2. Жарықтандырғыш құралдар және олардың жіктелімі
Жарық құралы дегеніміз жарық көзінен және шамды бекітуге, электр торабына қосуға, жарық ағынын қажетті жаққа таратуға, шамның көз шағылды-ратын әсерін кемітуге, механикалық бүлінуден және сыртқы ортаның зиянды әсерінен сақтауға арналған құрылғылардан тұратын құрал.
Жарықтандырғыш деп өзінен аса қашықтықта емес (құралдың геометриялық өлшемдерінен 20 еседен қашық емес) нысандарды жарықтандыруға арналған құралды атайды.
Прожектор деп үлкен қашықтыққа арналған жарық құралдарын айтады.
Жарықтандырғыштарды жарық ағынын тарату сипаты, атқару міндеті, дайындалуы және орнату тәсілі бойынша кластарға топтастырады. Атқару міндеті бойынша жарықтандырғыштар ғимараттарға, ашық алаңдарға және басқа да нысандарға арналған болуы мүмкін.
Дайындалуы бойынша жарықтандырғыштар оларды қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғау дәрежесіне байланысты үш класқа (шаңнан қорғал-маған, шаңнан қорғалған, шаң кірмейтін) бөлінеді, ал ылғал әсерінен қорғау дәрежесіне байланысты сегіз класқа (ылғалдан қорғалмаған, тамшылардан қорғалған, саңылаусыз және т.б.) топтастырылады.
Жарықтандырғыштардың дайындалуы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету дәрежесіне де байланысты келеді.
Жарылудан қорғау дәрежесі бойынша жарықтандырғыштар жарылуға қарсы сенімділігі жоғарылатылған, жарылудан қауіпсіз және жарылудан өте қауіпсіз болып үш класқа бөлінеді.
Қызмет көрсетушілердің электр тогы әрекетінен қорғау дәрежесі бойынша жарықтандырғыштарды бес класқа топтастырады.
Орнату тәсіліне байланысты жарықтандырғыштар ілмелі, төбелік, қабырғалық, енгізілетін, үстелге қоятын, консольдік (бір шетінен бекітілген) болып бөлінеді.
Жарықтандырғыштың негізгі сипаттамалары: жарық таратуы, қорғау бұрышы және ПӘК.
Жарық ағынын электр тогымен қыздырылатын, ауасы сорып алынған арнайы шыны колбаға орналастырылған вольфрам қылы (вакуумдық шамдар) немесе газбен: азот, криптон, ксенон, аргон (газ толтырылған шамдар) толты-рылған шам жасайды.
Жасанды жарықтандыруға мынадай шамдар қолданылады:
1) қыздыру шамдары;
2) газразрядты шамдар.
Қыздыру шамдарының артықшылықтары: құрылысы мен қызмет көрсету қарапайым; жасалуы арзан.
Қыздыру шамдарының кемшіліктері: жұмыс ғұмыры төмен (2500 сағатқа дейін); жарық беруі төмен ( 7...20 лм/Вт).
Газрядты щамдар төменқысымды-люминесценттік және жоғары қысымды сынап-кварцтық болып жіктеледі.
Газразрядты шамдардың артықшылықтары: жарық бергіштігі жоғары (40...110 лм/Вт), жұмыс ғұмыры ұзақ (8000...15000 сағат), спектрдің кез келген бөлігінде жарық ағынын алу.
Газразрядты шамдардың кемшіліктері: кейбір тип шамдарының түс беруінің өзгеруі, ұзақ қызып жануы (кейде 10...15 минутке дейін), стробоскопия-лық эффект түзілу қауіптілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |