Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаты


Осылайша заңсыз кәсіпкерліктің субьектісі он алты жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға танылады



бет5/17
Дата18.10.2023
өлшемі115.03 Kb.
#480961
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Дипломды жмыс1

Осылайша заңсыз кәсіпкерліктің субьектісі он алты жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға танылады.
Қазіргі таңда заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу үшін жауаптылық жасы әлі күнге дейін өзекті болып қала беруде.
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының қылмыстық зыңнамасына сәйкес заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін заңды тұлғаларға жауаптылық қарастырылмаған. Егер заңсыз кәсіпкерлік қылмысы жасалынатын болса олардың орнына басшылары , орынбасарары және т.б. тұлғалар жауап береді.
А.В. Наумовтың пайымдауы бойынша « бұл мәселе отандық қылмыстық құқықта дәстүрлі түрде заңшығарушылық дәрежеде шешілген. Бірақ теориялық тұрғыда заңды тұлғаларлың жауаптылығы мәселесі әлі күнге дейін пікірталасқа толы»,- деген секіді ой білдіріп өткен[109. Б. 179].
Заңды тұлғаларды жауаптылыққа тарту мәселесінің пайда болу тарихына тоқтала кетсек, заңды тұлғаларды жауаптылыққа тарту мәселесі ортағасырлық мемлекеттер заңнамасында да орын алған. Мысалы 1670 жылғы француз мемлекетінің ордонансында қауымдастықтар мен корпорацияларды қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесі қарастырылған[139. Б.250-251]
Ал неміс криминаисті Франс фон-Лист XIX-ғасырда осы тақырыпқа байланысты өзекті ой жазып қалдырғанын көреміз. Оның пайымдауы бойынша: Ерекше жарғыларды жай қалдыратын болсақ онда қазіргі империялық құқыққа сәйкес тек жеке тұлғалар қылмыстық жауаптылыққа тартылады ал заңды тұлғаларға болса ешқандай жауаптылық қарастырылмаған... Бірақ заңды тұлғалар құқықтық қатынастардың қатысушыларының бірі ретінде әрекет қабілеттілігін беру мәселесі мен корпорацияларды жауаптылыққа тарту мәселесі мүмкін және ақылға қонымды шешім екенін айтып өткен [150. Б. 124].
Ал 1953 жылы Рим шахарында өткен VI-қылмыстық құқыққа байланысты халықараық конгрессте болса заңды тұлғаларды жауаптылыққа тарту мәселесінің мүмкін екенін қарастырып өткен. 1978 жылы Европа кеңесінің қылмыстың мәсеелеріне байланысты комитеті заңды тұғаларды экологиялық мәселелер бойынша жауаптылыққа тартуға байланысты Батыс Европа мемекеттеріне кеңес берген. Отандық белді ғалым У.С. Джекебаевтің пайымдауы бойынша « щет ел мемлекеттерінің сонымен қатар АҚШ қылмыстық құқығының субьектісі ретінде әрі жеке тұлғалар әрі заңды тұлғалар (крпорациялар) жауаптылыққа тартылады»,-еген секілді ой білдіріп өткен [151. Б.91]
Рессей Федерациясының Қылмыстық Кодексіне Түсіндірмесінің авторларының ойынша , заңсыз кәсіпкерліктің субьектісі ретінде кәсіпорынды құрған, оның өндірістік бағдарамасын құрған,кәсіпорынды басқаруға байланысты әкімшілік – жайғастырушылық қызметті атқаратын, сонымен қатар кәсіпкерліктен түскен пайданы жайғастырушы тұлға танылады делінген.
Ал Т.Д. Устинова болса бұндай анықтаманы сынай отырып , қылмыстық жауаптылыққа тартуға болатын тұлғалардың қатарына еш күмәнсіз пайданы бөлуге қатысатын құрытайшыар мен акционерлер де кіререді деп ой білдірген[104,б. 38]. Өздері тікелей кәсіпкерлік қызметпен айналыспаса да , бұндай тапсырманы атқарушы органға бере отырып өз ойларын еркін жүзеге асырады.
Ұлттық заңнамада заңды тұлғаларды қылмыстық жауапқа тартудың жоқ екенін профессор Р. Т. Нуртаев та айтып өтеді. Оның пайымдауынша мемлекет осы ұйымдардың арқасында миллиярдттаған салық түсімдерін ала алмай отыр. Осының негізінде ол жедел түрде заңды тұлғаларға жауаптылық енгізу керек екенін атап өтеді[140, б. 10]
Заңды тұлғаны қылмыс субьектісі ретінде тануға байланысты Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексті кабылдау барысында да ұсыныстар болды.
КОНЦЕПЦИЯНЫ жазу
Бірақ заңшығарушы Қылмыстық кодексті қабылдыу барысында заңды тұғаларды жауаптылыққа тартуға байланысты ұсынысты тағы да ескерусіз қалдырды. Дәл осыған ұқсас жағдай Рессей Федерациясы Қылмыстық кодексінде де орын алған
Белгілі бір ғалымдардың пайымдауынша заңды тұлғаларды жауаптылыққа тартудан бас тарту қылмыстық құқықтың басты қағидаларының бірі - әр адамның қоғамға қауіпті әрекет жасағаны үшін жеке өзі жауап беру принципіне сәйкес келеді деген секілді ой білдіріп өткен [142, б. 99].
Дәл осыған ұқсас ұстанымды В. Д. Филимонов та білдіріп өтеді. Оның пайымдауынша заңды тұлғаларға қылмыстық жауаптылық енгізілуі мүмкін емес себебі қылмыстық құқықтың ненгізгі қағидаларының бірі кінәға жауаптылық қағидасына қайшы келеді делінген. [143.б.101]
Заңды тұлғаларды жауаптылыққа тарту мәселесі бірқатар шет ел заңшығарушылары үшін өзекті мәселе емес. Б.С. Никифорв пен Ф.М. Решетниковтың айтуларынша «АҚШ , Ұлыбритания секілді жалпы құқық (common law) мемлекеттерінде заңды тұлғаларды жауаптылыққа тарту мәселесі әлде қашан шешілген және пікірталасарлық хәлде емес»[144,б.53]
Заңды тұлғаларды жауапқа тарту мәселесі , оларды экономикалық қылмыстардың субьектісі деп таныған мемлекеттерде айыппұл негізінде шешілген. Мысал ретінде Нью Йорк штатының қылмыстық кодексінде заңды тұлғаға жаза ретінде 500 ден 1000 долларға дейін айыппұл салынады[145, б. 174] дәл осыған ұқсас жағдай Франция заңнамасында да қалыптасқан. « Ең жоғарғы айыппұл: қылмыс үшін – 250 млн франк ,5 – кластағы құқық бұзушылық үшін 50-мың франк . Егер қылмыстық жауаптылыққа қайта тартылатын болса онда айыппұл да ұлғаяды[146, б.77].
Сонымен қатар жоғарыда аталған мемлекеттерде, айыппұлмен қатар осындай қызметпен айналысқан ұйымға жаза ретінде заңды тұлғаның қызметін тоқтату ( ликвидация) шаралары да қарыстырылған, ал жеке тұлғаларға болса бес жылдан жоғарғы мезімде бас бостандығынан айыру шаралары қарастырылған[146, б. 77]
Дәл осы көзқарасты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевта ұстанады. Оның пайымдауы бойынша « ...конфискация имущества юридического лица , его ликвидация , как показывает зарубежный опыт, может стать весьма эффективным средством борьбы с перечисленными видами преступлений» ,-деген секілді ой қалдырып кеткен [9. Б. 2]
Біздің ойымызша отандық заңшығаруышы шет елдік тәжірибеден үлгі ала отырып, дәстүрлі түрде тек қана жеке тұлғаларды ғана жауаптылыққа тартпай заңды тұлғаларды да жауаптылыққа тартуы тиіс.
Сонымен қатар тәжірибеде мынандай жағдайлар кездеседі. Белгілі бір ЖШС заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаннан соң өз қызметін тоқтатады да , бірақ бірнеше уақыт өткеннен соң сол сол құраммен жаңа ЖШС құрып өз қызметін әрі қарай жалғастыра береді. Бұнымен айтқымыз келгені заңды тұлғаны жауаптылыққа тартққаннан соң оның қатысушылары алдағы уақытта кәсіпкерлік қызметімен айналыса алмайтындай етіп жазалау керек. Сонда кәсіпкерлік саласындағы қылмыстың барысын біршама бәсеңдетуге әбден болады.
Ары қарай заңсыз кәсіпкерліктің субьективті белгілерін одан ары қарай зерттейді екенбіз міндетті белгілерінің бірі болып табылатын , субьективті жағына тоқталып өтуімізге тура келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет