Катиондардың бірінші аналитикалық тобы


Үшінші топ катиондары қоспасының анализі



бет12/33
Дата21.10.2023
өлшемі286.5 Kb.
#481338
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
ПОСОБИЕ АХ (2)

Үшінші топ катиондары қоспасының анализі.




а) Ba2+ иондарының қатысын зерттеу. Ең алдымен Ba2+ иондарының қатысын зерттеу қажет, себебі бұл иондар кальцийді ашуға кедергі жасайды. Ол үшін 5 тамшы зерттелетін ерітіндіні пробиркаға құйяды және қайнаған су моншасында қыздырады. Оған 2 тамшы калий хроматын қосады. Сары түсті тұнбаның түзілуі барий иондарының қатысын көрсетеді. Тұнба түзілген жағдайда тамшылатып хромат ерітіндісін тұнба бетіндегі ерітінді ақшыл-сары болғанша қосады. 2-3 мин су моншасында қыздырады және центрифугалайды. Мөлдір ерітіндіні бөліп алады да, кальций иондарын анықтайды.
б) Са2+ иондарының қатысын зерттеу. Барийді бөліп алғаннан кейін, 3 тамшы центрифугатқа 2-3 тамшы аммоний оксалатын (NH4)2C2O4 қосады. Егер кальций иондары қатысатын болса, кальций оксалатының ақ түсті тұнбасы түзіледі. Анализдің жүру барысы 2 қосымшада көрсетілген.

3.7. 1-3 аналитикалық топтар катиондарының жүйелік


анализінің орындалу барысы.

Жүйелік анализ барысында барлық топтардың катиондарының қоспасын екінші топтың катиондарын тұнбаға түсіргеннен кейін, үшінші топты күкірт қышқылымен тұнбаға түсіреді. Үшінші топтың сульфаттарынан басқада қорғасын (ІІ) сульфаты қатысады, ал кальций сульфаты толық тұнбаға түспейтінін ескеру керек. Кальций сульфатының ерігіштігін төмендету үшін ерітіндіге тұндыруға қажетті күкірт қышқылын қоспас бұрын, тең көлемде этил спиртін қосу қажет.


1. Үшінші топтың катиондарын тұнбаға түсіру. Екніші топты бөліп алғаннан кейін, 1мл центрифугатты пробиркаға енгізеді, 1мл 96%-тік этил спиртін қосады және араластыра отырып 2н H2SO4 тамшылатып тұнба бөлінуі тоқтағанша қосады. Тұнбаның толық түсуіне уақыт беріледі және толық тұнғаны тексеріледі. Тұнбасы бар ерітіндіні 5-6 мин су моншасында қыздырылады содан соң центрифугаланады. Түссіз центрифугатты бөліп алады. Онда бірінші, төртінші, бесінші және алтыншы аналитикалық топтардың катиондары болуы мүмкін. Тұнбаны бірнеше тамшы сұйылтылған күкірт қышқылы қосылған дистилденген сумен екі рет жуады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет