Кәріпжанова айнұр оралқызы фразеологиялық коннотацияның прагмастилистикасы


Өшкенім өніп, өлгенім тірілгендей



бет21/28
Дата05.12.2022
өлшемі275 Kb.
#466512
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
ainur09

Өшкенім өніп, өлгенім тірілгендей. Әдетте «өшкені жанып» деп қолданылады. Ақын өлең нақышына қарай, әрі әуезділікті сақтау үшін «өніп» сөзін қолданады.
Жыландай тиген сайын, қарсы өрлеп, Түнерген бұлтты түндей ашулары деп, ақын өте күшейтілген және бейнелі тұрақты теңеуді алады. Бұл теңеу жағымсыз бейненің қасиетін ашу үшін қолданыс тапқан. Ақынның осы жағымсыз мінезді жақтырмауы сезімінің ықпалында экспрессияның реңкін, бояуын айқын аңғартып, байқатады.
Профессор Р.Сыздықтың «Фразеологизмдер – сандаған жылдар мен ғасырлардың қазынасы, бұл, бір жағынан, екінші жағынан, ол жеке қаламгердің табысы, еңбегі, ізденісі» деген тұжырымына сүйенетін болсақ, Мәшһүр Жүсіптің жеке табысы, еңбегі, ізденісі іспетті теңеулері ұлттық сипатты айқындаушы фразеологизмдер қатарына қосыла алатын рухани құндылықтар болуға әлеуеті жетеді. Ол диссертация барысында қарастырылды.



      1. Эпитеттер коннотациясы.

Эпитеттің айрықша белгісі – оның экспрессивті-эмоционалдық қызмет атқаратындығында. Сондықтан фразеологизмде эпитеттің алатын орны ерекше. Яғни, фразеологизмдерді эпитетсіз кездестіру мүмкін емес.
Көркем әдебиетте авторлық өңдеу, сұрыптау мәнерінде алынған эпитетті тіркестеравтордың прагматикалықмақсатын айқындап тұрады. Сондықтан қаламгердің қай-қайсысы да эпитеттің тұрақты жиынын да, өз қаламынан туған авторлық түрлерін де пайдаланады. Мәшһүр Жүсіп те осы дәстүрді сақтайды: Гүл жүзді, шырын сөзді, бал сілекей, Қара көз ақ жүзіне жарасқаны; Болғанда тілі інжу, төсі-маржан, Еті аппақ қара жерге жауған қардан. Ассоциативті түрде суреттеудің бұл түрі байырғы жырларда, көне жазбаларда не әдеби көркем туындыларда өте жиі кездесетін құбылыс. Себебі сұлулықты дәріптеудің де діни сипаты болған.
Жаратты пайғамбардың асыл нұрын. Ақын бір зат немесе құбылыстың сан қырлы сыр-сипатын бір ғана эпитеттің көлемінде бере біледі. Ислам шеңберінде үлгі алуға боларлық мәселелер қамтылған. Сахабалар бұл мәселені «Аллах Расулының әрекеттерінің міндетті түрде бізге қатысты жағы бар, біз соны үлгі етуіміз керек» деп, бар пейілімен қабылдаған. Шын мәнінде барлық адам Аллаһ Елшісінен әйтеуір жанын жақсылыққа бөлейтін, өзіне үлгі болатын көркем жақтарды көре алады. Мұны Құран Кәрім де ерекше атап, Аллаһ Тағала оған: «Сен керемет көркем мінез-құлыққа иесің...», - деген (Қалам сүресі, 4). Демек аяттың айтпақ болғаны Пайғамбарымыздың осы өмірде адамзат үшін үлгі-өнеге, бір жолбасшы екенін көрсету. Осы мәселелердің барлығын Мәшһүр Жүсіп бір ғана асыл нұр тұрақты эпитетінің бойына жинақтап, үлкен ойды айтады.
Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы тұрақты эпитеттерді саралағанда Құран хадистерін қолданғанын байқадық. Сонымен қатар, Мәшһүр Жүсіптің кейбір ой-пікірлері хадистердің мағынасымен үйлесім тауып жатса, кей жерде айтқан ойлары тікелей хадистерден туындағанын байқауға болады. Осы тұрғыда ақын қолданысындағы тұрақты эпитеттердің коннотациясы діни сипатта болып келетіні айқындалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет