Жалпы жарықтандыру – барлық жарықтандырылатын алаңға қажетті көріну жағдайларын жасауға арналады. Ол бірқалыпты немесе оқщауланған болуы мүмкін.
Жалпы бірқалыпты жарықтандыру – бөлменің барлық алаңында жарықтатылынудың берілген деңгейде біркелкі таралуын қамтамасыз етеді және бірдей биіктікте орналастырылатын типі мен қуаты бірдей болатын жарықтандырғыштармен орындалады (2-сурет).
2-сурет
Жалпы оқшауландырылған жарықтандыру – жарықтандырылатын алаңның әртүрлі телімдерінде әртүрлі деңгейлі жарықталыну жасауға пайдала-нылады. Жарықтандырғыштардың типі, қуаты және орналасуы жұмыс орында-рының ерекшеліктеріне және орналасуына байланысты таңдап алынады. Бұл жүйеде жарық ағынының қажетті бағыты қамтамасыз етіледі және жұмыс бетінде көлеңкелер болмайды. Осы себептен жұмыс беті бірқалыпты жарықтан-дыруға қарағанда сапалы жарықтандырылады және қондырғылардың қуаты төмен болады (2-сурет).
Құрама жарықтандыру – жалпы және жергілікті жарықтандырудың бірге әрекет етуімен жұмыс бетінде қажетті жарықталыну деңгейі жасалынатын жарықтандыру (2-сурет).
Құрама жарықтандыру жұмыс бетінде жарықталыну деңгейін жоғары-латуға мүмкіншілік береді және қондырғылар қуаты жалпы жарықтандыруға қарағанда кіші болады.
Құрама жарықтандыру жүйесін пайдаланудың алғы шарттары мынадай: қажетті жарықталыну деңгейінің жоғарылығы; жұмыс беттерінің орнықты және бейтығыз орналасуы; жарық ағынының белгілі немесе айнымалы бағытта болуының қажеттілігі; жабдық бөліктерінің көлеңкеленуіне байланысты жұмыс беттерін жарықтандыруға жалпы жарықтандыруды пайдалануға болмай-тындығы.
Атқаратын қызметіне байланысты жасанды жарықтандыру мынадай болуы мүмкін (3-сурет):
а)жұмыстық, жұмысты орындау кезінде қалыпты көру жағдайларын, адамдардың жүруін және көліктің қозғалысын қамтамасыз етуге арналған;
б)авариялық, жұмыстық жарықтандыру кенеттен ажыратылғанда жұмыс-ты жалғастыруға арналған;
в)арнайы, бұған күзетшілік, кезекшілік, сигналдық, т.б. жарықтанды-руларды жатқызады.
3-сурет
Өндірістік жайларды жасанды жарықтандырудың қолданыстағы нормала-рында (СНиП 23-05-95) мөлшерлік (минималды жарықтану, көру өрісіндегі мүмкін жарықтық) және сапалық (фон, контраст, соқырлық көрсеткіші, жарық-тану пульсациясының тереңдігі) сипаттамалар реттеледі.
Номиналды жарықтандырудың шамасы төмендегі параметрлермен анық-талатын көру жұмысының жағдайларына байланысты белгіленеді:
а) көру нысанының өлшемі – жұмыс жүргізу кезінде көзбен көруді қажет ететін ең кіші өлшем;
б) фон – қарастырылатын көру нысанына тікелей жанасатын бет, ρ – ша-ғылу коэффициентімен сипатталады; ρ > 0,4 кезінде фон ашық, ρ = 0,2 .. 0,4 кезінде – орташа, ρ < 0,2 кезінде – фон күңгірт деп есептеледі;
в) нысанның фонмен контрасты, қарастырылатын нысан мен фон жарық-тықтарының қатынасымен сипатталады. Нысан контрасты К > 0,5 болғанда жоғары, К = 0,2 … 0,5 кезінде – орташа және К < 0,2 кезінде – төмен деп есеп-теледі.
Жарық қондырғысының жарықтехникалық бөлігін жобалауда төмендегіні таңдайды:
а) жарық көздері;
б) жарықталу мен қор коэффиценттері;
в) жарық берудің жүйелері;
г) шырағдандар, оларды орналастыру және ілу биіктігі;
д) әр бөлме бойынша белгіленген қуатты анықтайды.
Жарық қондырғысының сапасын анықтаудың маңызды факторы жарық берілетін нәрселердің анық көрінуі болып табылады.
Жарықтандырғыш қондырғыларды жобалауда жарық техникалық есеп міндеті жеке шамның қуатын және орнатылған барлық қондырғының қуатын анықтаудан тұрады.
Есептеуде ең алдымен берілген жарықты жасау үшін қажетті жарық ағыны анықталады, ал содан кейін жарық ағыны бойынша стандартты шамдар таңдалады.
Достарыңызбен бөлісу: |