Қылмыстың субьективтік жағы дегеніміз – адмамның өзі жасаған іс – әрекетіне және оның зардаптарыеа психикалық қатысы.
Қылмыстың сыртқы жағын көрсететін обьективті жаққа қарағанда субьективті жақ оның ішкі мәнін бідіреді. Және де қылмыстың обьективтік және субьективтік белгілері өзара тығыз байланысты болады, белгілі бір тұтастық құрайды. Сондықтан субьективті жақты зерделеу қылмыстың тиісісті құрамының обьективтің жағына талдау жасалынып жүргізіледі.
Қылмысық құқықта субьективті жақ мынандай белгілермен сипаттады: кінә, ниет, мақсат. Қылмыстық құқық теориясында аталған белгілері әртүрлі түсіндіріп өтеді: мақсат пен ниетке қарағанда кінә міндетті белгі болып табылады. Мақсат пен ниет бір қылмыс құрамы үшін міндетті болса ал кейбіреуері үшін факультативті белгі болып табылады.
А.В. Наумов субьективті жақтың белгілеріне , қымыс жасалу барысында тұлғаның эмоционалдық жағдайын да жатқызады [107,б.260 ]
Қазақстан Республикасның Қылмыстық құқығында субьективті жаққа мынандай пайымдау берген: « правильное устоновление субьективной стороны приступления – форм вины, мотива и цельи совершения приступления – имеет большое значение; позволяет отграничивать преступного от непреступного, точно квалицировать преступление , отграничивать друг от друга сходные по обьективной стороне составы, определять степень опасности лица, совершившего преступное деяние, индивидуализировать наказание» [85, б.68]
Ғалымдардың көпшілігі заңсыз кәсіпкерлік қасақана қылмыс деп есептейді. ҚР ҚК –нің 20 бабының , 1 – тармағында : «тiкелей немесе жанама пиғылмен жасалған іс-әрекет қасақана жасалған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады», - деп жазылған.
Ал ҚР ҚК-нің 20-баптың, 2-тармағында болса: «Егер адам өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптi екенiн ұғынған болса, оның қоғамға қауiптi зардаптарының болу мүмкiндігiн немесе болмай қоймайтынын алдын ала болжап білген болса және осы зардаптардың туындауын қалаған болса, қылмыстық құқық бұзушылық тiкелей пиғылмен жасалған деп танылады» ,- деп жазылған.
Заң әдебиеттерінде заңсыз кәсіпкерліктің тікелей қасақаналықпен, әлде жанама қасақаналықпен жасалады деген тақырыпқа байланысты ғалымдардың әртүрлі көзқарастары қаыптасқан.
О.Г. Карповичтің ойыша , заңсыз кәсіпкерліктің субьективті жағы ретінде тікелей қасақана кінәнің болуы танылады [98,б.60].
Ал Ю. П. Кравец болса субьективті жағы диспозицияда көрсетілген әрекеттер бойынша тікелей қасақаналық болады, ал келіпшыққан зардаптан соң тікелей қасақаналықпен бірге жанама қасақаналық та болатынын айтып өтеді[108,б.93]
Т. Д Устинова да дәл осыған ұқсас ойды білдіріп кеткен . оныі ойынша диспозицидағы әрекеттерге қарап ол тікелей қасақаналықпен жасалады деп есептеу керек екенін айтып кеткен.[33, б.31].
Ал С.С. Нестеровтың пайымдауы бойынша ірі зардапқа алып кеген заңсыз кәсіпкерлік тек қана тікелей қасақаналықпен ғана емес, жанама қасақаналықпен де жасалынуы мүмкін, ол үшін алдын ала дайындалған жоспарланған заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу керек. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу барысында , кей зардаптары абайсызда туындауы мүмкін. Мысалыға,лиццензия шарттарын бұза отырып медициналық тәдірибелермен айналысып жүріп , адам денсаулығына зиян келтірсе онда бұл зардап абайсызда келтірілген зардап болып есептеледі[99, б. 52].
Жоғарыда аталған ғалымдардың дерлік барлығы заңсыз кәсіпкерліктің субьективті жағы диспозиция бойынша тікелей қасақаналықпен жасалынады , ал нақты әрекет барысында қасақаналықпен бірге жанама қасақаналықпен де жасалынуы мүмкін, ал туындаған зардап абайсызда туындауы мүмкін деген ойда.
Ал біздің ойымызша заңсыз кәсіпкерліктің субьективті жағын тікелей қасақаналықпен бірге жанама қасақаналықпен де сараптаған дұрыс деп есептейміз.
Отандық профессорлар И.И. Рогов пен С. М. Рахметовтың пайымдауы бойынша заңсыз кәсіпкерлік әрі тікелей қасақаналықпен әрі тікелей де қасақаналықпен де жасалынуы мүмкін.190-баптағы әрекетті жасау барысында қылмыскер кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз немесе арнайы рұқсатсыз жасап жатқанын ұғынады, өз жасаған әрекетінен соң азаматқа, ұйымға мемлекетке ірі зардап келетінін көре біледі, немесе оның әрекеті айтарлықтай мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен байланысты болатынын ұғынады және аталған зардаптардың болуын қалайды немесе саналы түрде зардаптың болуына жол береді немесе оған көңіл аудармайды[153,б.368]
Дәл осындай көзқарасты Б.В. Волженкин де білдіріп өтеді, оның ойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаннан кейін ірі зардап туындаған жағдайда қылмыскер барлығын көре біледі немесе қалайды немесе соған саналы түрде жол беретінін немесе туындайтын зардапқа еш көңіл бөлмейтінін айтып кеткен[76,с.95].
Осы аталған ғалымдардың ойын сараптай келе сол зардаптың болуын қалайтын болса онда тікелей қасақаналықпен жасалынады, ал қаламаса да сол зардаптың болуына жол берсе онда жанама қасақаналықпен сипатталатынын ұғынуға болады.
Осылайша заңсыз кәсіпкерліктің субьективті белгілерін зерттей отырып , келесі ойды түйіндеуге болады:
16 жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтары, шет ел азаматтары немесе азаматтығы жоқ есі дүрыс жеке тқлғалар қылмыс субьектісі болып табылады.
Заңсыз кәсіпкерліктің субьективті жағы тікелей де жанама да қасақаналықтың болуымен сипатталынады.
Достарыңызбен бөлісу: |