Кәріпжанова айнұр оралқызы фразеологиялық коннотацияның прагмастилистикасы



бет13/28
Дата05.12.2022
өлшемі275 Kb.
#466512
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
ainur09

2.2.1 Соматикалық фразеологизмдер
Ә.Болғанбаев: «Анатомиялық атаулар негізгі сөздік қорға жататындықтан, көп мағыналы, туынды жаңа сөз жасауға соншама бейімділігімен ғана сипатталмайды, сонымен бірге тұрақты тіркестер жасаудағы белсенді қызметімен де айрықша көзге түседі»,-деп, соматизмдердің фразеология жасаудағы маңызын айтады. [5, 107б].
Адам – күрделі де, айрықша құбылыс. Адам баласы басынан небір күйлерді кешіреді, олар қуанады, шаттанады, күледі, ашуланады, күйінеді, ренжиді, жақсы көреді, жек көреді. Бір сөзбен айтқанда адам бойындағы қасиеттер әр түрлі. Осындай қасиеттер қазақ тіліндегі соматикалық фразеологизмдерден де мол көрініс табады.
Соматизмдерді метафоралы қолдану Мәшһүр Жүсіп фразеологизмдерінде де бар. Олар көз, құлақ, іш, ауыз, тіл соматизмдерінің қатысуымен жасалады. Көзіңнің бір қарап қой ұшыменен, Сырты түгіл үйірілсін ішіменен; Кем-кетік, жоқ-жітікке қайырылысып, Қаріп пенен қасерді көзіңе іл; Көзге түс, ауызға ілін, майданға кел; Бірі боп көзге күйік, жүрмей-ақ қой; Ғылым мен ақылды бердім бұған, Бәрің бұған боласың құлақ кесті; Құмырсқа қыбырлайды, о да жүрсе, Жұрт құлағын салады ит те үрсе; Нашарға жаның ашып, ішің күйсе; Мұнымен түсті жастар жұрт алдына, Бос сөзге бейпіл ауыз желдей есіп; Бой тоқтатып өз аузын баға алмайды; Тілің ұзын болғанмен, қолың қысқа және т.б.
Қылады шүкір, сабыр білген адам, Ашылып жүрек көзі, көрген адам деген тіркестегі «Жүрек» сөзі – адамзат денесінің орталығы, оның өмірлік күшінің негізі болатындығы жалпыға белгілі, егер жүрек өзінің соғуын тоқтатса – онда адам да өз тіршілігін тоқтатады. «Жүрек» концептісі адамның рухани өмірінің орталығы болып саналатын сезім мүшесі ретінде қабылданып жүр. Мәшһүр Жүсіптің бұл жерде «жүрек» деп отырғаны – адамның ішкі жан дүниесі. Осылайша ел-жұртын үнемі адамгершілікке, имандылыққа шақырады. Ақынның айтуынша, маңдайдағы екі көздің болуы жеткіліксіз. Адамда ең алдымен «жүрек көзі» болуы керек. «Жүрек көзі» болса ғана адамда сабырлылық болады, сонда ғана адамға имандылық ұялайды дегенді айтқысы келеді. Абайда осы тіркеспен синонимдес «көкірек көзі» деген қолданыс бар:
Қарны тоқ хасса надан ұқпас сөзді,
Сөзді ұғар көкірегі болса көзді (Абай).
«Көкірек көзі» тіркесінде Абай аллитерацияны ұтымды пайдаланса, Мәшһүр Жүсіп «жүрек көзі» сөз әуезділігін, үйлесімділігін таңдайды және бейнелі жаңа фразеологизм жасап, поэтикалық қорды молайтады.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы соматикалық фразеологизмдерді қолдануда тек бейнелеу мақсатын ғана көздеп қоймайды, стильдік тұтастықты, дәстүр жалғастығын сақтау сияқты суреткерлік талаптарды сақтап отырады. Бұлардың барлығы коннотация қызметіне сәйкес келеді. Демек, коннотанттық компонент бейнеліліктің дамуы барысында пайда болады және фразеологизмдердің эстетикалық құндылығын арттыруға себепкер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет