Тақырыптқа байланысты ізденістер алып барған тұлғалар
Жалпы, экономика, саласындағы қылмыстарға қатысты өз ойларын жазып қалдырған отандық және рессейлік ғалымдар ізденістер жүргізген. Атап айтқанда: Н. М. Әбдіров , А. Н. Ағыбаев, Б. И. Ахметов, А. Ф. Әубакіров, К. Ж. Балтабаев, И. Ш. Борчашвили, У. С. Жекебаев, Б. Ж. Жүнісов, Е. И. Қайыржанов, Г. Д. Карагусов, Г. С. Мәуленов, М. С. Нәрікбаев, Р. Т. Нұртаев, Е. А. Оңғарбаев, С. М. Рахметов, И. Г. Рогов және көптеген аға буын ғалымдары өздерінің құнды мәлі меттерімен бөліскен.
Ал посткеңестік кеңістік ғалымдары арасынан бұл тақырыпқа байланысты өз ойларын жазып қалдырған ғалымдар: Г. Н. Борзенков, Б. Н. Волженкин, Л. Д. Гаухман, И. И. Карпец, В. Котина, Н. А. Лопащенко, А. М. Яковлева Секілді белді ғалымдар өз еңбектерін жазып қалдырған. Жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектері, біздің тақырыбымыздың, теориялық, практикалық тұрғыда кең ауқымда ашылуына себепкер болды.
Тақырыптың жаңашылдығы:
Осы дипломдық жұмысты жазу барысында мен көптеген қызық жайыттарға тап болдым. Осы тақырыпқа байланысты мәліметтер негізінен орыс тілді мәліметтер және ол аталған мәліметтердің арасында да нақты кәсіпкерлік саладағы қылмыстардың барлығын алып көрсеткен ғылыми жұмысты не болмаса дисертацияларды байқамадым. Көп жұмыстар негізінен кәсіпкерік саласындағы қылмыстарға жеке жеке арналған, негізінен жазылған жұмыстар – заңсыз кәсіпкерлік, жалған кәсіпкерлік деген секілді жеке – жекке зерттелген. Сонымен қорыта келе бұл дипломдық жұмыс кәсіпкерлік саласындағы қылмыстарға қатысты жазылған қазақ тілінде жазылған алғашқы дерек. Сонымен қатар жалпы кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың барлығын алып қарастырған алғашқы жұмыс. Бұл жұмыста қылмыстық құқық , криминология секілді құқық салаларының негізгі қағидалары қолданылды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – теориялық және практикалық дәйектерге сүйене отырып, кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың
КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАТМАСЫ
Біздің бүгінгі зертеп отырған тақырыбымыз жалпы кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың барлығына шолу жасай отырып оны жан – жақтама толығырақ, мағыналырақ ашып көрсетуге бағытталған. Осы күндері кез келген тәуелсіз мемлекеттің саясатының бір тармағына айналған экономика саласы мемлекет үшін де, халық үшін де өте маңызды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бабының 2 – тармақшасында Қазақстан Республикасының қызметінің басты принциптерінің бірі ретінде бүкіл халық игілігін көздейтін экономикалық даму көрсетілген [1] Сонымен қатар Конституцияның 26 – бабында әрбір азамат кәсіпкерлікпен еркін айналысу құқығына еге делінген. Сонымен қатар біздің мемлекетте шағын және орта кәсіпкерлікті , жалпы кәсіпкерлік саласын қорғау және қолдау басты міндеттердің бірі болып отыр.
Кәсіпкерлік терминін XVIII ғасырда Р. Кантильон ғылымға енгізді. Оның берген анықтамасына қарағанда кәсіпкерлік ол алдын ала көре алу, тәуекелге бел буа алу және қылынған барша әрекеттерді өз жауапкершілігіне ала алатын субьект деп көрсетті.Бұл субьекттер негізгі капитарлдың егесі болуы міндетті емес деп айтылдып өтті.[20,86-96.б]
Саяси экономиканың класикалық мектебінің негізін қалаушы А. Смиттің анықтамасы Р. Кантальоның анықтамасынан біршама өзгешеліктері болды. Ол кәсіпкерді мүліктің иегері ретінде көрсетті және кәсіпкерлікпен пайда табу мақсатында айналысатынын айтып кетті.[21,124 – 130.б]
Ал, Й. Шумпетердің ойы бойынша кәсіпкер инаватор болуы тиіс, кәсіпкерік саланы болса шаруашылық салаларды ұйымдастырудың құралы деп есептеді. Оның ойы бойынша мүлік меншік құқығы боып есептелмеді.Шумплердің ойы бойынша кәсіпкерліктегі қандай да бір өзгерістер экономкаға да өзгерістер алып келеі деп айтып кетті.[22,169-170.б]
Қазақстан Республикасының “Азаматтық кодексінің” 10 – бабына сәйкес кәсіпкерлік дегеніміз - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiк құқығына (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады.
Жоғарыдағы анықтаманы кеңірек ашып көрсету үшін мынандай амалды қолданғанымыз дұрыс болар. Кәсіпкерліктің басқа қызмет салаларынан ажырататын негізгі мынандай белгілері бар:
Нарықта өз өнімін, жұмысын, қызметін өндіру және сату арқылы пайда табатын қызмет түрі.
Бұл қызмет түрі ерікті түрде бастамашының мүддесі мен талаптары негізінде жүзеге асырылады.
Кәсіпкердің өзінің жекеменшік мүлкінің негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар барша мүліктік шығындар мен шығыстаға өз атынан жауап береді.
Кәсіпкер тек өз атынан қатынасады.
Жоғарыда аталған негіздердің біреуі жоқ болатын болса бұл қызмет түрін кісіпкерлік қызмет деп атауға келмейді. Бұны қылмыстық құқықтағы қылмыс құрамымен ұқсатуға да болады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсанда Астанадағы: “Қазақстан 2050” Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа сратегиялық бағыты атты жолдауында : қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын реформалауы жайлы, сонымен қатар ілгерідегі ізгілендіру барысында, оның ішінде экономика саласындағы қылмыстарға мән беру керектігі жайында жазылған. Демек осыдан түсінуге болатыны мемлекеттің лайықты дамуы үшін маңызды екенін көрсетіп отыр.
Енділікте кәсіпкерлік жайлы шағын болса да түсінік болса өзіміздің негізгі тақырыбымыз жайлы жазайық. Қазақстан Республикасының жаңа 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ Қымыстық кодексін зерттей отырып мынандай кәсіпкерлік саласындағы қылмыстарды таба алдық:
214-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік қызмет.
215-бап. Жалған кәсіпкерлік
216-бап. Іс – жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау
364-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу
365-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жаcау
Осы қымыстарды кәсіпкерлік саласындағы қылмыстар деп қарастырғанымыз дұрыс көзқарас болар деп есептейміз. Біздің тақырыбымыз да осы баптардың негізінде жазылатын болыды.
Кісіпкерлік саласындағы қымыстардың баршасына тән ортақ белгі олар мемлекеттің, немесе жеке тұлғалардың мүддесін, құқығын таптай отырып жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |