IV. Сабақтың өту жоспары
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Сыныптағы топ мүшелерінің сөзі.
цифрларды шешу.
сабақты қортындылау.
V. Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:карта, плакат, цифрлар жазылған картотекалар, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Туы, суреттер.
Сыныптағы барлық оқушылар төртке бөлініп, оларға алдын- ала тапсырмалар беріледі. Әр топқа ат қойылады. 1-ші топ «Жас тұлпар», екінші топ «Жас ұлан», үшінші топ «ЕСЕП» ал төртінші топ «Қазақ халқын қорғаушылар» тобы деп аталады. Бұл атаулардың әр қайсысының тарихи мәні бар.
1936-1966 жылдары Мәскеудің жоғары оқу орындарында оқитын бір топ қазақ студент жастары «Жас тұлпар» атты ұйым құрған. Ол ұйым кеңес отаршылдық пен тоталитаризмге қарсы күрес идеяларын басшылыққа алған. Ал Қарағанды қаласында «Елін сүйген ерлер партиясы», Павлодарда 1968 -1969 жылдары мектеп оқушыларының «Жас ұлан» париялары іс қимыл жасап, қазақтың тілін, мәдениетін дамыту отаршылдыққа қарсы көтеріліс ұйымдастыру мәселелерін көтерген. Олардың өз бағдарламаларымен жарғылары болған.
Ал «Елін сүйген ерлер партиясы» қысқартып алғанда «ЕСЕП» болады. Төртінші топтың аты 1941 жылы Орал қаласында құрылған ұйымның атымен аталған. Сол сталиндік тоталитарлық жүйенің қылышынан қан тамып тұрған кездің өзінде Орал қаласында оқитын 14 балғын жас КСРО –дан бөлініп, өз алдына дербес Қазақстанның Социалистік Ұлттық мемлекетін құруды мақсат еткен. Ол өздерінің ұйымын «Қазақ халқын қорғаушылар Одағы» деп атаған.
Әрине, осы аталған «диссиденттік» ұймдардың бәріде көп кешікпей ашылып, олардың мүшелері құғын-сүргінге ұшыратылған. Оқушыларды осындай ұйымдармен таныстыру 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы тақыр жерде тумағанын, оның алғы шартты қоғам қойнауында ертерек пісіп жетілгенін түсінуге мүмкіндік береді.
Сабақ мұғалімінің кіріспе сөзінен басталады. Кіріспе сөзде 80-жылдардың басындағы қоғамның саяси, экономикалық және әлеументтік жағдайына қысқаша сипаттама беріп , Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 16 желтқсанындағы Пленумына тоқталдым. Одан кейін 17-18 желтоқсандағцы оқиғаларды қысқаша сипаттап, топ мүшелеріне сөз бердім.
Әр топ желтоқсан оқиғалаы туралы жинап келген деректерін ортаға салды. әр топ ең бірінші неліктен «Жас тұлпар», «Жас ұлан» деп аталаныны туралы дерек береді де содан соң желтоқсан құрбандары туралы өздері білетін дерек – фактілерді ортаға салды.
Мысалы, 1-ші топ «Жас тұлпар» Қайрат Рұсқылбеков туралы айтады. Онда Қайраттың өмірбаяны, оның желтоқсан оқиғасына қатысуы, Қайраттың тұтқындалуы, өлім жазасына кесілуі, кейін ол жазаның жиырма жыл түрмемен алмастырылуы, Қайраттың қазасы, соңынан оның ақталуы, Президент жарлығы мен «Халық қаһарманы» атағы берілу туралы айтылады.
Сол сияқты екінші «Жас ұлан» тобы желтоқсан құрбандары Мырзағұл Әбдіғұов пен Жансая Сәбитова, үшінші топ Сабира Мұхаметжанова мен Ләззат Асанова, төртінші топ Ербол Сыпатаев пен Кенжегүл Молданазарова туралы жинаған деректерін келтіріп өтті.
Енді сабақтың үшіні сатысы цифрларды шешу. Оның негізгі міндеті оқушылардың оқиғалар сабақтастығын түсінуіне жағдай жасау. Осы арқылы оқушылар желтоқсан оқиғасының себебін, салдарын, нәтижесі мен маңызын тереңірек түсінеді.
Ол үшін арнаулы картон қағаздарға Кеңес қоғамы кезіндегі және 90-ші жылдардағы желтоқсан оқиғасымен байланысы бар тарихи оқиғалардың жылы, айы, күні, жылын айыратын нүкте қойылмайды. Мысалы, Қазақстанның тәуелсіздігі күні 16.12.1991 цифры картотекада былай көрсетілуі мүмкін – 16121991. Сонымен қатар тарихи оқиғаның күнін, айын, жылын көрсететін цифрладың орны ауысып келуі де мүмкін. Ондай жағдайда жаңағы цифрларымыз 19911612 деп жазылады. Оқушылардың міндеті: ең бірінші нүктені дұрыстап қоюы қажет. Еішінші бұл датада болған қандай оқиға екенін айту және оның желтоқсан оқиғасымен қандай байланысы барын көрсетуі, дәлелдеуі керек.
Оқушылар сабақ барысында мынадай цифрларды шешті:
461992 199285 1989228 2291989
Егер нүктелерді дүрыс қойып, дұрыс шешкен жағдайда бұл цифрладың біріншісі мынадай болып шықты 4.6.1992 жылы. Бұл күні Қазақстан Республикасының нышандары – Елтаңбасы, Туы және Әнұраны туралы заңдар қабылдаған.
1989.2.28 бұл күні ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың басшылығымен халықраралық антиядролық «Невада – Семей» қозғалысы құрылды. Бұл 1986 жылғы желтоқсан қозғау салған демократияның, жариялықтың нәтижесі еді.
Ендігі цифрымыз 199285 бұл цифрдің нүктесін қоюмен қатар орындарын да дұрыстап қою керек.
Ол үшін соңғы екі цифрді ретін бұзбастан алдына шығарамыз: 851992. Енді цифрін дұрыс қойғаннан кеін нүктесін дұрыстап қойсақ манадай болады: 8.5.1992 жыл. Демек, 1992 жылдың 8- мамыры. Дәл осы күні Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы Президент Жарлығы жарияланған.
Дербес Қарулы Күштерісіздің құрылу Тәуелсіздіктің, ал тәуелсіздік 1986 жылғы желтоқсанның нәтижесі. 1986 - 1991 -1992.
Философиялық – диалектикалық заңдылық бойынша ешқандай тарихи оқиға оқшау болмайды. Тақыр жерде тумайды, бір оқиға екінші оқиғаның себебі болса, ол кезегінде бірінші оқиғаның салдары, келешектегі оқиғаның себебі болуы мүмкін. Осылайша адамды тарихындағы оқиғалар салдарлық байланыстардан тұрады.
Енді төмендегі карточкалық сұрақтармен жұмыс істеуге көшеміз:
1. 194989
│
486
1600000
Олардың шешімі мынандай.
Бірінші карточкадағы сандар мынаны білдіреді:
194989 жылдары Семей атом полигонында 486 ядролық жарылыс жасалып, 1600000 адам радиациядан зардап шегіп денсаулығынан айырылған.
29 пайыз бен 1600000 цифрларын тақтаға бөлек жазып, бұл цифрлардың тасасында әр бір қазақ баласының қайғы - қасіреті мен көз жасы жатқанын көрсетеді.
Осы айтылғандардың негізінде бүкіл әлемді дүбірлеткен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының себебі, маңызын және салдарын оқушылар мынадай тізім сызба арқылы анықтады:
1) 24.4.1990 – Президенттік басқару енгізілді.
2) 16.12.1991 – Тәуелсіздік күні
3) 10.12.1997 – Ақмола ресми түрде Қазақстанның астанасы болып жарияланған.
4) 15.11.1993 - Ұлттық – валюта теңгенің айналымға енген күні. Т.б.
Бұл даталардың барлығы желтоқсан оқиғаларының салдар мен нәтижелері.
Осыладың ішіндегі ең бастысы 16.12.1991. Бұл күні Қазақстанның тәуелсіздігін жариалар дербес елге айналды. Міне бұл желтоқсан оқйғасының ең басты нәтижесі және маңызы. Егер желтоқсан оқиғасы болмаса 1990 жылғы егемендікте, 1991 жылғы Тәуелсіздік те болмас еді. Міне осылайша желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы жан – жақты толық ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: |