Катиондардың бірінші аналитикалық тобы



бет15/33
Дата21.10.2023
өлшемі286.5 Kb.
#481338
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
ПОСОБИЕ АХ (2)

2. Қызыл қан тұзы K3[Fe(CN)6] мырыш тұздарымен мырыш гексацианоферратының (III) қоңыр-сары тұнбасын береді:

3ZnCl2 + 2K3[Fe(CN)6] = Zn3[Fe(CN)6]2 ↓+ 6КСl


Тұнба хлорсутек қышқылында және аммиак ерітіндісінде ериді.


3. Сары қан тұзы K4[Fe(CN)6] мырыш тұздарымен әрекеттесіп мырыш-калий гексацианоферраты (II) ақ түсті тұнбасы түзіледі:

ZnCI2 + 2K4[Fe(CN)6] = Zn3K2[Fe(CN)6]2 ↓ + 6KCl


Реакция фармакопеялық болып табылады.


4. Аммоний (NH4)2S немесе натрий сульфиді бейтарап ерітінділерден мырыш ионын ақ аморфты түрінде мырыш сульфидін тұндырады:


ZnCl2 + (NH4)2S = ZnS↓ + 2NH4Cl

Реакция фармакопеялық.


5. Реакция құрғақ жолмен. Кобальт (ІІ) нитратына және мырыш тұзы ерітіндісіне малынған филтр қағазды жаққан кезде, кобальт цинкатымен жасыл түске боялған күл шығады (Ринман жасылы). Бұл кезе жүретін реакция:
Zn(NO3)2 + Co(NO3)2= CoZnO2 + 4NO2↑ + O2

Реакцияны жүргізуге А13+ және Сr3+ иондары кедергі жасайды.




Алюминий катионның (А13+) реакциялары


1. Күйдіргіш сілтілер алюминий тұздарымен ақ түсті алюминий гидроксиді тұнбасын түзеді:
АlСl3 + 3КОН = Al(OH)3↓ + 3KCl

алюминий гидроксиді тұнбасы амфотерлік қосылысқа жататын болғандықтан, ол сұйылтылған қышқылдарда және сілтінің артық мөлшерінде ериді де комплексті гидроксотұзын түзеді


Аl(ОН)3 + КОН = К[Аl(ОН)4]






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет