Кіріспе Жұмыстың мақсаты


Иллюстрациялап түсіндіру әдісі



бет3/10
Дата09.03.2023
өлшемі193.5 Kb.
#470551
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kur -tarihty-oqytu-adistemesi-pani-zhane-ondagy-oqytu-adisteri

Иллюстрациялап түсіндіру әдісі - бұл мұғалімінің ауызша баяндауын және әңгімелеп тұрып пайданылатын басқа құралдарды (оқулықпен, техникалқы, көрнекі т.б. құралдар, көркем әдеиет т.б.) қамтиды. Бұл әдісті қолдану барысныда мұғалім де , оқушыларда қызмет еттерді.
Репродуктивті әдіс – оқушылрға қажетті біліктерді қалыптастыруды көздейді. Өйткені, оқушылар иллюстрациялап түсіндіру кезінде меңгерген білімін қолдануға қажетті біліктерді меңгере алмайды. Олар осы екінші әдісті қолдану арқылы жүзеге асады. Бұл әдісті пайдалану кезінде оқушылар мұғалімінің басшылығымен ол оқытып үйреткен білімді өздігінше бірнеше рет және әртүрлі жағдайда еске түсіруге мүмкіндік беретін жұмыс түрін атқарады. Мәселен, бүгін өтілген тарихи оқиғаны бұрын оқытылып кеткен ұқсас оқиғамен салыстырып, ұқсас белгілері мен ерекшеліктерін табады. Өтілген материал бойынша жоспар жасайды, тарихи фактілерге өздігіше баға береді, теориялық қорытындыларға, тұжырымдарға тарихтан, өмірден өздігінше нақты мысалдар келтіреді, түрлі схемалар, кестелер сызады т.б.
Проблемалық оқыту әдісі - мұның мәнісі мұғалім жаңа тақырыпты баяндар алдында немесе оның белгілі бір маңызды мәселесін түсіндіруге кіріскенде оқушылардың алдына проблема қояды, оның шешілуі туралы ғылыми болжам жасайды, соған жетудің әртүрлі жолдарын, нұсқаларын ұсынады. Оқушылар мұғалімнің әңгімесін зер сала тыңдай отырып, проблеманы шешу лоникасын қадағалайды, алдын ала жасалаған ғылыми болжамдардың, шығарылған қортындылардың қайсысының қаншалықты дұрыстығын дәледілігін аңғарады.
Ішінара іздену немесе эвристикалық әдіс-оқушыларды бірте - бірте белгілі бір проблемаларды өздігіше шеше алу дәрежесіне дейін жеткізуді көздейді, қажетті біліктерді біртіндеп қалыптастырады. Мысалы, бояулы суретке , құжатқа , түсірген мәселеге байланысты сұрақ қоя отырып, проблеманы шешуге үйретеді: естіген фактілері бойынша қорытынды жасауды, немесе өздерінің болжамдарын айтуды ұсынады т.б.
Зерттеу әдісі – шығармашылық пен жұмыс істеу тәсілін және білім мен біліктерді толық үйретіп, меңгертуді мақсат етеді. Бұл әдіс Кеңес мектебі тәжрибесінде ұзақ уақыт және кеңінен қолданылады, сонымен бірге өзінің тиімді екенін де көрсеті. Зерттеу әдісі - ғылыми тұрғыда танып білудің тәсілдерін меңгеруге көмектеседі; шығармашылықпен жұмыс істеудің бұған дейінгі айтылып өткен белгілерін қалыптастырады; өздігінше зерттеу жұмысын жүргізуге қызығатын оқушылардың ынтасын ұштай түседі; оқушылар білімді толық әрі саналы түрде меңгереді және оны ұтымды орынды қолдана алуға үйренеді.
Сөйтіп, оқушылардың іс әрекетін, ойлау, таным қызметін дамытуға, бағытталған бұл әдістер белгілі жоспармен, жүйемен жүргізіледі, демек белгілі бір сатыларға бөлінеді. Алғашқы әдіс-бірінші саты, екінші -төртінші әдістер-екінші саты, соңғы әдіс-үшінші саты.
Белгілі дидактик –ғалым И. Я. Лернер өз еңбегінде жоғарыдағы оқыту әдістері туралы өзінің ғылыми тұжырымдарын одан әрі жетілдіріп, ол әдістерді тарих пәні мысалы арқылы былай деп көрсетеді (автордың алғашқы, негізгі мамандығы-«тарих пәнінің мұғалімі»- Т. Тұрлығұл6.
«Тарихи материалды оқып, тарып білу және оны меңгеру үшін көптеген тәсілдер мен құралдар қолданылады. Алайда, олардың бәрі біз келтіріп отырған төмендегі оқыту әдістерінде қамтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет