Кәріпжанова айнұр оралқызы фразеологиялық коннотацияның прагмастилистикасы


Фразеологизмдердегі сандық символ



бет17/28
Дата05.12.2022
өлшемі275 Kb.
#466512
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
ainur09

2.2.4 Фразеологизмдердегі сандық символ
Фразеологизмдердің жасалуына ұйытқы болатын сөздердің бір тобы – сан есімдер. Фразеологизмдер құрамындағы сан есімдердің қолданысына І.Кеңесбаев: «Бұл сөздердің белгілі бір тізбек, тіркестерге түп қазық болу себебі халықтың ежелгі дәуірдегі ұғым-түсінігімен, салт-санасымен ұштасып жатыр. Фразеологизмдер ішінде бұл сөздер нақтылы сан мағынасында қолданылуы шарт емес»,-дейді [1, 612 б.]. Сан есімдер жеке дара айтылған кезде, абстракт сандық ұғымдардың атаулары ретінде қолданылады. Олардың нақты мағыналары өзге сөздермен қарым-қатынасқа түскенде ғана айқындалып отырады.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы сан атаулары ұйытқы болған фразеологизмдер: Махаббат үміткер боп бір Алладан; Болмаса бір құдайдан үміт-қуат; Бір Алладан басқадан күдер үзіп.
Ақын дүниетанымы бойынша Бір – бұл тек Аллаға тән. Сонымен қатар бір саны белгілі бір бүтіндік, бірлік пен өркениеттікті білдіреді. Бір құдірет – он сегіз мың ғаламды жатарушы жалғыз Алла, бүкіл дүниені, адамзат пен тіршілікті жаратушы жалғыз Алла болса, бір саны жалғыз сөзімен мағыналас келуі түсінікті.
Бір санының халық тіліндегі қолданысы: бір құдайдың ұрғаны, бір құдайдан тілегенім, бір құдай біледі, бір Алла өзің жар бола көр, бір Аллаға тәуекел. Мәшһүр Жүсіп пен халық тіліндегі бір сан атауының прагматикалық қызметі бірдей. Бір санымен келген фраземалардың тіркесімділік қасиеті өте шектеулі екендігін Мәшһүр Жүсіп шығармалары арқылы да аңғаруға болады.
Екі саны – жұп сан болғандықтан, тұрақтылық, жұптылық символы болады. Мәшһүр Жүсіпте: Жүзінде екі дүние кемдік көрмей, Құдайы қайда барса, медет болар; Екі дүние нұры – ғылым.
Осындағы екі дүние - діни ұғым. Бірі – тірліктегі кез, бұл – жалған дүние, екіншісі – адам қайтыс болғаннан кейінгі кез, бұл – шын дүние. Екі дүние тіркесін басқа да қаламгерлерден кездестіре аламыз (Абай, Шәкәрім) және діни коннотацияда жұмсалғанын байқадық.
Мифологиялық түсінік бойынша, әлем үш қабаттан тұрады: аспан, жер, жер асты. Сондай-ақ үш саны өткенді, қазіргіні, болашақты білдіреді. Қазақ халқы түрлі құбылыстарға баға беріп, олардың кейбір қасиеттеріне ерекше көңіл бөліп, бақылау жасаған. Тілімізде үш жұрт, Үш Жүз, үш күндік пәни, үш қайтара сәлем беру, ер кезегі үшке дейін, үш қайнаса сорпасы қосылмау, т.б. сияқты тұрақты тіркестер бар.
Мәшһүр Жүсіпте: Жұрт есіркеп үш қат бөз орамаса, Киімің жоқ кететін тағы киіп. Үш қат бөз фразалық байлаулы мағынадағы тіркесін пайдаланып, ақын жалған дүниеде қанағатшыл болу керектігін айтқысы келеді, адам баласы қанша бай болса да, бақиға тек үш қат бөз оранып кететінін айтады.
Үш жұртты өткізіпсің, ойлап тұрсаң (Мәшһүр Жүсіп).
Ақынның үш жұрт деп отырғаны халық қолданысындағы – өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты емес. Осы өлеңінде қаламгер адам өмірінің үш кезеңін, яғни, балалық шақ, жастық шақ, қарттық шақты айтады. Бұл ақынның өзіндік ерекшелігі, дүниетанымдық қабілеті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет