«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «11» желтоқсандағы №12 хаттамасымен бекітілген


-қосымша - Ішкі аудит тәуекелдерін басқару жүйесін бағалау өлшемдері



бет11/14
Дата09.06.2016
өлшемі1.29 Mb.
#125048
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


11-қосымша - Ішкі аудит тәуекелдерін басқару жүйесін бағалау өлшемдері

Менеджменттің рөлі:

Менеджмент тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесін ендіру мен іске асыруды қозғайды және қолдау көрсетеді. Тәуекел-менеджмент үшін жауапты құрылымдық бөлімше бөлінді және осы құрылымдық бөлімшенің басшысы тағайындалды. Менеджмент саясаткерлермен және корпоративтік басқару жүйесінің рәсімдерімен таныстырылды.


Мақсаттар

Өлшемдер

Бағалау

Тәуекел-менеджментті үйлестіру

  1. Тәуекел-менеджмент үшін жауапты құрылымдық бөлімше бөлінді және оның басшысы тағайындалды

  2. Тәуекелдерді басқаруға жауапты бөлімшенің/қызметкердің функциялары мен жауапкершілігі айқындалды. Үстіміздегі жылға міндеттер айқындалды.

  3. Тәуекелдерді басқару жөнінде шаралар қолданатын және тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалуын қамтамасыз ететін тәуекелдердің меншік иелері айқындалды

  4. «KEGOC» АҚ-тың тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға алдын ала қарау және Басқармаға ұсынымдар даярлау кеңестік-мәжілістік орган құрылды әрі ол Тәуекелдер жөніндегі комитет туралы Ережеге сәйкес жұмыс істейді.

  5. "KEGOC" АҚ Басқармасы мен Директорлар кеңесінің тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша уәкілеттіктері айқындалды.



Басшылық тарапынан қолдау

  1. Басшылық тәуекелдерді басқару жүйесі жөніндегі құжаттарды уақытында бекітеді

  2. Басшылық қызметкерлерді тәуекел-менеджмент негіздері бойынша оқыту жөнінде шаралар қолданады




Процесті ендіру

  1. Тәуекелдер мақсаттар мен міндеттердің мәнмәтінінде қаралады және стратегиялық жоспарлау, бизнес жоспарлау үдерістеріне анық кіріктірілген.

  2. Тәуекел-менеджменттің рәсімдері тәукелдің табиғаты мен әлеуетті әсеріне сайма-сай.

  3. Тәуекелдерді басқару жөніндегі қабылданған шешімдерді іске асыруды барлауға мүмкіндік беретін үдерістер бар.


Тәуекел-менеджменттің орындалуы үшін сыйақы

  1. Нақты қызметкерлер атқаратын тәуекел-менеджмент рәсімдерінің тиімділігін қоса отырып, мақсаттарға жетуді бағалау үшін үдерістер бар.

  2. Тәуекелдерді тиімсіз басқару жағдайында қызметкерлерге бара-бар шаралар қолданылады.


Сәйкестендіру:

Тәуекелдерді сәйкестендіруге тұтастық ұстаным қолданылады. Негізгі тәуекелдер басқару жөнінде қабылданатын шешімдерді негіздеу үшін сәйкестендірілген және жеткілікті бөлшектеумен құжатталынған. Дүркін-дүркін қайта қаралатын және жаңа тәуекелдерді қосу үшін пысықталатын тәуекелдер тізіліміне қолдау көрсетіледі.


Мақсаттар

Өлшемдер

Бағалау

Тәуекелдерді сәйкестендіруге тұтастық ұстаным қолданылады

  1. Тәуекелдерді сәйкестендіру үстірттелінген.

  2. Тәуекелдер өзінше идеялар мен жеке-дара қызметкерлердің көруін үйлестіруді көрсетеді.

  3. Бизнестің әрбір саласы жүйелі түрде қаралған.

  4. Тәуекелдер олардың салдарларына тәуелсіз сәйкестендірілген.

  5. Жетклікті дәрежеде операциялық та, стратегиялық та тәуекелдер қаралады.

  6. Ағымдық та, болашақтағы да тәуекелдер сәйкестендірілген.

  7. Тәуекелдердің бастапқы жиыны басшылық пен осы үдерістегі бизнес саласының тұтқалы өкілдерін қатыстыруды қамтамасыз ететін рәсімдер көмегімен сәйкестендірілді.

  8. Тәуекелдер жеткілікті дәрежеде олар туралы ақпарат ары қарайғы жұмыс үшін жеткілікті болып табылатындай бөлшектенген.







Негізгі тәуекелдер басқару жөніндегі қабылданатын шешімдерді негіздеу үшін жеткілікті бөлшектеуде құжатталынған

  1. Ұдайы негізде қайта қаралатын тізілім мен тәуекелдер картасы құрылып қолдау тапты.

  2. Тәуекелдер оларды басқару жөніндегі шешімдерді әзірлеу үшін жеткілікті дәрежеде қаралды.

  3. Барлық тәуекелдер бойынша оларды басқару жөнінде шешімдер қабылданды.




Тәуекелдер тізілімі қайта қаралады және жаңа тәуекелдерді қосу үшін жаңартылады

  1. Жаңа сәйкестендірілген тәуекелдерді қарауға үстірт шығаруға мүмкіндік беретін үдеріс бар.

  2. Тәуекелдерді ұдайы Тәуекелдер жөніндегі Комитет қарайды.



Бағалау:


Тәуекелдер қолданыстағы басқару әдістері ескеріле отырып сап түзейді. Тәуекелдер рейтингісінің пайдаланған тетігі бизнеске сәйкес келеді. Тәуекелдерді бағалау құжатталады, қайта қаралады және жаңартылады.


Мақсаттар

Өлшемдер

Бағалау

Тәуекелдер сап түзеді

  1. Тәуекелдер әрбір тәуекел үшін басталу ықтималдығы (жиілігі) мен басталу кезіндегі әсерді бағалау жолымен айқындалды, ол тәуекелдерді ірі, орташа және мардымсыз деп сап түзетуге мүмкіндік береді.

  2. Жоғарыда аталған сап түзеу әрбір тәуекелдің, оның ықтималдығы мен бағалау кезіндегі әсері негізді болып табылу үшін бизнес бөлімшелердің өкілдерінен және техникалық мамандардан тұратын топпен айқындалған.




Әрбір тәуекелді бағалау үстірт құжатталады

  1. Әрбір тәуекелді бағалау үстірт тіркелді және тәуекелдер тізілімінде құжатталды.




Тәуекелдерді бағалау қайта қаралады және жаңартылады

  1. Бағалауларды тәуекелдер жөніндегі комитет ұдайы негізде қарайды.







Тәуекелге сандық бағалау жүргізіледі

  1. Мүмкін жән орынды болған кезде әрбір тәуекел ақшалай түрде білдіріледі.

  2. Сандық бағалау әлеуетті ықтималдық пен қаржылық салдарларды назарға алады.



Тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды әзірлеу және таңдау:

Тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды жоғары басшылық мақұлдады.


Мақсаттар

Өлшемдер

Бағалау

Тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралар не әрекет жасайдй не ендіріліп жатыр

  1. Әрбір тұтқалы тәуекелге тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарына кіргізу үшін шаралары әзірленді.

  2. Тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралар құжатталынды және оларды атқару мониторингі жүргізілуде.

  3. Тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды жоғары басшылық мақұлдады.




Основные носители рисков определены

  1. Тәуекелдердің меншік иелері айқындалды.

  2. Қажет кезде тәуекелдерді 3-тұлғаларға ауыстыру жүзеге асырылады.



Тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды іске асыру:

Тәуекелдердің меншік иелері тиісті тәуекелдерді басқару үшін өз жауапкершілігін түсінеді. Олар қажетті білім мен тәжірибеге, сондай-ақ тәуекелдерді басқару үшін керекті уәкілеттіктерге ие.



Мақсаттар

Өлшемдер

Бағалау

Тәуекелдердің меншік иелері тәукелдерді басқару үшін өз жауапкершілігін түсінеді

  1. Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар бойынша жауапты орындаушылар айқындалды.

  2. Жауапты орындаушылар тәуекелдерді басқару жөніндегі мақұлданған шараларды іске асыру үшін жауапкершілікті түсінеді және қабылдайды әрі мониторинг жүргізу үшін олардың орындалуы мен есептемелігін қамтамасыз етеді.




Тәуекелдердің меншік иелері тиісті білім мен тәжірибеге ие болады

  1. Тәуекелдердің меншік иелері тиісті тәуекелдерді басқару үшін қажетті білімге, тәжірибеге және уәкілеттіктерге ие болады әрі оларға жүктелген функцияларды атқарады.

  2. Қажет кезде қызметерлерді оқытуды жүргізеді.




Жауапкершілі құжатталынды

  1. Тәуекелдердің меншік иелері тәуекел-менеджерлердің тізілімінде тіркеледі. Қызметкерлер ауысқан кезде (босатылуы, жаңа еңбеккерлерді қабылдау, жылжу және т.с.с.) тәуекелдер тізілімі жаңартылуы тиіс.

  2. Тәуекелдерді басқару тәуекелдердің меншік иелерінің (тәуекел-менеджерлерінің) атқарушылық міндеттерінің бөлігі болып табылады.



Мониторинг және талдау:

Тәуекелдерге ұдайы мониторинг, талдау мен жаңартылу және оларды басқару жөнінде шаралар жүргізіледі (жыл сайын). Сондай-ақ тұтқалы бизнес процестерге, бақылау жүйелері мен әдістеріне талдау жүргізіледі.


Мақсаттар

Өлшемдер

Бағалау

Тәуекелдерді басқару үшін жауапты құрылымдық бөлімше тәуекелдер мен басқару жөніндегі шаралардың ахуалын талдайды


  1. Тәуекелдерді басқару үшін жауапты құрылымдық бөлімше тәуекелдерді басқару жүйесіне, әрбір тәуекелдің жай-күйіне және оларды басқару шараларына мониторинг жүргізеді.

  2. Тәуекелдерді басқару үшін жауапты құрылымдық бөлімше Тәуекелдер жөніндегі комитет алдында тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту, тұтқалы тәуекелдер және тәуекелдерді басқару ахуалы туралы есеп береді.




Ұдайы неізде мониторинг, талдау және жаңарту жүргізіледі

  1. Іс-шаралар жоспарын орындауды қамтамасыз ету үшін тәуекелдер жай-күйі және оларды басқару жөніндегі шаралар туралы тәуекелдердің меншік иелерінен ұдайы есептеме жұмыс істейді және жоспарға сәйкес орындалмайтын шаралар арнайы бөлінеді





Тиісті тексерістер үдерісі бар

  1. Тұтқалы тәуекелдерге, шетінді бизнес процестерге, бақылау жүйелері мен әдістеріне тексерістер жүргізіледі.

  2. Тексерістер тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды бағалау жөніндегі келісілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

  3. Тексерістер жүргізетін қызметкерлер тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралар мен бақылау әдістерінің сапасын бағалау үшін жеткілікті дәрежеде білікті болуы тиіс .

  4. Сыртқы тексерістер нәтижелеріне мониторинг жүргізіледі және есептемелер тапсырылады (мысалы, ІАҚ тексерісі).



Есептеме:



Тұтқалы тәуекелдер мен оларды басқару жөніндегі шаралар Тәуекелдерді басқару жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарына және жаңартылатын жартыжылдық есептемеге кіргізілді. Тәуекел-менеджмент жөніндегі есептеме терге кіріктірілдіизнес процессы.


Мақсаттар

Өлшемдер

Бағалау

Тұтқалы проблемалар және оларды шешу шаралары Тәуекелдерді басқару және оны жаңарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына кірді

  1. Тәуекелдерді басқару жөніндегі жоспар өзіне сәйкестендірілген тұтқалы тәуекелдерді және оларды басқару жөніндегі шараларды кіргізеді.

  2. Тәуекелдерді басқару жөніндегі жоспар бұрын сәйкестендірілген тәуекелдер жөніндегі есептемені және оларды басқару жөніндегі шараларды, сондай-ақ жаңадан сәйкестендірілген тәуекелдерді және оларды басқару жөніндегі шараларды кіргізеді







Тәуекелдерді басқару жөніндегі жоспар бизнес жоспарға кіріктірілген

  1. Тәуекелдерді басқару жөніндегі жоспар бизнес-жоспарға кіріктірілген. Тұтқалы сәйкестендірілген тәуекелдер бизнес-жоспарға кірді.




Директорлар кеңесіне есеп бизнес процеске кіріктірілген

  1. Директорлар кеңесі мен Басқармаға есептерде тәуекелдерді басқару жөніндегі мәселелер көрсетіледі. Бизнес-жоспарлар мен ұсыныстарға, жобалар мен бюджетке тәуекел- менеджмент мәселелері кіреді.

  2. Мақсаттарға жетуге әсер ететін тәуекелдерді басқару туралы есептеме бизнес-жоспарлар мен ұсыныстарға кірігізілді.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет