Венчурлік капитал – үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа
акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады. Бұл жұмсалған қаржының
үлкен өтемділігі есебіндегі өз өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды.
Тікелей инвестициялау – шаруашылық субъектілердің табыстар түсіруіне және осы субъектіні
басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға капиталдың жұмсалуы болып табылады.
Портфельдік инвестициялар – портфельді қалыптастыруға байланысты және құнды қағаздар
сатып алу, сол сияқты басқа да активтер болып есептеледі.
Аннуитеттік – тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және
зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді.
2. Инвестор – мемлекет немесе акционерлік қоғамдар шығарған акциялар, облигациялар, басқа да
құнды қағаздарды сатып алу жөніндегі инвестициялық жобаға меншікті қаржысын және басқа да
материалдық құндылықтарымен салым жасайтын заңды немесе жеке тұлға. Инвестор жүзеге
асыратын инвестицияның көлемін, бағыты мен тиімділігін өз бетінше анықтайды.
Құнды қағазды сатып алушыларды келесі қағидаларға сай бөлуге болады:
-
Инвестор – құнды қағаздар сатып алуда ең алдымен тәуекелділіктің ең аз болғанын
ойлайтын адам;
-
Алыпсатардың одан айырмашылығы – бұл анықталған тәуекелдікке дайын адам;
-
Ал ойыншы болса – кез-келген тәуекелдікке дайын адам.
Инвестициялық институт – заңмен рұқсат етілген кез-келген ұймдық-құқықтық түрде құрылған
заңды тұлға. Инвестициялық институттың құрылтайшысы болып заңды тұлға, сонымен қатар
қазақстандық және шет ел азаматтары бола алады. Инвестициялық институттар құнды қағаздар
нарығында келесі қызмет түрлерін атқарады:
- брокерлік (делдалдық) қызмет – тапсырыс және комиссиялық келісім шарттар негізінде құнды
қағаздармен әрекет жасауға жағдай туғызатын қызмет түрін көрсету;
- дилерлік – өз атынан және өз есебінен құнды қағаздармен жұмыс істеу;
- кеңес берушілік – заң жөнінде, экономикалық, техникалық және басқа да кеңестер беру;
- депозиттік – құнды қағаздарды сақтау, тапсыру және осыған байланысты тіркеу қызметтерін
көрсету;
- клирингтік – құнды қағаздар жөнінде қажетті құжаттар жинау, салыстыру, түзету, даярлау
операцияларын атқару.
Достарыңызбен бөлісу: |