Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау қылмысының субьективті белгілері
Кез келген қылмысқа ұқсап , аталған қылмыстың да сбьективті жағының белгілері міндетті белгілер қатарына жатады. Бірінші кезекте заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау қылмысының субьектісіне келер болсақ аталған бапқа байланысты ғалымдар арасында түрлі пікірталастар көп. Кейбір ғалымдар атаған қылмыс субьектісі арнй деп есептесе кейбір ғалымдар аталған қылмыстың субьектісі жапы субьекті деп есептейді.
Кейбір отандық ғалымдардың пайыдауы бойынша аталған қылмыстың субьектісі арнайы , лауазымды тұлға деп есептейді [12. Б. 465;15. Б. 442; 16. Б. 344;]. Яғни бұл аталған ғалымдарыдың түсінігі бойынша аталған қылмысты тек арнайы субьекті жасайды деп есептейді, демек аталған қылмысты уәкіеттілігі жоқ адам жасаса онда қылмыс құрамы жоқ деген сөз. Біздің пайымдауымызшы аталған көзарас тек біржақтама ғана боып қалып аталған қымыстың субьектісін толыққанды көрсете алмаған.
Заңды кәсіпкерік қызметке кедергі жасаудың диспозициясына қарайтын болсақ со диспозициның өзі қылмыс субьектісі кз кеген адам болуы мүмкін дегенге келтіріліп жазылғаны көрініп тұр. Диспозицияда былай делінген: «Дара кәсіпкердің немесе ұйымдық-құқықтық нысанына немесе меншік нысанына қарамастан коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу, сол сияқты дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не қызметіне өзгедей түрде заңсыз араласу, егер бұл іс-әрекеттерді мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам өздерінің қызметтiк өкiлеттiктерiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне қайшы пайдаланып жасаса, eгep бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса» ( ҚР ҚК. 365-бап). Диспозицяда «егер» деген сөз бұл бап субьетісін арнайыдан жалпы субьектіге айналдырып жіберіп отыр.
Осыған байланысты отандық белді ғалымдрдың қатарына кіретін проффесор И. И. Рогов пен Профессор С. М. Рахметовтердің пайымдаулары бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметке қатысудың субьектісі 16 жасқа толған есі дұрыс кез кеген адам болуы мүмкін деп атап кеткен. Сонымен қатар аталған қылмыстың суьтектісі арнайы да болуы мүмкін деген секілді ойды қалдырып кеткен [13. Б. 360]. Біздің көзқарасымыз бойынша аталған пайымдау дұрыс көрсетіліп кеткен. Егер аталған тараудың диспозициясы Мысалыға :«Уәкілетті адамның өз өкілеттілігін пайдалана отырып Дара кәсіпкердің немесе ұйымдық-құқықтық нысанына немесе меншік нысанына қарамастан коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектесе, сол сияқты дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не қызметіне өзгедей түрде заңсыз араласса, бұл іс-әрекеттерді мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам өздерінің қызметтiк өкiлеттiктерiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне қайшы пайдаланып жасаса, eгep бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса»,- деп жазылып тұрғанда онда сөз жоқ аталған қылмыс субьектісі арнайы тұлға деуге толығымен болар еді. бірақ заң шығарушы осы бапты дәл диспозициядағы нұсқада шығарған екен онда аталған қылмыс субьектісі 16 жасқа толған ақыл – есі дұрыс кез келген адам болуы мүмкін.
Әр алуандылық пен толыққанды мәліметтер болуы үшін рессейлік ғалымдардың осы қылмысқа байланысты көзқарастарын зертеп қпрадым. Олардың арасында да аталған қылмыстың субьектісіне байланысты әртүрлі пікірлер қалыптасқан.
Л. Л. Кругликовтың пайымдауы бойынша аталған қымыстың субьектісі тек қана арнайы субьекті болуы мүмкін деген секілді пікірді қалдырып кеткен [17. Б. 248]
В. П. Ревинде осыған ұқсас пікірді қалдырып кеткен. Аталған қымыс субьектісі лауазымды адам болып табыатынын айтып кеткен [14. Б. 561]
Біздің көзқарасымыз аталған ғалымдардың пайымдауларын тек қана біржақтама зерттелген деп есептейді, бұл қылмыстың субьектісі әі болсада толыққанды зерттеулерді талап етеді.
Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасаудың субьектісін көрсетуде рессейлік ғалымдар Гаухман Л. Д., Л. М. Колодкина, С. В. Максимовтер құнды мәлімет жазып қалдырған. Олардың пайымдаулары бойынша аталған қылмыстың субьектісі 16 жасқа толған ақыл есі дұрыс кез – келген адам болуы мүмкін екенін жазып қадырған [5. Б. 468].
Жоғарыдағы мәліметтерді зерттей отырып бізідің пайымдауымыз бойынша заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау қылмысының субьектісі 16 жсқа толған, ақыл есі дұрыс, кез – келген адам болуы мүмкін деген көзқарасты дұрыс деп есептейміз. Себебі жоғарыда атап кетеніміздей заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау қылмысының диспозициясының өзі осы қымыстың субьектісі кез – келген адам болуы деген көзқарасқа келтіріп отыр.
Ендінгі заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау қымысының субьективтік жағына келер болсақ аталған қылмыс тек қана қасақана нысанмен жасалынады. Абайсыз түрде жасаынуы мүмкін емес. Қымысты жасаушы адам өз әрекетінің қоғамға қауіпі екнін ұғынанды, соны біле түра заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасайды.
Оған дәле ретінде отандық және рессейлік ғалымдардың еңбектерін мысал ретінде келтіпуіміз мүмкін.
Оандық ғалым проффесор И. Ш. Борчашвилидің пайымдауы бойынша аталған қымыстың субьективті жағы тек қана қасақана жасалынады деген көзқарасқа келген. Қылмыс жасаған адам заңды кәсіпкерлік қызметке кедеогі жасап жатқанын ұғынады, алда болуы мүмкін қоғамға қауіпты зардаптың болуы мүмкін екенін көре біеді және сол зардаптың болуын қалайды. Қылмыс мотиві әртүрі болуы мүмкін (кек , жеккөрушілік) екенін айтып кеткен [12. Б. .465].
Жалпы бұл айтылған пікірдің дұрыстығынды ешбір дауымыз жоқ, бірақ осы субьективті жақтың міндтті белгілерін ашып көрсеткенде тақырып толық түсінікті болад еді.
Осы кемшілікті отандық ғалымдар, И. И. Рогов пен С. М. Рахметовер толықтырып кеткен. Олардың пайымдауы бойынша аталған қылмыс қасақана жасалынады. Қылмыс субьектісі өзінің әрекетінің қаншалықты залал келтіретінін біледі және солай болуын қалайды. Бұдан басқа тағы да міндетті белгі мақсат осы қылмыста міндетті түрде болуы керек. Аталған қылымыс субьектісі мынындай мақсаттары бар - өкiлеттiктерiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсаттары бар деген секілі пікіррді қалдырып кеткен [13. Б. 359] Бізідң көзқарасымыз бойынша И. И. Рогов пен С. М. Рахметовтердің көзқарастары дұрыс деп есептейміз.
Ал рессейлік ғаымдардың да көзқарастары отандық ғалымдардың көзқарастарымен сәйкес келіп отыр, яғни заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау қылмысының субьективті жағы тек қасақаналық нысанда жасалынуы мүмкін деген көзқарасқа сәйкес келіп отыр [5. Б. 468; 14. Б.561; 17. Б. 248;]
Жоғарыдағы пікірлерді ескере отырып біздің көзқарсымыз бойына аталған қылмыс тек тікелей немесе жанама қасақаналық ныманнда жасалынуы мүмін. Қылмыс субьектісі өзінің әрекеті қоғамға қауіпті екенін біледі, және одан келетін зардапиың болмай қоймайтындығында ұғынанды, және сол зардаптың болуын тілейді немесе тілемесе де сол зардаптың болуына жол береді. Аталған қылмыстың тағы бір міндетті белгісі мақсат боып табылады. Қылмыс субьектісі алдына мынандай мақсаттарды қоюы мүмкін:
немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсаты;
басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсаты.
КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстарды динамикасы, криминологиялық сипаты құрылымы
Қылмыстылықпен күресу мәселесі әрқашан маңызды
Достарыңызбен бөлісу: |