Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әпекеттер жасаудың обьективтік және субьективтік белгілері
Іс жүзінде жұмыстарорындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әпекеттер жасаудың обьективтік және субьективтік белгілері Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегі қабылданған жаңа Қылмыстық кодексі 1997 жылғы Қылмыстық кодекске қарағанда біршама ауқымды және кең мағынаны қамтитыны көрініп тұр. Себебі жаңа кодексте бұрын қылмыстық жаза қарастырылмаған бірнеше жаңа қылмыстар енгізілген. Алғашқы қабылданған ........
Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың обьективтік белгілері ҚР ҚК-нің 364-бабында орналасқан кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудың қоғамға қауіптілігі сонда, мемлекеттік билік өкілдерінің абыройына айтарлықтай зиян келтіруінде болып отыр. Мемлекеттік функцияларды басқаруға уәкілеттік берілген адам сонымен қатар осы кәсіпкерлік қызметпен айналысу арқылы өз жұмысына деген салқынқандылықтың кесірінен мемлекет жұмысының сапасының нашарлауына алып келеді. Сонымен қатар уәкілетті адам өз уәкілеттілігін пайдалана отырып кәсіпкерлік саласына да айтарлықтай зардап келтіреді. Бұл қылмысты жасай отырып уәкілетті адам ҚР АК-нің 10-бабының 2-тармағындағы «Мемлекет кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етедi» деген жағдайға қарсы шығады.
Жоғарыда «тектік обьектіге болса қылмыстық заңмен қорғалатын белгілі бір қоғамдық қатынастардың бір бөлігі ғана қарастырылады. Жалпы обьектіден айырмашылығы, тектік обьекті жалпылама , кең ауқымда қарастырмайды , белгілі бір саладағы қоғамдық қатынастарды қарастырады.»,- деген секілді пікірді жазып қалдырған болатынбыз. Осы анықтаманың неізінде кәсіпкерлік қызметке заңсыз араасудың тектік обьектісі ретінде біздің пайымдауымызша мемекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар танылады. Бұл жердегі қылмыстың тікелей обьектісін білдіруге байланысты ғылымда әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Мысалыға отандық ғалымдар – И.И. Рогов пен С.М. Рахметовтың пайымдауы бойынша бұл қылмыс екі обьеттіге залал келтіреді. Аталған қылмыстың тікелей обьектісі ретінде экономика саласын реттеуге байланысты қоғамдық қатынастар табылады. Ал қосымша обьекті ретінде кәсіпкерлікпен айналысу және өзге де заңмен тыйым салынған қызметтер танылады деген секілі пікірді жазып қалдыған [2. Б. 357].
Жоғарыда жазылған түсінікке келісу біраз түсініспеушіліктерді тудырады. Себебі бұл жерде екпін экономика саласына емес мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыратын уәкілетті адамдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуына байланысты болғандықтан, біздіңше тікелей обьекті ретінде кәсіпкерлік қызмет саласында бекітілген қоғамдық қатынастар танылуы керек.
Ал рессейлік ғалым А. В. Наумовтың пайымдауы бойынша бұл қылмыстың тікелей обьектісі болып мемлекеттік және аумақтық қызметті функциялауға байланысты бекітілген тәртіптер мен қағидалар және олардың кәсіпкерлік қызметпен қарым қатынастары болып табылады деген секілді қызықты пікір азып қалдырған [98. Б. 642]
Жоғарыдағы екі пікірді салыстыра отырып біздің пайыдауымызша екінші берілген анықтама кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың тікелей обьектісін көрсетуде мағыналы, мәнді ой қалдырып кеткен.
Ал А. Н. Игнатовтың пайымдауы бойынша атаған қылмыстың тікелей обьектісі нақты бір мемлекеттік органның дұрыс қызмет атқаруы және мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін – өзі басқару органдарының беделі болып табылатынын айтып кеткен [104. Б.770].
Бұл оймен де ішінара келісуге болады, бірақ толық емес. Себебі мемлекеттік функцияларды жүзеге асырушы уәкілетті тұлға өз әрекетімен өздері үшін тыйым салынған кәсіпкерлік қызметпен айналысу арқылы бірінші кезекте белгіленген тәртіпті бұзып отыр, сосын барып мемлекеттік органның беделіне нұқсан келіп отыр. Демек бұл жерде тікелей обьекті ретінде кәсіпкерлік қызмет саласындағы қоғамдық қатынастар танылса қосымша обьекті ретінде мемлекеттік органның өз қызметін дұрыс атқаруға байланысты қоғамдық қатынастарды тануымыз керек.
Біздің ойымызға ұқсас ойды Н. А. Бодубаев білдіріп кеткен. Оның пайымдауы бойынша кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың тікелей обьектісі ретінде мемлекеттік қызметті жүзеге асыру уәкілеттілігі берілген лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметпен айналысуына тыйым салынуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар танылады деген секілді ой қалдырып кеткен [106. Б. 590].
Жоғарыдағы айтылған пікірерді сараптай отырып біздің пайымдауымызша кәсіпкерлық қызметке заңсыз араласудың тікелей обьектісі ретінде мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті адамдарға қатысуға тыйым салынған кәсіпкерлік саласындағы қоғамдық қатынастар танылады. Ал қосымша обьекті ретінде мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын оргындардың дұырыс қызметі мен беделі танылады.
Ал енділікті кезекте кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың обьективті жағына тоқтала кететін болсақ тағы да осы арада алғашқлардың бірі болып қымыс құрамын зерттеген А. Н. Трайниннің ойына тағы бір мәрте тоқталып өткенді жөн көрдік « қылмыс құрамында емес қылмыстағы обьект және обьективті жақты ,субьекті, субьективті жақты айыра білуіміз керек» деген секілді пікірді жазып қалдырған. Бір қарағанда бұл екеуінің арасында ешбір айырмашылық жоқ секіді болып көрінуі мүмкін. Бірақ әлеуметтік тұрғыдан қарағанда екеінің айырмашылығы жер мен көктей. « қымыстың обьективті жағы» түсінігі қылмыс құрамының обьективті жағына қарағанда әлде қайда кең мағынада екенін жоғырғы бөлімдерде жазып өттік.
Қылмыстық кодекстің 364-бабының диспозициясында былай делінген: «. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құруы не мұндай ұйымды басқаруға заңда белгіленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзі немесе сенім білдірген адам арқылы қатысуы, егер бұл іс-әрекеттер мұндай ұйымға жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге немесе өзге де нысандағы жақтаушылыққа байланысты болса» деп жазып кеткен. Осы баптың диспозициясы бойынша сараптама жүргіземіз.
Отандық ғалым А. Н. Ағыбаевтің пайымдауы бойынша кісіпкерлік қызметке заңсыз араласудың обьективтік жағы келесідей әрекеттермен сипатталынады деінген « кінәлі адам өзінің атқарып отырған қызметтік өкілеттілігін пайдалана отырып кәсіпкерлік қызметті асыратын ұйымды құрады, не осындай ұйымға өзі немесе өз адамы арқылы басшылық етуге қатысады. Әрекеттің қайсы нысаны болмасын, кінәлі адамның оған заңмен берілген лауазымдық өкілеттіікті пайдалануы арқылы жасалынады. Ия бұл пайымдаумен келісуге болада. Бірақ бұл мәліметті жаза отырып автор бірінің үстіне бірін жағастырып жаза бергендіктен біраз түсініксіздеу болып қалған [8. Б. 365].
Ал Л. Д. Гаухман, Л. М. Колодкин, С. В. Максимов аталған қылмыстың обьективті жағын былай көрсеткен.
Уәкілеттілік берілген адамның кәсіпкерлікрен айналысатын ұйымды құруы;
Уәкілеттілік берілген адамның өзі немесе сенім білдірген адамы арқылы кәсіпкерлік қызметке қатысуы; [5. Б. 686]
Біздің пайымдауымызша жоғарыдағы екі пікірді салыстыра отырып, жоғарыда аталған Л. Д. Гаухман, Л. М. Колодкин, С. В. Максимовтердің пайымдамасын анығырақ деп есептейміз. Және қосыма ретінде кісіпкерлік қызметпен заңсыз айналысатын уәкілеттілік берілген адам тағы бір обьективті жақтың міндетті белгісін жасайды, яғни өз уәкілеттіліген пайдалана отырып кәсіпкерлік қызметпен айналысады.
Атаған қоғамға қауіпті әрекет үшін қылмыстық жауаптылық кәсіпкерлік субьектісіне жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге немесе өзге де нысандағы жақтаушылыққа байланысты болса ғана туындайды. Егер осы аталған белгілердің біреуі бомаса онда қылмытық жауаптылық туындамайды. Теке тәртіптік жаза ғана тағайындалуы мүмкін.
Осыған байланысты С.М. Рахметов пен И. И. Роговтың паймдауынша дә дәл осындай түсінік берілген. Оның пайымдауынша Аталған қылмысқа байланысты жауаптылық біріншіден заңда тыйым салынғанына қарамастан жасалынса ( мұндай тыйым ҚР-ның 1999 жылғы 23-шілдедегі «мемлекеттік қымет туралы» заңының 10-бабының 3 тармағында көрсетіген), екіншіден уәкілеттілік берілген тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен айналысуы артықшылықтар мен жеңілдіктер және де өзге де жақтаушылықтар жасауға байанысты болса ғана қылмыстық жааптылықтарға тартылады. Аталған әрекетте атаған шарттардың болмаы қылмыстық жауаптылыққа алап кемейді тек тәртіптік жауаптылыққа алып келетінін айтып кеткен.
Бұдан түсінуге болатыны уәкілетті тұлға тек қана кәсіпкерлік ұйымын құрумен ғана шектеліп қана қалатын болса онда әкімшілік жауапқа тартылады деп түсінуге болады.
Тікелей өзі немесе сенім бідірілген адам арқылы қатысатын болса да онда мемлекеттік қызметті жүзеге асыратын адамның кәсіпкерік қызметке қатысуы деп түсініледі
Жеңілдік дегеніміз – құқықтық тұрғыдан қарастырғанда мүлік сатып алудағы, салық салу барысындағы, шикізат немесе өзге де заттарды, мекемені жалға алу және т.б. жеңілдіктерді кәсіпкерлікпен айналысу үшін ұйымдастыру шарасы.
Ал артықшылық дегеніміз – Дайын өнімді өндіру барысындағы, мүлік сатып алу барысындағы, қызмет көрсету, конкурстағы артықшықар секілді ерекше құқықтарды кәсіпкерік субьектісіне жасап беруді айтамыз. Көптегнен сөздіктер артықшыық дген түсінікті өзге біреумен салыстырғанда ерекеше құқығының болуы деп түсіндіреді [117. Б. 581; 181. Б. 1058; 119. Б. 399;].
Өге де түрдегі жақтаушылықтар дегеніміз – белгілі бір кәсіпкерлік ұймына өз қызметіндеге жағдайын пайдалана отырып қолайлы жағдай жасап беруін айтамыз (мысалыға әртүрлі амал – тәсілдерді пайдалана отырып бақылаушы органдарды тексере шараларына қатыстырмау, өзге де мемлекеттік органдардан сол ұйымның мүдделерін қорғау).
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес мемлекеттік қызметкерлер педогогикалық жәе өзге де шығармашылық қызметтен басқа кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы емес, құқықтық- ұйымдастырушылық түріне қарамастан егер сол ұйымды басқару онық қызметіне кірмесе сол ұйымды басқара да алмайды деген секілді ерекшеліктері аталып өткен.
Борчашвили И. Ш. Түсіндірмесіне сәйкес қылмыс формальдік сипатқа йе яғни жасалған сәтінен бастап аяқталған болып есептелінеді[11. Б. 756]
Осыған байланысты отандық ғалымдар С. М. Рахметов пен И. И. Рогов та аталған қылмыс құрамын формальді құрам деп көрсетеді[3. Б. 631]
Жоғарыда ек пайымдауды салыстыра отырып біздің пайымдауымызша да аталған қымыс құрамы формальді құрам болып есептелінеді. Демек қылмыс зардабы боуы міндетті емес жасалса боды қылмыстық жауаптылық бар деген сөз.