Кеубасова Г. У ақтөбе, 2023 мазмұны кіріспе


АКТ-ның құрылғыларына жалпылама шолу



бет5/16
Дата14.03.2024
өлшемі0.61 Mb.
#495499
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Тоқбай Альфия Абайқызы БҚБ-01202

1.2 АКТ-ның құрылғыларына жалпылама шолу

АКТ құрылғылары алуан түрлі болып келеді.Олар:


-Желілік технология;
-Компьютерлік технология;
-Қашықтықтан оқыту технологиясы;
-Интерактивтік технология;
-Мультимедиа технологиясы;
-Ғаламторлық технология.
SMART (ағылш. Specific, Measurable, Achievable, Relevant, Time bound - нақты, өлшенетін, колжетерлік, өзекті, уакытпен шектеулі) технологиясы - жасалатын жұмыстың мақсаттарын заманауи тәсілде жоспар ретінде кұру. SMART технологиясын қою жүйесі - максатты тұжырымдау ксзеңінде бар мәліметті қорытындылауға, жұмыстың мерзімдерін, ресурстарының жеткіліктігін анықтауға, үрдіске қатысушыларға айқын, нақты есептер қоюға мүмкіндік береді. SMART ұғымына толығырақ тоқталатын болсақ,мұндағы:
S-SPECIFIC:нақты.Яғни,нақты мақсат болуы тиіс,бұл оған жетудің жылдамдығын арттырады.Есіңізде болсын,біздің миымыз нақтылықты жақсы көреді.
M-MEASURABLE:өлшенетін.Қойылған мақсаттың өлшеніп,бекітілуі үшін нақты критерийлерді белгілеп көрсету қажет.
A-ACHIEVABLE OR ATTAINABLE:қол жетімді.Сіз орындайтын мақсат шамаңызға жанаспайтын,алыстағы нәрсе болмауы қажет.Яғни,қол жетімділік қажет.Белгіленген мақсат қол жетімді болмаса,орындалу ықтималдылығы 0-ге тең болмақ.
R-RELEVANT:өзекті.Мақсаттың өзектілігін,маңыздылығын анықтау үшін белгілі бір мәселені шешу адамның өмірлік мақсаттарына қол жеткізуге қандай үлес қосатынын ұғыну қажет.
T-TIME BOUND: белгілі бір уақытқа ие.Белгіленген мақсаттың дедлайны болмаса,оның орындалуы екі талай.Сондықтан да,мақсат уақытпен белгіленген болуы маңызды.
Смарт технологияны қолдана отырып,сабақты оқыту әдістемелерін жаңашылдыққа шығару қазіргі кезде де маңызды мәселелердің қатарына кіреді.Демек,бұл өз кезегінде ұйымдық бірлескен жүйелер және заманауи ақпараттық құрылғылар арқылы адамның жоғары деңгейдегі технологиялық пен интеллектуалдық мүмкіндікке толы жайлы ортасын құру болып есептелінеді.Оларды қолданғанда әрбір қолданушы өзіне керекті мағлұматты алатындай ұйымдастырылуы тиіс.Смарт білімді беру дегеніміз ауқымды көлемдегі алуан түрлі білім ресурстарының (видео,графика,аудио) қолданушыға қажетінше жылдам әрі оңай,ыңғайлы сипатта берілуі болып табылады.
Бұл технология барлық дерлік білім беру процестерін және осы үдерісте пайдаланылатын барлық технологиялар мен әдістердің толықтай жаңаруын іске асырады.Сондай-ақ,ол ақылды экран,интернеттің қолжетімділігі,ақылды тақта сынды жаңа технологиялардың қолданысының көбеюіне әкеледі.Осы жаңа технологиялардан әзірленген ортақ контентті білім беру үдерісіне қатысушы оқушылар интернеттің көмегімен белсенді түрде қолдана алады.Мұның артықшылығы,белгілі бір уақытқа немесе орынға тәуелділікті жояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет