет).

Егер де 5 саны берілсе, онда бесбұрышты көпбұрыштың бір бейнесі шығады. Ал егер де 20 немесе одан да көп бұрыш санын бергіңіз келсе, оны өзіңіз батырмалары арқылы өзгертесіз, сонда сізге жиырма бұрышты немесе одан да көпбұрышты фигура бейнеленеді.



Төменде градиентті боялған фигуралар:


көпбұрыш дұрыс жұлдызша күрделі жұлдыз

Көпбұрыштар мен жұлдыздарды өзгертуге болады, мысалы, жақтары мен төбелерінің санын, төбелерін үшкірлеу етуге болады.

Форма құралының көмегімен көпбұрыштың сыртқы бейнесін өзгерту мүмкіндігі бар.



  1. Полигон құралының көмегімен бес бұрышты бөліп аламыз.

Көпбұрыштың төбелерінің санын 11-ге жеткіземіз. Сол кезде бесбұрышымыз мынандай фигураға айналады.



Пайда болған фигураның бір бұрышын тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде центрге қарай жылжытамыз. Осы кезде фигурамыз мынандай күйге келеді. Пайда болған 11 бұрышты жұлдызшаның түсін қалауымыз бойынша әр түрлі түске бояймыз.








  1. мына формадан келесі фигураларды және т.б. фигураларды шығаруға болады.



Көпбұрышты пайдалана отырып, мынадай фигураларды салуға болады.





  1. Полигон құралының көмегімен жұлдызшаны бөліп аламыз.



Жұлдызшаны белгілей отырып, интерактивті контурдың көмегімен жұлдызшаны центрден бастап ішке қарай тартамыз. Құйылма арқылы түсін өзгертеміз. Осы кезде жұлдызшамыз мынандай түрге келеді.

Көпбұрышты пайдалана отырып, саймандар тақтасындағы интерактивті созу (интерактивное выдавливание) батырмасының көмегімен мына фигураларды алуға болады.




Көпбұрышты өзгерту


Көпбұрыштың жақтарының санын өзгерту – ол үшін қасиеттер панелінде көпбұрыштың, жұлдыздың, күрделі жұлдыздың жақтарының немесе төбелерінің санын енгізіп, Enter пернесін басу керек. Көпбұрышты жұлдызға ауыстыру үшін, көпбұрышты және форма сайманын таңдап, көпбұрыштың түйінінде тышқан батырмасын жылжыту арқылы қажетінше жұлдызша жасау керек.

Спираль салу


Спираль салудың екі түрі бар: симметриялы және логарифмдік. Симметриялы спираль біркелкі оралымдардан тұрады, ал логарифмдік орам айналған сайын оның қадамдары үлкейе түседі.


Тор салу


Торды бағаны мен қатарының санын көрсетіп салуға болады. Тор – тіктөртбұрыштардың тобы, оларды ажыратуға болады.

Саймандар қатарынан таңдап, қасиеттер панелінде жоғарғы сан

бағандар санын, төменгі сан – қатарлар санын көрсетіңіз. Егер торды центрінен бастап салу керек болса, SHIFT батырмасын басып тұрып, ал торлардағы ұялар өлшемі бірдей болу керек болса, онда CTRL пернесін басып тұрып салыңыз. Ал егер де, торды алып тастау керек болғанда, сайманын таңдап, Упорядочить → Отменить группировку командасын орындау керек.

Стандартты фигуралар салу


Дұрыс фигуралар коллекциясын пайдаланып, стандартты фигуралар салуға болады. Белгілі бір фигуралар, мысалы, негізгі фигуралар, бағыттауыш фигуралар, баннер фигураларын және ескертпе фигураларында глифтер бар. Глифті жылжыту арқылы фигураны өзгертуге болады. . Глиф – ромб түріндегі маркер, оны жылжыту арқылы фигураны өзгертуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет