Ca2+ катионның реакциялары.
Жалынның боялу реакциясы. Кальцийдің ұшқыш тұздары түссіз жалынды қызыл-кірпіш түске бояйды. Реакция фармакопеялық болып табылады.
Сұйылтылған күкірт қышқылы кальций иондарымен кальций сульфатының ақ тұнбасын түзеді:
СаCl2 + H2SO4 = СаSO4↓+ 2HCl
Тұндыруды кальций тұздарының концентрациялы ерітіндісімен жүргізу керек.
Аммоний карбонаты (NH4)2CO3 кальций карбонатын ақ тұнба түрінде тұндырады:
СаCl2 + (NH4)2CO3 = СаСО3 + NH4Сl
Кальцийді толық тұндыру үшін тұндырғыштың артық мөлшерін алу қажет.
Амоний оксалаты (NH4)2C2O4 суық және бейтарап немесе әлсіз сілті ерітінділерінде кальций оксалатының ақ түсті ұсақ кристалды тұнбасын береді:
СаCl2 + (NH4)2C2O4 = СаC2O4↓+ 2 NH4Cl
Тұнба сірке қышқылында ерімейді, бірақ минералды қышқылдарда жеңіл ериді. Реакцияны барий тұздары болған жағдайда жүргізуге болмайды. Бұл кальций ионына өте маңызды фармакопеялық реакция болып табылады.
Калий гексацианоферраты (II) кальций тұздарымен әлсіз қышқылды ортада, сірке қышқылында ерімейтін ақ түсті кристалды тұнба түзеді:
СаCI2 + K4[Fe(CN)6] + NH4Сl = СаКNH4[Fe(CN)6]2 ↓ + 3KCl
6. Микрокристаллоскопиялық реакция. Сұйылтылған күкірт қышқылы тұздарымен ине тәрізді CaSO4 кристалдарды құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |