Кіріспе Жұмыстың мақсаты


Тарих сабағында цифрлық тәсілдерді қолдану



бет8/10
Дата09.03.2023
өлшемі193.5 Kb.
#470551
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kur -tarihty-oqytu-adistemesi-pani-zhane-ondagy-oqytu-adisteri

2.2. Тарих сабағында цифрлық тәсілдерді қолдану.
Қазіргі мектептерде тарих пәнін оқытудың негізгі мәселелері бірі оқушылардың білімді өз бетінше игеруі болып табылады. Соған сәйкес мұғалімнің басты міндеті білімінің жаңа мазұнынан туындайтын сабақтың маңызды ерекшеліктерін анықтап, сабақтың үлгісін құру және сабақты жетілдірудің жолдарын тауып, оның сапасын арттыру.
Ол үшін оқушылардың әрбір тарихи оқиғаларға ғылыми тұрғыдан баға беріп, олардың сабақтастық байланысын түсінуіне жағдай жасау керек.
Соңғы жылдары заман талабына сай оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері іздестіріліп, бағдарламалап оқыту, дамыта оқыту, сияқты оқытудың жаңа технологиялары кеңінен таралуда. Сабақты оқушыны ынталандыратындай қызықты және сапалы өткізу үшін ең алдымен тақырыпқа сәйкес оның ұйымдастыру формасын дұрыс таңдап алу қажет11.
Біздің ойымызша сондай сабақтардың бірі 11сыныпта Қазақстан тарихынан біздің ұймдастырған цифрлық тәсілдерді қолданғанда «Конференция сабағы» болды.
І. Сабақтың тақырыбы: әлемді дүбірлеткен желтоқсан және оның тарихи маңызы.
ІІ. Сабақтың мақсаты: желтоқсан көтерілісінің қазақ халқының шынайы ұлттық санасының оянуы мен тәуелсіздікке қол жеткізудегі тарихи ролін көрсету. Желтоқсан құрбандарын еске ала отырып, халық бостандығы мен елдігі үшін күрескен сол үшін құрбан болған ағалар ерлігіне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Желтоқсан оқиғасының қазақ халқының тарихында бұдан бұрын болған тұлт-азаттық көтерілістерімен сабақтастық байланысын және алып империалы Кеңестер Одағы мен дүние жүзілік социялистік жүйенің күйреуіне тигізген ықпалын түсіндіру.
ІІІ. Сабақта ашылып көрсетуге тиісті мәслелердің жоспары:

  1. Қоғам өміріндегі дағдарысты құбылыстар.

  2. СОКП-ның диктатуралық билігі.

  3. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің V Пленумы, Республика басшылығына Г. В. Колбиннің келуі.

  4. Брежнев алаңындағы 17-18 желтоқсан дағы оқиғалар.

  5. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1990 жылғы 24-қыркүйектегі қаулысы.

  6. Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет