Казахстан Республикасы бiлiм жане гылыми министiрлiгi



бет19/101
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452659
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   101
umkd tkn

Желімдеп тану әдісі- жараны қорғаған, қоршаған ортаның зиянды әсерлерінен сақтау үшін қолданылады.

Орамал үшкіл тану үшін оның бір- біріне байлайды. Үшкіл орамалмен тану кез-келген дене мүшесіне жүргізіледі. Көбінесе ол қолды мойынға асуға қолданылады.

Сақпаншадан тану үшін ең кең бинтті немесе мақтадан жасалған матаның 95-80 см алады. Содан кейін оның 2 жағынан ортасынан ұзыннан бойын кеседі. Оның орталық кесілмеген жер қалдырады. Осы кесілмеген жермен зақымданған жерді жабады, ал қарқылған ұштарымен денені айқастыра байлайды.

Бинтпен тану -ең жеңіл түрі шеңберлеп тану. Оның барысында бинттің әр айналмасы үстіне бірі түседі. Ондай тану маңдайға, мойнға, білезік буынына балтырдың төменгі жағына жүргізіледі.

Сегіздіктен тану- дененің пішінінің дұрыс емес және күрделі болып келген жерінде қойылады. Дененің ондай жерлеріне балтыр, табан, иық, жамбас, алақан, желке жатады. Қайта оралатын тану жұмыр жерлерге қойылады. Бұл жағдайда бинттің айналымы тіке бағытта жүргізіледі. Осы жағдайда бинттің айналымын 90 қайыру арқылы қамтамасыз етіледі.

2. Күйік– бұл электр тогының, химиялық заттардың, жоғарғы температураның әсерімен организм клеткаларының зақымдануы. Күю түрлеріне: термиялық, химиялық және сәулелік жатады.

Термиялық күю- денеге жалын, қайнаған су, жанып тұрған, ыстық сұйықтық пен газ, қызған және балқыған металлдар тікелей әсерінен пайда болады. Зақымданудың ауырлығы әсер еткен температураның жоғарлылығына, ұзақтығына, көлемі мен жайылуына байланысты. Қатты күйіктер әсіресе жалын, қысымда тұрған будың әсерінен болады.

Химиялық күю- денеге жинақталған ққышқылдардың (тұз, күкірт, азот, сірке) және сілтілердің (күйдіргіш калий мен натрий, мүсәтір спирті, сөндірілген әк) әсері жатады. Зақымданудың ауырлығы мен тереңдігі химиялық заттың түрі, әсер ету ұзақтығына байланысты.

Сәулелік күю- ядролық жарылыстың жарық сәулесінен рентген, күн сәулесінен пайда болады. Ядролық зақымдану орталығында, сондай-ақ өрт кезінде зақымданушылардың көпшілігі күйіп қалуы мүмкін. Күйік от шашатын өртегіш заттарды тұтандырудың, қышқылдардың, сілтілердің әсері сияқты химиялық зардап тұрғысынын да болады. Өртенген адамның өмірін сақтап қалу үшін ең алдымен үстіндегі өрт шалған киімнің жалынынан өшіру. Ол үшін құмды, сазды, балшықты, түрлі кездемелерді пайдаланылады. Зардап шеккен адамды содан кейін ғана жанып жатқан ғимараттан, объектіден тыс қауіпсіз жерге шығарып, үстіндегі киген киімін шешіп алу керек. Денедегі күйген жерлерді стирильденген таза, күйікке қарсы қолданылатын арнаулы сульфалидті, синтомитцинді эмульциямен немесе вишневский майымен өнделген танғыш материалмен таңу керек. Күйікті танғаннан кейін оның үстіне пленка және жұқалап мақта салып бинтпен орап таңып тастау қажет. Дененің күйген жерін өңдеудің бір тәсілі оған хлроминнің, марганец қышқылы калийдің, фурацилиннің немесе риванолдың ерітіндісіне малынған және мезгіл- мезгіл малынып отырылатын таңғыш затпен орау болып табылады. Күйген адамға организмде су және тұз алмасу процесінің бұзылуына байланысты дәрігерлік алғашқы жәрдем дереу тұзды жылы су беру. Алғашқы дәрігерлік көмек күйген адамға көмек ертерек көрсетілсе, асқыну белгісі соғұрлым сирек байқалады. Адамның күю дәрежесін алақанмен өлшейді Киім нежамылғы жоғарғы температураның сақталу уақытын ұзартатын болғандықтан да күйген адамды жауып тастауға болмайды.



Күю дәрежелері:

І дәреже- дене қатты қызарып домбығады, 3-5 күннен кейін тері қотырланып сауыға бастайды.

ІІ дәреже- қатты қызарған теріде көлкілдек бүршік түзіледі. Бүршіктер мөлдір сары сұйықпен толады. Терінің тереңдегі қабаттарын зақымдайды, сондықтан терінің күйген беті асқынбаса, онда 1 аптадан соң тері барлық қабаттары кедір- бұдырсыз қалпында қалады.

ІІІ дәреже- ұлпалар жансызданып, қабыршақ пайда болады. Зақымданған жерде үлпілдек ұлпа түзіледі. Ол қосылған ұлпамен бірігіп дөрекі жұлдызша тәрізді тыртық қалдырады.

ІҮ дәреже- аса қатты жоғары температурасының әсерінен тері қарайып күйеді. Бұл күйіктің ең жоғары ауыр түрі. Тері, бұлшықет, сіңір, сүйек зақымданады. 3 пен 4 дәрежелерде зақымданған жерді тері жапсыру арқылы ғана жабуға болады.

Күйікті алақан, тоғыздық тәртібі әдістерімен өлшейді.



3.Үсу- төменгі төменгі температура әсері нәтижесінде организм ұлпаларының зақымдануы. Үсік шалу себептері: суықтың, желдің ұзақ ықпалы, жоғары ылғалдылық, ұзақ уақыт қозғалмау, шаршау, зардап шегушінің жалпы күйі- сырқаттануы, мас болуы, қанның кетуі. Адам аяқ киімнің тарлығынан, дымқылдығынан, салқын, суық қарлы жаңбырлы күндерде далада ұзақ қимылсыз қалудан да үсікке ұрынады. Тіпті 0 ден жоғары 3-7 температураның өзінде үсікке шалдығады. Көбінесе аяқ- қолдар,құлақ, мұрын ұштары тез, шапшаң үсиді. Организм қатты суынған кезде қан тамырлароы түйіліп тығындалады, қан айналымы, айырбас процестері бұзылады. Ұлпалардың өлуінің, тереңдігінің кеңдігі, төменгі темпераның созымдылығы мен төменгі температура ықпалының дәрежесіне байланысты.

Суықтың әсерінен бастапқыда дененің шымырлап тоңазуы, терінің ашығаны байқалады да, сонан соң тері ештеңені сезбей бозарып, аяқ-қол қимылдай алмай қалады. Нақтылы зақымдану мен оның көлемін тек суық әсері тоқтаған соң, кейде бірнеше күннен кейін ғана (үсіген жер ісінеді, қабыну немесе ткандердің жансыздануы пайда болады) анықтауға болады. Температура төмендегенде, қысты күнгі желді күндері денеде ашық жер қалдырмай қымтану жүру керек. Қатты аязда бетті үсітіп алмау үшін әлсін-әлсін тексеріп, ашық жерін уқалаған жөн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет