Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С


№6 Практикалық жұмыс. Ғарышты салайық



бет5/20
Дата09.06.2016
өлшемі7.12 Mb.
#124772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

№6 Практикалық жұмыс. Ғарышты салайық


Бұл мысалда бірден үш табиғат құбылыстарын салу әдістері қарастырылады. Жаңа бейне құрыңыз. Бұл мысалдың басқа мысалдардан тағы бір айырмашылығы мұнда жұмысты «таза беттен» бастаймыз.

Ең бірінші жер шарын салудан бастайық. Elliptical Marqule (Эллипстік ерекшелеу, Эллиптическое выделение) құралын пайдаланып дөңгелек ауданды ерекшелеп алыңыз. Оны бейнеде төрттен бір бөлігі ғана қалатындай етіп орналастырыңыз.

D пернесін басу арқылы негізгі түстерді орнатыңыз (алдыңғы – қара; фонның түсі - ақ). Ерекшеленген аймаққа Render (Жарық түсіру, Освещение) бөліміндегі Clouds (Бұлттар, Облака) сүзгісін қолданыңыз. Содан кейін сол бөлімдегі Difference Clouds (Бұлттар қондыру, Облака с наложением) сүзгісін, ақ және қара түстердің бір–біріне өту мөлшері сізді қанағаттандырғанша, пайдаланыңыз (87-сурет).

Жер шарының қыртысы тегіс емес екендігін көрсетуіміз керек. Ол үшін келесі әдісті ұсынамыз: Filter → Texture → Craquelure (Сүзгі (Фильтр) → Текстура → Кракелюралар). Осы сүзгінің диалогтық терезесіндегі баптауларының мәнін өзгерте отырып, эксперимент жүргізіп көріңіз. Ал біздің мысалда қолданылған параметрлер мәндері 88-суретте көрсетілген.


Егер қаласаңыз осы сүзгіні, параметрлер мәнін азайтып беріп, тағы бір рет қолдануыңызға болады.

Жерді шар тәріздес етіп қалай көрсетеміз? Ол үшін: Spherize (Сфералау, Сферизация) сүзгісін пайдаланамыз: Filter → Distort → Spherize (Сүзгі → Деформациялау → Сфералау, Фильтр → Деформация → Сферизация) (89- сурет). Amount (Әсер, Эффект) параметрі ең жоғарғы мән қабылдау керек, ал Mode (Қондыру режимі, Режим наложения) параметрінің мәні сіздің қалауыңызша таңдалады. Осы операцияны бірнеше рет орындауыңызға да болады.

Жерді бояуды әр түрлі тәсілмен орындауға болады, бірақ келесі команданы пайдаланған тиімдірек: Image → Adjustments → Color Balance (Бейне → Баптаулар → Түстік баланс, Изображение → Настройки → Цветавой баланс).

Жерді қандай түске боясаңыз да қазір оның маңызы жоқ, себебі жұмыс соңында ол өзгеріп кетеді. Бірақ ыңғайлы болу үшін оны негізгі түске бояйық, яғни қоңыр немесе жасыл түске. Қолданылған баптаулары бар диалогтық терезе 90- суретте көрсетілген.

Түстік қисықтардың терезесін ашыңыз: Image → Adjustments → Curves (Бейне → Баптаулар → Қисықтар, Изображение → Настройки → Кривые). Түрлі түсті бейнелермен жұмыс істегенде қисықтардың көмегімен оның тек жарықтығын ғана емес, түсін де өзгерте аламыз. Жер шары бір түсті болмас үшін каналдардың әрқайсысын (түстік құраушыларды) жеке–жеке өңдеуіміз керек. Келтірілген мысалда 91-суретте көрсетілген қисықтар қолданылған.





Өзіңіздің суретіңізге байланысты, көлдер, таулар мен ормандар пайда болатындай етіп, түстерді өзгертіңіз. Керек болған жағдайда ортақ қисықты да өңдеуге болады.

Әсер ету радиусын үлкен емес етіп алып, Gaussion Blur (Гаусс бойынша шаю, Размытие по Гауссу) сүзгісін пайдаланыңыз. Бұл тек салынған сурет қиып алынған суретке ұқсамас үшін оның шеткі жақтарын жұмсартады.

Ғарыштан түсірілген жер шарының суретінен планетаның айналасы атмосфераның көгілдір жиегімен қоршалып тұратындығы бізге мәлім. Олай болса, оны көрсету үшін Gradient (Градиент) құралын пайдаланайық.

Layers (Қабаттар, Слои) палитрасын ашып жаңа қабат құрыңыз. Ол үшін палитраның төменгі жағында орналасқан ақ қағаздың суреті бар батырманы шертіңіз немесе келесі команданы таңдаңыз: Layer → New → Layer (Қабат) → Құру → Қабат, Слой → Создать → Слой).

Градиент параметрі орналасқан палитраға ауысыңыз. Қара және көк түстерден тұратын градиент құрыңыз немесе таңдаңыз. Қара түстің бір бөлігі мөлдір болатындай етіп тұнықтығын өзгертіңіз.

Құралдың баптауларында Radial (Радиалды, Радиальный) типін орнатып, көк түстің орналасу радиусы планета радиусынан үлкенірек болатындай етіп градиентті суретке орналастырыңыз. Градиенттің орналасуындағы кемшіліктерді түзету үшін еркін тасымалдау (CTRL+T) пайдалануға болады. Осы амалдың нәтижесі 92-суретте көрсетілген.

Егер градиент өте ашық түсті болып қалса, онда ол орналасқан қабаттың тұнықтылығын азайтамыз.

Енді ғарыштық кеңістікті құруымыз керек. Ол өте қараңғы екені бәрімізге белгілі, бірақ біркелкі қара түспен боясақ ол шындыққа жанаспайды және әдемі болмайды. Бұл жағдайда осындай түрлі табиғат құбылыстарын беруге арналған ең жақсы құрал – Clouds (Бұлттар, Облака) сүзгісі пайдаланылады.

Алдыңғы екі қабаттың ортасына тағы бір қабат қосыңыз. Атмосферасы бар қабатқа қайтып келіп, Magic Wand (Сиқырлы таяқша, Волшебная палочка) құралының көмегімен планета мен көгілдір жиектің сыртында орналасқан аймақтың барлығын ерекшелеңіз. Соңында құрылатын фонға өту процесі баяу жүру үшін шегін мүмкіндігінше үлкен етіп алыңыз.

Жаңа құрылған қабатқа қайтып келіп Clouds (Бұлттар, Облака) сүзгісін қолданыңыз: Filter → Render → Clouds (Сүзгі → Жарық түсіру → Бұлттар, Фильтр → Освещение → Облака). Мұндағы негізгі түстер қара және қою көк болуы керек. Қажет болған жағдайда, Image → Adjustments (Бейне → Баптаулар, Изображение → Настройки) мәзіріндегі Brightness/Contrast (Ашықтығы/Контраст, Яркость/Контраст) командасы-ның көмегімен түстердің ашықтығын баптауға және қабаттың тұнықтылығын өзгертуге болады.

Енді суретімізге жұлдыздар қосайық. Ол үшін Brush (Қалам, Кисть) құралын немесе Airbrush Capabilities (Аэрограф мүмкіндіктері, Возможности аэрографа) параметрін орнатып, оны аэрограф ретінде пайдалануға болады. Керекті қылқаламдар жүйесін орнатып, оның ішінен жұлдызға ұқсасын таңдап алып, оны бейненің бірнеше жеріне орналастырыңыз. Осыдан кейін суретіңіз 93- суреттегідей болу керек.

Ең соңғы қадам - кометаны салу. Оны жаңа бейнеге салған жөн. Кез келген өлшемдегі жаңа файл құрыңыз, бірақ ондағы сурет кейін ғарыш суреті бар бейнеге көшірілетінін ескеріп, оның өлшемін кішірек етіп алғаныңыз жөн. Бейне фоны қара болсын, ал алдыңғы жоспар ретінде ақ түсті таңдаңыз. Негізгі түске боялған дөңгелек құрыңыз. Ол үшін сіз фигураларды пайдалана аласыз.

Кометаға бұрыс пішін беру үшін Class (Шыны, Стекло) сүзгісін пайдаланыңыз: Filter → Distort → Class (Сүзгі → Деформациялау → Шыны, Фильтр → Деформация → Стекло). Баптауларға кез келген мән беруге болады, ең бастысы сурет біраз бұрмалануы керек. Сүзгінің диалогтық терезесі мен қолданылған баптаулар 94-суретте көрсетілген.




Комета құйрығын салу үшін Stylize (Стильдеу, Стилизация) бөліміндегі Wind (Жел, Ветер) сүзгісін пайдаланыңыз. Желдің қай бағытта болатыны маңызды емес, себебі керек болса бұл кометаны төңкеріп қоюға да болады. Бұл сүзгіні комета құйрығы жеткілікті мөлшерге ұзарғанша пайдаланыңыз (Бұл амалды қайталау үшін CTRL+F пернелер комбинациясын басуға болады). Комета құйрығын да бұрыс пішінге келтіру үшін Class (Шыны, Стекло) сүзгісін пайдаланып, комета формасын тағы да бұрмалаңыз.

Түс беру үшін түстік кестені пайдаланған тиімдірек, бірақ та бұдан бұрын келесі командалар тізбегін орындауыңыз керек: Image → Mode → Grayscale (Бейне → Режим → Сұр түс, Изображение → Режим → Оттенки серого), Image

→ Mode → Index Color (Бейне → Режим → Индекстелген түстер, Изображение

→ Режим → Индексированные цвета) және Image → Mode → Color Table (Бейне → Режим → Түстік кестелер, Изображение → Режим → Цветовая таблица).

Ашылған кестелер тізімінен Black Body деп аталатын кестені таңдап алыңыз. Осының арқасында бейне түгелімен қара–қызыл–сары түске боялып, нәтижесі 95-суреттегідей болады.






  1. -сурет. Түстік кестені пайдаланғаннан кейінгі нәтиже

Magic Wand (Сиқырлы таяқша, Волшебная палочка) құралының көмегімен кометаны ерекшелеп алыңыз. Жұмысты жеңілдету үшін фонды ерекшелеп, сосын ерекшеленгенді жасырып қоюға да болады (Shift+CTRL+I немесе Select

→ Inverse (Ерекшелеу → Инвертирлеу, Выделение → Инвертировать) . Алмастыру буферіне ерекшеленген аймақтың көшірмесін алып (CTRL+C), ғарыштың суреті бар бейнеге өтіңіз де кометаны сонда орналастырыңыз (CTRL+V). Кометаны қоюға ыңғайлы жерді белгілеу үшін және оның қисаюын беру үшін және де қажет болған жағдайда оны төңкеру үшін (оның құйрығының ұшы жерден бағытталуы керек) еркін тасымалдауды (CTRL+ T) қолданыңыз. Барлығын орындап болғаннан кейін бейне 96-суретке ұқсас болуы керек.

75-сурет. оңғы нәтиже)


2-тақырып. Векторлық графиканың негізгі ұғымдары. Векторлық графикамен жұмыс істеу программалары. Corel Draw бағдарламасы жайлы түсінік.

7 Практикалық жұмыс. CorelDRAW векторлық редакторында объектілермен жұмыс

Объектіге: сызықтар, фигуралар, графика, мәтін жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет