Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаты


Жалған кәсіпкерлік қызметтің обьектісі ретінде кәсіпкерлік қызметтің қағидаларын қалыптырастыратын, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар танылады



бет8/17
Дата18.10.2023
өлшемі115.03 Kb.
#480961
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Дипломды жмыс1

Жалған кәсіпкерлік қызметтің обьектісі ретінде кәсіпкерлік қызметтің қағидаларын қалыптырастыратын, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар танылады.
Қылмыс құрамының келесі элементтерін тануда аса маңызды рөлге ие болып табылатын қымыстың обьективті жағын зерттеуге көшеміз.
Адамның кез келген әректтері сыртқы ( обьективті) және ішкі( субьективті) сипаттарға ие болып табылады. Сыртқы әрекеттер адамның іс –әрекетінің обьективті шындықта қолданылуын қамтамасыз етеді. Ал ішкі белгілер болса адамның санасын басқаратын психикалық процесстер ( қажеттілік, мүдде, ниет).
Қылмыстың обьективті жағын қылмыстың сартқы жағын сипаттайтын белгілер қалыптастыратыны жалпыға белгілі. Бұндай белгілердің қатарына белгілі бір обьектіге зардабын келтіретін қауіпті қоғамдық әрекеттер ( әрекеттер немесе әрекетсіздіктер); қоғамға қауіпті зардап ( қылмыс нәтижесі); қоғамға қауіпті әрекет пен қоғамға қауіпті зардап арасындағы себепті байланыс; тәсілі, құралы, орыны, уақыты, және жағдайы жатады. Қылмыстың обьективті жағы қылмыстық жауаптылықтың өзіндік қалыпы болып табылады [109. Б. 156] .
Қылмыстық заңнамаға сәйкес, қылмыстық ой, қылмыстық көңіл күй, қылмыс жасауға байланысты қандай да бір сөз болса ол қылмыстық жауаптылыққа тартуға негіз болып табылмайды. Ойластырылғар құқық бұзылушылықьы жүзеге асыру үшін қоғамға қауіпті қандай да бір әрекет немесе әрекетсіздікті қолдана отырып қылмыс жасаса ғана заң қылмыстық жауаптылыққа тартуға рұқсат береді ( ҚР ҚК 4-бап).
Жоғарыдағы мыліметтермен таныса отырып ҚР ҚК-нің 215-бабының диспозициясына сараптама жүргізуіміз мүмкін. «Жалған кәсiпкерлiк, яғни кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз, кредиттерді заңсыз алу немесе салықтан босату немесе тыйым салынған қызметті жасыру немесе өзге де мүліктік пайда алу мақсатында немесе осындай әрекеттердің жасалуына жәрдемдесу мақсатында жеке кәсiпкерлiк субъектiсiн құру не басқа заңды тұлғалардың олардың шешiмдерiн айқындау құқығын беретiн акцияларын (қатысу үлестерiн, пайларын) иемдену, сол сияқты оларға басшылық ету, егер бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе»
Бұл қылмыстың обьективті жағы кәсіпкерлік қызметімен айналысу ниетінсіз комерциялық ұйым құру арқылы азаматтарға , ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіру болып табылады.
Қазақстан Республикасының конституциясының 26-бабының 4-тармағында « Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополисттік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.»,-делінген. Осы заңнама арқылы біздің мемлекеттегі азаматтардың кәсіпкерлікпен айналысу еркіндігі көрсетілір өтілген.
Жоғарыдағы жалған кәсіпкерліктің қылмыс құрамын зерттеу барысында кәсіпкерліқ қызметтің заңды тұлғаның анықтамасына тоқталып өткеннен кейін ол жайлы қайталап жазбағанды жөн көрдік.
Енділікте ҚР ҚК-нің 215-бабында көрсетілген жалған кәсіпкерліктің обьективтік жағын сипаттауға келер болсақ бұл жерде кез келген заңды тұлғаны емес кәсіпкерлік субьектісін құруға бағытталған әрекет болуы керек. Осыған байланысты Б. И. Колб мағыналы ой білдіріп өткен. Кез- келген комерциялық ұйым кәсіпкерлік қызметпен айналысады бірақ кәсіпкерлікпен айналысатын кез- келген ұйым комерциялық ұйым емес екенін айтып өткен [124. Б. 84]. Бір нәрсені айтып кетуіміз шарт құқық қорғау қызметінде жалған кәсіпкерлікті толық түсіну үшін өзге құқық салаларына сілтеме жасалынады. Құрылғалы жатқан комерциялық ұйымды құру барысында құрылтайшылар ҚР АҚ –нің 34-бабының 2- тармағына сілтеме жасай отырып, мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құра алады.
Біздің ойымызша отандық заң шығарушының әлсіз тараптарының бірі жалған кәсіпкерлік кәсіпкерліктің проблеммаларын зерттеу барысындағы комерциялық емес ұйымдардың қызметі болып отыр. Шынында қарап отырсақ бұл аталған ұйымдар үлкен қауіп төндіріп отыр. Бұл жердегі кемшілік кез келген өзге ( комерциялық емес) ұйымды құру 215-бап бойынша сараланбайды.
Осыған байланысты біздің ойымызша 215-бап бойынша тек қана комерциялық ұйымды құрумен ғана шектелмей толық заңды тұлғаларды құруды да қамтуы тиіс деп есептейміз.
А. Н. Ағыбаевтің пайымдауынша « кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз , несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсатымен заңда белгіленген зардапты келтіре отырып комерциялық ұйым құру әрекетімен сипатталады.»,-делінген [8, Б. 191] Біздің пайымдауымызша бұл пайымдау әлі де толықтыруларды талап етеді.
Осы тақырыпқа байланысты отандық тағы бір ғалым З. О. Ашитов қызықты ой қалдырып кеткен. Кәсіпкерліқ қызметпен айналысу ниетінсіз жалған кәсіпкерлік арқылы, алаяқтық, алдау арқылы жүзеге асырылатын қылмыс:

  1. Жеке мүлікке негізделген жеке кәсіпкерлік құрылады;

  2. Өзге заңды тұлғаардың акцияларын сатып алу;

  3. Он басқару;[4. Б. 238]

Жалған кәсіпкерліктің обьективті жағын көрсетуге отандық ғалымдар, Бекмаганбетов А.Б., Ревин В. П., Рыхлов О.А. мағыналы ой қалдырып кеткен. Олардың пайымдауларынша қылмыс комерциялық мекемені құру және тіркеу қызметімен сипатталады. Бұндай қызметтің кезеңдері: қажетті құжаттарды дайындау, жарғының қабылдануы, тіркеу, лицензия алу және т.б. Осылайша заңды түрдегі әрекеті аяқталады да, азаматтарға, мемлекетке, қоғамға зардап алып келетін қылмыстық әрекеттер басталады. [9. Б. 603 ] .
Жоғарыдағы пайымдауларды қорытындылау отырып өз райымдауымызды бере кетейік: Жалған кәсіпкерліктің обьективтік жағы келесідей әрекеттермен, белгілермен сипатталады.

  1. яғни кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз, кредиттерді заңсыз алу ;

  2. салықтан босату немесе тыйым салынған қызметті жасыру;

  3. өзге де мүліктік пайда алу мақсатында немесе осындай әрекеттердің жасалуына жәрдемдесу мақсатында жеке кәсiпкерлiк субъектiсiн құру;

  4. басқа заңды тұлғалардың олардың шешiмдерiн айқындау құқығын беретiн акцияларын (қатысу үлестерiн, пайларын) иемдену, сол сияқты оларға басшылық ету;

  5. ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе;

  6. жасалған әрекет пен келтірілген зардап арасындағы себепті байланыстың болуы.

Тағы бір қоса айта кететін жайыт жалған кәсіпкерліктің құрылу барысында барлығы заңды түрде болады. Заңды түрде тіркеледі, лицензияны да алады. Бірінші қарағанда баршасы заңды түрде секілді көрінеді . бірақ бұл әрекет уақытынша ған сипат алады да заңсыз іс-әрекеттер ол тіркелгеннен кейін басталады. Мысалы : тыйым салынған қызмет түрімен айналысу деген секілді.
Жалған кәсіпкерлік материялдық қылмыс болып есептелінеді. Қылмыс ірі залал келтірілгеннен соң аяқталған деп есептелінеді. Осыған ұқсас ойларды отандық ғалымдар да пайымдап өткен[4. Б. 239; 8. Б.191 ;9. Б. 604;]
Жеке кәсіпкерлік субьектісінің заңсыз әрекеттері нәтижесінде ірі залал келсе ғана жалған кәсіпкерлік үшін жауаптылық болады [10, Б. 286]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет