Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасаудың обьективті субьективті бегілері
Аталған қылмыстың обьективті белгілерін зерттей отырып әрттүрлі пікірлердің қайшылығын байқауымызға болады.
Бірінші кезекте қымыстың обьектісінен зерттеп отырғанда көптеген ойлар қайшыығы мен түсініспеушіліктерге тап болдым.
Жалпы жоғарыдағы тақырыптарда да атап кеткеніміздей қылмыстың обьектісі дегеніміз – ол қылмыс құрамының міндеті елементтерңнің бірі болып табылады, қылмыс құрамының обьектісінің болмауы қылмыстың болмауына алып кеетінін естен шығармағанымыз жөн болады деп есептейміз. Сонымен қатар обьекті дегеніміз – мемлекет бекіткен зңдар арқылы, мемлекеттік уәкіетті органдар арқылы қорғалатын, өзге қоғамдық қатынастарға қарғанда маңыздырақ қоғамдық қатынстар.
Ия қазіргі таңда аталған қылмыс Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 15-тарауында « Мемлекеттік қызмет пен мемекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қымыстық құқықтық бұзушылықтар» тұрған белгілі. Осы аталған тараудың осы арада тұруына байланысты көптеген қарама қайшы пікірлер туындайды. Осыған байанысты да әрқандай ғалымдардың ойлары әр жерден шығып отырғаны бұл тақырыптың әлі күнге дейін толыққанды зерттемегенінінң анық дәлелі деп түсінуіміз керек.
Біз осы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау қылмысын ҚРҚК-нің 15-тарауда көрсетілген «Мемлекеттік қызмет пен мемекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар» атты тараудан алып тастап, 8-тараудағы « Экономикалық қызмет саласындағы қымыстық құқық бұзушылықтар» атты тараудың құрамына енгізгенді жөн санаймыз. Оған себеп бұлы қылмыс табиғатынан экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға жақын. Бұл қылмыс жасалғаннан кейін бірінші кезекте заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысып жатқан жеке тұлғаның немесе ұйымның конституциялық құқықтар тапталынады. Сонымен қатар Қымыстық кодекстің 365-бабында көрсетілген қылмыстың диспозициясында былай делінген «Дара кәсіпкердің немесе ұйымдық-құқықтық нысанына немесе меншік нысанына қарамастан коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу, сол сияқты дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не қызметіне өзгедей түрде заңсыз араласу, егер бұл іс-әрекеттерді мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам өздерінің қызметтiк өкiлеттiктерiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне қайшы пайдаланып жасаса, eгep бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса». Міне осы диспозицияға қарап бізідң түсінігіміз бойынша аталған қылмыстаң субьектісі жалпы да болуы мүмкін. Демек аталған қылмыс өзінің табиғаты жағынан экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар құрамына жақын деуімізг болады.
Осыған байланысты Рессей Федерациясының Қылмыстық кодексіне қарайтын болсақ аталған қылмыс «Эконмикалық қызмет саласындағы қылмыстар» атты тарауында көрсетілген (РФ ҚК 169-бап). Бұл көзқарас біздің ұстанымымыз бойынша дұрыс деп есептейміз.
Ал енді заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасаудың обьектісіне келер болсақ бұл арада отандық та рессейлік те ғалымдардың әрқайссынынң ойлары әрқилы.
Отандық ғалым И.И. Рогов пен Г.И. Баймурзиннің жазған Қылмыстық кодекске түсіндірмесіне сәйкес Атаған қымыстың обьектісі ретінде екі обектіні қарастырады. Бірінші кезекте кәсіпкерлік қызметпен айналысуға мүлік пен мүмкіндіктерінің шектелуі арқылы қоғамға қауіп туындайды.ал екінші кезектк мемекеттік органдардың жене жергілікті өзін басұару органдарынының беделіне зардап келеді деген секіледі дер айтып кеткен. Сонымен қатар аталған ғалым бұл қылмысты «экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың қатарына жатқызады. [11. Б. 274].
Ал А.Н. Ағыбаевтің пайымдауы бойынша да атаған қымыс экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың қатарына жатқызылады. Тікелей обьекті ретінде кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын қоғамдық қатынастар танылады және ондай қатынастардың тізбегі Қазақстан Респбликасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» 1997 жылғы 16 масымдағы арнайы заңында көрсетілген деген секілді қызықты пікір қалдырып кеткен [8. Б. 186]
Осы тақырыпқа байланысты И. Ш. Борчашвили өте мәнді мағыналы ойды қалдырып кеткен. Аталған қымыстың обектісі заңды кәсіпкерлік саласындағы мүдделер, экономиканың қалыпты жағдайы, тұтынушылар мүддесі, серіктестер мен өзге де тұғалардың құқығы, ұйымдарың, кәсіпкерліқ заңды кәспкерлік қызметке кедергі жасау арқасында мемлекет тйісті салық түріндегі пайдасына ала алмай қалады сол үшін мемлекет мүддесі де обьектісіне кіреді. Ал қосымша обьекті ретінде мемлекеттік билік өкілдерінің беделі түседі деген секілді ойды қалдырып кеткен [12. Б. 460].
Ал отандық ғалымдар И. И. Рогов пен С. М. Рахметовтің пайымдауынша аталған қылмыстың тікелей обьектісі ретінде экономикалық қызметті реттеуге байланысты туындайтын қоғамдық қатынасар ал қосымша обьекті ретінде кәсіпкерлік айналысуға азаматтардың құықығы жатады деген секілді қызық пікірді қалдырып кеткен [13. Б. 357].
Ия жоғарыда аталған И. И. Рогов пен С. М. Рахметовтардың айтып отырғандары мен бір тараптама келіскеніммен толық келісе алмаймыз. Біздің пайымдауымызша экономикалық қызмет саасынадағы экономикалық қатынастарды қадағалауға байланысты қатынастар тектік обьекті болады да, ал тікелей обьекті кәсіпкерлік саласындағы қатысушыларының мүдделері болып табылса қосымша обьекті ретінде мемекеттік билік органдарының беделі мен абыройы деп білгеніміз жөн.
Осы тақырыпты зерттей отырып Рессей ғалымдарының жазған еңбектеріне де тоқталып өткенді жөн көрдік.
В.П. Ревиннің пайымдауы бойынша аталған қылмыстың тікелей обьектісі мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін – өзі басқару органдары арқылы мемлекеттік қадағалауға алынатын кәсіпкерлік саласындағы қоғамдық қатынастар танылады. Ал қосымша обьекті ретінде заңды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығы көрсетілгенін айтып кеткен [14. Б. 559]7
Бұл ұстаным біздің пайыдауымыз бойынша қате ұстаным деп есептейміз. Жоғарыда аталған қылмыстың тікелей обьектісі мемлекет тарпынан қамтамасыз етілген заңды кәсіпкерік қыметіне байланысты қоғамдық қатынастар болып табылса, қосымша обьекті ретінде мемекеттік органдардың беделі мен абыройы танылуы тиіс деп есептейміз.
Ал Л. Д. Гаухман, Л. М. Колодкин, С.В. Максимов осы қылмыстың тікеей обьектісіне байланысты қызықты пікір қалдырып кеткен. Олардың пайымдауы бойынша аталған қымыстың тікелей обьектілері кәсіпкерлік саласындағы қызметті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынанстар және Мемлекеттік биліктің мемлекеттік қызметтің, мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару орғандарының мүдделерін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылатынын айтып кеткен [5. Б. 464]. Бұ жерде авторлар тіклей обьекті ретінде екі қоғамдық қатынасты көрсеткен.
Бұл көзқарас біршама ауытқушылықтарға алып келуі мүмкін. себебі бір қымыста екі тікелей обьекті болса әрине квалификация барысында қиыншылықта туындауы мүмкін. біздіңше бұл көзқарас біраз ауытқушылықтар мен түсініспеушіліктерге алып келуі мүмкін.
Жоғарыда аталған көзқарастарды зерттей отырып, аталған қылмыс өз табиғаты жағынан экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға жақын болғандықтан 15-тараудағы «Мемлекеттік қызмет пен мемекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар» тарауынан алып тастап, 8-тараудағы «қызмет саласындағы қымыстық құқық бұзушылықтар» тарауының құрамына енгізу керек деп есептейміз. Бұл әрине қылмыстық құқықта туындаған мәселелерді шешуге өзінің тиісті көмеін тигізеді деп есептейміз.
Аталған қымыстың тектік обектісі экономика саласында туындайтын қоғамдық қатынастар деп есепейміз. Ал тікелей обьекті ретінде заңды кәсіпкерлік қызмет саласындағы мемлекет тарапынан қамтамасыз етілген құқықтар мен бостандықтар, мүжжелер болып табылады. Ал қосымша обьекті ретінде мемлекеттік органдер мен мемлекеттік функцияларды жүжеге асыруға уәкілеттік берілген тұлғалардың құықтары мен бостандықтары танылады.
Ал ендігі кезекте аталған қылмыстың обьективті жағының белгілерін зерттейміз.
Аталған қылмыс мынандай қоғамға қауіпті әркеттермен сипаттаынады:
Дара кәсіпкердің немесе ұйымдық-құқықтық нысанына немесе меншік нысанына қарамастан коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу;
дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не қызметіне өзгедей түрде заңсыз араласу;
бұл іс-әрекеттерді мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам өздерінің қызметтiк өкiлеттiктерiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне қайшы пайдаланып жасаса;
Қазақстан Респубикасының жаңа Қылмыстық кодексіне сәйкес заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау қылмысының обьективті жағы осындай әрекеттермен сипатталынады.
Достарыңызбен бөлісу: |