«Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәнінен курстық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар


Курстық жұмысты орындауға қойылатын талаптар



бет3/15
Дата06.04.2024
өлшемі252.5 Kb.
#497818
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Әдістемелік ұсыныстар курстық жұмыс

2. Курстық жұмысты орындауға қойылатын талаптар
Курстық жұмысты орындау ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік деңгейде орындалып төмендегі талаптарға сәйкестенуі қажет:

  • тақырыптың мазмұны бойынша ғылыми-әдістемелік теориясы мен тәжірибе материалдарын талдай кіргізу;

  • тақырыптың мазмұны дербес өзбетіндік зерттеу нәтижесімен аяқталуы қажет:

  • жұмыстың әрбір тарауында және қорытындысында тұжырымдармен аяқталуы;

  • курстық жұмыс өзіне тән шекті көлемінің болуы;

  • рәсімделуі(оформление) стандартқа сәйкес орындалуы;

  • жұмыс белгіленген уақытқа дейін орындалуып тапсырылады.

Тақырыпты таңдауда ескерілетін жағдай:

  • оның өзектілігі;

  • кәсіби бағыттылығы;

  • зерттеу қиындығын келешекте бірізді қарастыруға мүмкіндігі (дипломды жұмыс орындауға).

Курстық жұмысты орындау үш кезеңді құрайды: дайындық, негізгі(тәжірибелі) және қорытынды.
Студент дайындық кезеңде мына мәселелерді орындайды:

  • зерттеудің пәні мен нысанын, мақсаты мен міндеттерін, құрылымы мен зерттеу әдістерін анықтайды;

  • курстық жұмыстың жорамалды мазмұнының нұсқасын(тұрпайы) құрып алады;

  • тақырыптың мазмұнын шешуге ақпарат көздерінен материалдар іздейді(кітапханада каталогпен жұмыстана әдебиет тізімін құру, әдебиетпен жұмыстану: тезистеу, конспектілеу, көшірмесін алу және басқада мәнді материалдар жинайды;

  • кәсіптік мектептегі тақырып бойынша педагогтардың озат тәжірибелері туралы қосымша ақпарат көздерінен, далалық (полевое) зерттеу арқылы жинайды;

  • экспериментке қажетті зерттеу тәжірибесінің әдістемесін құрады, анықтаушы(констатирующий) тәжірибеге сауалнама,тест, пікір алысу, бақылау сияқты материалдар дайындап, оларды топ оқушылары арасында өткізеді. Сонымен бірге, кәсіптік мектептің мамандығы бойынша оқу-әдістемелік құжаттар мен нормативті құжаттардың мазмұнымен танысады;

  • жұмыстың ғылыми-анықтамалық аппараттарын(сілтемелер, әдебиет тізімі) орнықты белгілейді;

  • курстық жұмыстың бірінші тарау материалдары ұқыпты бірізді жүйеленіп нұсқасы(тұрпайы вариант) аяқталады;

  • бірінші тараудың бөлімі бойынша ғылыми жетекшісіне студент өзінің мәселеге көзқарасын білдіреді.

Студент негізгі(тәжірибелі) кезеңде орындайды:

  • тақырып бойынша белгіленген зерттеудің пәні аясындағы мақсатқа жетуге тәжірибелі құралдарды дайындайды: әдістемелік тақырып бойынша оқытудың әдістемесін(техникалық құралдарды жасау бойынша объектінің моделін жасап сынау) жасау және оның дидактикалық, көрнекілік және бақылау(оқушының білімін тексеруге сәйкес) материалдарын дайындау;

  • дайындалған оқыту құралдарының тиімділігін анықтауға тәжірибе ұйымдастыру және өткізу, мәліметтер алу;

  • сәтсіз дайындалған оқытудың құралдарын анықтап, қайта тәжірибеден өткізіп түзетіп, алынған мәліметерді өңдеп саралау, тәжірибе бөлімін қорытындылау;

  • тәжірибе жұмысын дайындау және өткізу кезеңдерінен алынған әдістемелік және тәжірибелік материалдар мен мәліметтерді мәтінге түзу, сан мәндерін сапа мазмұнына айналдыра жүйелеу;

  • курстық жұмыстың тәжірибе бөлімінің нұсқасын(тұрпайы) жүйелеп қорытындылау;

  • курстық жұмыстың нұсқалы(тұрпайы) мазмұнын түпкілікті түзетіп аяқтайды;

  • тәжірибеге әдістемелік және техникалық құралдарды, басқа материалдарды дайындау, жүргізу кезінде ғылыми жетекшімен кеңесе отыра түзету, өзгерту және толықтыру туралы әдістемелік көмектер алып отыруы шарт. Тәжірибелік жұмыстың аяқталу нәтижелерімен және мәліметтері туралы да байланыстары орнықты болуы абзал.

Студент қорытынды кезеңде орындайды:

  • курстық жұмыстың толық нұсқасы(тұрпайы) ғылыми жетекшінің ұсынысымен қосымша өзгертіліп, толықтырылып түзетіледі(қажет болса);

  • курстық жұмыстың түпкілікті дайын нұсқасы талапқа сәйкес рәсімделеді;

  • аяқталған курстық жұмыс ғылыми жетекшіге тапсырылып пікір алынады;

  • қорғауға дайын жұмысты кафедраға тапсырылып жұрналға тіркеледі.

Курстық жұмысты орындау күнтізбелік жоспарға(жеке тапсырма) сәйкес жүргізіледі:

  • курстық жұмыстың тақырыбы жаңа оқу жылы басталмас бұрын алдын-ала беріліп, оны ғылыми жетекшімен немесе кафедраның білікті оқытушыларымен бірге талқылап, оған қажетті материалдарды жинау, талдау, бірінші тараудың нұсқасы (тұрпайы) дайындалады;

  • семестрдің бірінші айында – студент жинаған материалдарын жетекшісіне көрсетіп бірге қосымша талдап, курстық жұмыстың жоспарын құрады, кеңес алу мерзімдерін белгілейді, кәсіптік оқу орнынан озат тәжірибелер, әдістемелік материалдар және оқу-әдістемелік құжаттармен, нормативті құжаттармен танысып материалдар жинайды, тәжірибенің әдістемесін құрайды (жетекшінің ұсынысымен) тәжірибе бөлімінің анықтаушы тәжірибесіне материалдар дайындайды, оны өткізеді, бірінші тараудың нұсқасы(тұрпайы) жүйеленеді;

  • семестрдің екінші және үшінші айында – қалыптастырушы тәжірибеге материалдар дайындайды және өткізеді, тәжірибеде алынған мәліметтер өңделеді, санды көрсеткіш сапалы мазмұнға айналдырылады, екінші тараудың тұрпайы нұсқасы және түпкілікті екі тараудың мәтінді мазмұны рәсімделініп, толық аяқталады;

  • семестрдің төртінші айында – курстық жұмыс ғылыми жетекшіге тапсырылып пікір алынады және қорғалады.

3. Курстық жұмыстың тақырыбы және оның құрылымды элементтерінің мазмұны
Курстық жұмыстың тақырыбы оқу курсынан дәріс және тәжірибелік сабақ беретін оқытушылармен құрылып, кафедраның отырысында талқыланып бекітіледі. Тақырып әрбір жаңа оқу жылында жаңартылып, қайта кафедраның отырысында талқылана, бекітіліп отырады. Курстық жұмыстың тақырып мазмұны оқу пәнінің мазмұнына және кәсіптік мектептің оқу-тәрбие процессіндегі өзекті, проблемалық мәселелерді шешуге, жорамалдауға негіз бола алатын бағыттар қамтылады (Қосымша 5).
Кафедра бекіткен және ұсынған тақырыптардың арасынан студент өзі таңдайды. Курстық жұмыс тақырыбын таңдау барысында студент төменгі критерияларға сүйенуі керек:
біріншіден, тақырыптың өзектілігі. Тақырыбы өзекті болып табылатын курстық жұмысты орындау;
екіншіден, таңдалған тақырыптың мазмұны ғылыми еңбектерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының ғалымдар орындаған зерттеу жұмыстарының сипатталу толықтығы;
үшіншіден, өзінің зерттеу шекараларын нақты анықтау;
төртіншіден, курстық жұмысты орындауда, оның кейбір мәселесін басқа кафедраның оқытушыларымен де біріге отырып, терең және толық қарастыруға мүмкіндік ала алады. Сонымен қатар, курстық жұмыс материалдары бітіруші курста орындайтын дипломдық жұмысты теориялық негіз бола алатын мүмкіндігіне иелене де алады;
бесіншіден, мәселенің өңделу дәрежесі.
Тақырыптың мазмұнына және кафедра тарапынан түскен сұраныстарға байланысты, кейбір жағдайда топтық формада студенттер бір тақырыптағы курстық жұмысты орындауы мүмкін.
Ақпарат көздерін іріктеу және талдау.
Курстық жұмыстың сәтті жазылуына зерттелетін тақырыпқа қатысты ақпарат көздерін шығармашылық тұрғыдан зерттеп қарастыру ықпал етеді.
Ақпарат көздерін талқылауға студент курстық жұмыс тақырыбын таңдап, бекіткеннен кейін кіріседі. Осы жұмыс барысында ол курстық жұмыс үшін таңдалған сәйкес зерттеу мәселелерінің қазіргі таңдағы жағдайын талдауы көшеді.
Курстық жұмыстың таңдалған тақырыбына сәйкес студентке, ең алдымен, кафедрамен ұсынылған негізгі әдебиетті талдау қажет, ал содан кейін қосымша әдебиетті студент дербес түрде іріктеп қарастырады (Қосымша 6).
Мәселелердің тереңнен талқылануы үшін қосымша отандық және шетелдік еңбектерді, сондай-ақ, нұсқамалар сияқты нормативтік құжаттарды пайдалануы қажет. Кітапхананың мерзімді басылымдарын аталмыш мәселе бойынша жарияланған мақалалар және материалдарын зерделеу, танысу қажет.
Еңбектерге сілтеме жасау барысында оларды шынайы қолдану қажет, оларды талдап, нормативтік құжаттардың ережелері және авторлардың пікірлерімен келісу немесе келіспеу пікірлерін саралап қарастырады.
Ғылыми-әдістемелік еңбекерді мақсатты түрде іріктеу (таңдау) үшін оқытушыдан кеңес алып, содан кейін ғана әдебиеттің ізденісін бастау керек.
Кітапхананың каталогтармен да танысу керек: алфавиттік, жүйелік, пәндік, сондай-ақ, түрлі библиографиялық анықтама басылымдары. Сонымен қатар, журналдар мен газеттердегі мақалаларды да тыс қалдырмайды.
Жалпы ережелер мен талаптарды ескере отырып, әдебиеттің библиографиялық сипаттамасын бірден дұрыс құру да маңызды. Тақырып бойынша таңдалған әдебиетті алфавит әріптері бойынша бөле отырып, осы үшін арнайы басталған дәптерге жаза тіркеп түзгені орынды. Монография, журналды және газеттік мақалалар бойынша библиографияны құруды ағымдық жылы басып шығарылған еңбектерден бастап, кейін алдыңғы жылдары шығарылған әдебиеттерге көшу керек.
Курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қатысты негізгі талаптар.
Курстық жұмысты жазар алдында студент тиісті:

  1. Таңдалған тақырыппен танысып, оның мазмұнын түсінуге терең ойлап, саналы және мақсатты шешуін пайымдай алу.

  2. Әдебиетті, мерзімді басылымдарды толық талқылау.

  3. Баяндалатын материалды нақты және қисынды сипаттау.

  4. Курстық жұмыс тақырыбы кіріспе, негізгі бөлім мен қорытындыдан құралатын жұмыс жоспарына сәйкес ашылуы тиіс.

  5. Жұмысты қазіргі таңдағы материалдарды, кестелер, сызбалар, графиктерді қолданумен жазу.

  6. Орфографиялық және стилистикалық қателіктер жібермеу.

  7. Сандық материалды кестелер түрінде рәсімдеу ұсынылады.

  8. Курстық жұмыс оқу жоспарымен қарастырылған мерзімдерде орындалуы тиіс.

  9. Егер жұмыс қорғауға жіберілмесе, онда ескертулерді ескере отырып, жұмысты толықтыру қажет.

Курстық жұмыстың құрылымдық элементтері:
- мұқаба беті (Қосымша 1);
- қурстық жұмысқа тапсырма(Қосымша 2);
- жұмыс мазмұны (Қосымша 3);
- кіріспе;
- негізгі бөлім (1-3 бөлімдер);
- қорытынды;
- қолданылған әдебиеттер тізімі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет