Дара кәсіпкердің немесе ұйымдық-құқықтық нысанына немесе меншік нысанына қарамастан коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу. Бұл әрекет өз ішінде тағы да бірнеше әрекеттермен сиппатталады:
Құрытайшылардың тізімін жасауға кедергі жасау;
Серіктес болуға мәжбүрлеу;
Дара кәсіпкердің немесе ұйымның қызметіне заңсыз бақылау, қадағлау жүргізу;
Кәсіпкерлік мекемеге немесе дара кәсіпкерге өз құқығын жүзеге асыру бойынша өзге де кедергілер келтіру;
Осы әрекеттердің бірін жасаса жоғарыда көрсетілген дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдық – құқықтық нысанына немесе меншік нысанына қарамастан комерциялық ұйымның құқықтар мен заңды мүдделерін шекетеу әрекеті бойынша квлификация жасалынуы керек.
Дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не қызметіне өзгедей түрде заңсыз араласу. Бұл әрекет бірінші көрсетілген әрекеттен ерекшелінеді. Өз ішінде тағы да бірнеше әрекеттерге бөлінеді:
Заңсыз түрде мекемені алып қою;
материялдық жиынтықтарын алып қою, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласужәне т.б. Міне осы секілді әрекеттеріді жасаса екінші дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не қызметіне өзгедей түрде заңсыз араласу әрекеті бойынша квалификация жасаынуы керек.
Бұл іс-әрекеттерді мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам өздерінің қызметтiк өкiлеттiктерiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне қайшы пайдаланып жасаса. Жоғарыдағы әрекеттерді мемлекеттік функцияны орындауға уәкілеттіік берілген адам өз құзіретін пайдалана отырып жеке кәсіпкерлік субьнектісіне немесе ұйымға зардап келтіңрсе осы әрекет бойынша квалификация жасалынуы керек.
Осыған ұқсас ойды И. Ш. Борчашвилиде білдіріп кеткен [12. Б. 464].
И.Ш. Борчашвилидің пайымдауы бойынша жоғарыда атлған қылмыс осы баптың диспозициясында келтірілген әрекеттердің бірін жасағаннан кейін аяқталды деп есептелінеді, сонымен қатар заңшығарушы тағы бір міндетті белгісі ретінде ірі зардаптың болуы керек деп айтады, бұл белгі аталған қылмысты материялдық құрамға жатақызатынын айтып кеткен [12. Б. 465]. Біздің заңнама бойынша аталған қылмыс ірі зардап келгеннен соң аяқталды деп есептелінеді. Қылмыс құрамының материялды болуының өзі аталған қылмысты экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бузушылықтар тарауына жатқызуымыз керек екенін білдіреді. Себебі аталған қылмыстың материялдық құрам болуы міндетті белгі болып тұр.
Егер атаған қылмыстың тікелей обьектісі мемлекеттік басқару органдарының беделі мен абыройы болғанында онда бұлы қылмыс формалды құрам болуы керек болып есептелінетін еді. Осы негіздемелерді ескере отырып, заңшығарушы аталған қымысты экономикалық қызет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар тарауына енгізсе деген ұсынысты жасаймыз.
Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау қымысының тікелей обьектісі – мемлекет тарапынан қамтамасыз етілетін жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметпен еркін айналысуына байланысты қоғамдық қатынастар. Ал қосымша обьекті ретінде мемлекеттік орандардың, мемлекеттік қызметкерердің абыройы және беделі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |