2.1. Тарих сабағында қолданылатын тәсілдерге сипаттама
Мектепке тарих пәнін оқытуда басқа пәндердегі сияқты жалпы педагогикалық – психологиялық әдістер басшылыққа алынады. Дегенмен, тарих пәнінің мазмұнының ерекшелігіне және мақсат, міндеттеріне сәйкес өзіндік әдіс – тәсілдерді де қолданылады.
Әдістерді топтастырғанда бірнеше негіз басшылыққа алынады. Мысалы: 60 жылдары логикалық о йлау операциялары негіздерінде индуктивті, аналитикалық әдістер, дидакикалық мақсатты материалды оқып, үйрену, бекіту, алған білімді тексеру орын алады. Ғалымдар мен әдіскерлер білім көзіне сөздік көрнек, практикалық, және оқушылардың танымдық әрекетінің дербестік деңгейіне қарай әдістерді топтасыруға ерекше ден қояды. Танымалы дидактиктер М. Н. Скаткин мен И.Я. Лернер оқушылардың танымдық әрекетінің деңгейін және олардың дербестігінің үнемі артып отыратындығын ескеріп, оқыту әдістерін топтастырудың мынадай әмбебап жүйесін жасады. Оларды салыстыра талдап көрейік.
Оқыту әдістер.
М. Н. Скаткин бойынша
|
И.Я. Лернер бойынша
|
Ақпараттық –нұсқаулық
|
Түсіндірмелі -безендіру
|
Қайта жасау әдісі
|
Қайта жасаушы әдіс
|
өзекті мәселені мазмұндау
|
өзекті мәсілені мазмұндау
|
Эвристикалық
|
Ішінара ізденушілік
|
Зерттеушілік
|
Зерттеушілік
|
Қайта жасаушы әдістер дайын білімді мұғалімнің мазсмұндауы және оқушының игерумен байланыстырылады. Жоғарыда кестеде келтірілген алғашқы екі әдіс осы топқа жатады. Басқа әдістер-өнімдік әдістерді құрайды. Олар үш бағыттан тұратын оқушылардың дербес ізденушілік әрекеттері мен байланысты: 1. ізденуге танымдық және практикалық тапсырмалармен міндеттерді қосу (құжаттармен, тарихи карталармен, статистикалық мәліметтермен жұмыс, археологиялық қазбаларға қатысу), 2. мұғалімің нақты жағдайды дәледеу және мазмұндауда таным процесіне жол ашу, 3. мұғалмнің басшылығымен оқушылардың тұтас зерттеу жұмыстарымен айналысуын ұйымдастыру (талдау және деректерді жинақтау негізнде құжаттарды, ғылыми әдебиеттерді зерттеу)10.
Сөздік, көрнекі және практикалық әдістер. Сабақтағы жанды сөз монологтық (тарихи материалды мұғалім немесе оқушының мазмұндауы) және әңгіме түрінде өтеді.
Тарихты оқытуда мұғалімнің ауыз екі сөзі жетекші рол атқарады. Оның көмегімен оқушыларға тарихи білім беріледі және олардың танымдық әрекетіне басшылық жасалады. Ауызекі сөз- адамзаттың жүйеленген және жинақталған тәжибесін жеткізудің ең тиімді тәсілдерінің бірі. Мұғалімінің жанды сөз оқу процесіне тарих ғылымының соңғы жаңалықтарын, қазіргі күннің мәселелерін шұғыл енгізуге мүмкіндік береді. Ауызекі сөз ең бастапқы білім көзі бола тұрып, басқада білім көздерін қолдануға көмектеседі.
Тарих сабағындағы мұғалім сөзі біріншіден, ақпараттық қызмет атқарып, өткен кезбен бүгінгі күннің тұтас болмысын жаңғыртады. Екіншіден, қисындық қызмет атқарып, оқушылардың санасына адамзат ойның ақиқатқа ұмтылған дәлелдік қуатын сіңіреді. Үшіншіден, тәрбиелік қызмет атқарады.
Сөз –ең көне қатынас құралы. Социолог Вильвур Шраммның зерттеуі бойынша адамының ауызекі сөзден жазуға көшуіне 500 млн. Жыл керек болса , қолжазбадан баспа жазуға дейін 5 мың жыл, ал баспа жазудан теледидарға дейін 500 жыл қажет болды. Ал теледидар мүмкіншілігі бар ұрпақ өмірінің ішінде компьютер жетістігіне ұласты. Осылайша сөздің қатынас құралы ретінде маңызы артып, ол жаңа қасиеттермен танылуда.
Сөз ауызша сөзге де, жазба мәтінге де қажет болғандықтан сөздік әдіс ол ауызша және сөздік -баспалық болып екіге бөлінеді. Сөздік әдіс оқушымен мұғалім бірлесе жұмыс жүргізіп, бір-бірімен сөздің көмегімен байланысқанда, ал сөздік -баспалық тәсіл жазба мәтінмен жұмыс жүргізгенде қолданылады.
Оқытудың көрнекі әдістері де сөзбен тығыз байланысты. Көрнекілік әдістер сұлбалар, кестелерді , тарихи карталар мен картиналарды, тақта мен борды экрандық құралдарды қолдануды қажет еттеді. Бұл әдіс қандай тәсілдерді қолданғанда да бірнеше элементтерден құралады. Мысалы, тарихи картинаны пайдаланғанда мәселе қою, оның мазұнын оқушылардың талдауы және талқылауы, қорытынды әңгіме жүргізу сияқты бөлімдерден тұрады.
Практикалық әдістер оқу пәні әрекетінің ерекшеліктерінен туындайды. Тарихты оқытуда бұл макет, үлгі жасап сұлбалар жасауда қолданылады. Осылайша оқытудың барлық әдістерінде сөз қолданса, ол таза күйінде тек сөздік әдістерде пайданылады .Басқа әдістерде сөз тиісті оқу құралдарымен бірге -жазба дерек көзі оқу және көрекі құралдармен аралас қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |