Кіріспе Жұмыстың мақсаты



бет2/10
Дата09.03.2023
өлшемі193.5 Kb.
#470551
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kur -tarihty-oqytu-adistemesi-pani-zhane-ondagy-oqytu-adisteri

Әңгімелеу. Мұғалім оқу материялдарын бір ізділікпен баяндады. Ол үшін материяды айқын, сенімді етіп бейнелейді. Фактыға негізделген мәліметтер әңгімелеу түрінде сөз етіледі. Әңгімелеуде талдау жинақтау тәсілдері пайдаланылады. Әдетте әңгімелесу, бастауыш сыныптарда 10-15, ал жоғары сыныптарды 20-25 минутқа созылады. әңгімелеу әдісі көбінесе тіл, әдебиет, тарих, география сабақтарында қолданылады. Сабақтың қалған уақытында оқушылар мұғалімнің басшылығымен әр түрлі жұмыстарды өз бетінше орындайды.
Әңгіме әдісі сабақта сұрақ – жауап формасы түрінде қолданылады. Сондықтан мұғалім алдын ала жоспар жасап, онда сұрақтардың жүйесі мұқият ойластырылады. Бұл оқушылардың білімін тақырып бойынша логикалық бір ізділік пен анықтауды қамтамасыз етеді. әңгімені осылай өткізу оқушылардың ойлау белсенділігін раттырады. Оларды басты және өте маңызды мәселелердің мазмұнын, өзар байланысын анықтауға талаптандырады. Оқушыларды болжауға бағыттайды, өз ойларын дәлелдеуге мәжбүр етеді. әңгіме әдісінің барлық процесі өтілген оқу материялын жүйеге келтіруге және жинақтап қорытуға мүмкіндік береді.
Түсіндіру. Мұғалім оқу материялын баяндаушы оқушылардың белсенділігіне, ынтасына, білім деңгейіне сүйенеді, материялдың мазмұнан дәлелдейді, кейбір ережелердің, ұғымдардың, заңдардың мәнін ашады. Материялды түсіндіруге түрлі құралдарды, есептер шығаруды, жазып алуды кең түрде қолданады, оқушылар баяндау процесінде мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, байымдайды, дәлелдеуге тырысады.
Мұғалім түсіндіру әдісі бойынша оқушылардың іс - әрекетін басқарудың барлық мүмкіншіліктерін пайдалана білсе, онда оқушылар жаңа материады қабылдай отырып, өткен сабақта алған білімін салыстырады, талдайды. Мұғалімнің басты міндеті, оқушылардың танымдық, іс-әрекетінің ішкі процесін сезу, күдікті және қиын мәселелерді күн бұрын болжау, оларды болдырмаудың жолдарын іздестіріп, оқушыларға көмектесу.
Лекция. Басқа әдістерге қарағанда лекцияның көлемі, күрделілігі, логикалық құрылысы жағынан айырмашылығы бар. Сондықтан лекцияны бастар алдында лқушыларға нақты сұрақтардан тұратын оның жоспары ұсынылады. Лекция сұрақтар бойынша логикалық бір ізділікпен баяндалады. Әрбір сұрақтан кейін қорытынды жасалады. Лекцияда кейбір тың, құнды ғылыми әдебиеттерде осы уақытқа дейін жарияланбаған мәселелер баяндалады.
Қазірге дейін дидактикада (оқыту теориясында) оқыту әдістері толық жіктеліп-сарапталып болған жоқ. Мәселен, тарихты оқыту әдістемесі туралы белгілі еңбектерде оқыту әдістері негізінен төмендегіше жіктеліп-сарапталады: 1. Тарихи материалды ауызша хабарлау әдістері: бұған мұғалімнің ауызша баяндау, әңгімесі, түсіндіру, мектеп лекциясы, оқушылармен әңгімелесу жатқызылады; 2. Тарихты көрекі құралдар көмегімен оқыту әдісі: бұған бояулар, суреттер, оқулықтағы иллюстрациялармен жұмыс жүргізу әдістері және портретті, карикатураны, картаны, экрандық және басқа да техникалық құралдарды пайдалану жатқызылды; 3. Тарихты оқытқанда түрлі мәтіндермен жұмыс істеу әдістері; бұған оқылықпен, тарихи құжаттармен, көркем әдебиетпен жұмыс істеу әдістері қосылды5.
Оқыту әдістерін бұлайша жіктеу-сараптаудан мұғалім мен оқышының сабақ үстінде атқаратын жұмысы және сол жұмысты ұйымдастыруда пайдаланылған құралы (тарихи құжат, көрнекі не техникалық құрал, оқулық т.б.) шешуші роль атқарады.
Өткен ғасырдың екінші жартысында кеңістік педагогика ғылымы, соның ішінде дидактика едәуір дамыды. Сабаққа қатысты басты жаңалықтардың бірі-жаңа тақырыпты оқып үйренуге бүкіл сынып оқушылар қатыстыру және осы қатысу барысында оны меңгеру үшін оқушылар өздері ой қызметімен шұғылдануы керек. Оқушылардың меңгерген білімі оларды өздерінің ойлау қызметінің іс әрекетінің нәтижесі болуы тиіс.Сонда ғана алған білім берік болады. Сөйтіп, сабақта оқушылардың таным, ойдау қызметін, іс әрекетін дамыту бірінші кезекке шықты, басты міндет етіп қойылды. Осыған сәйкес оқыту теориясы саласында еңбек етіп жүрген бір қатар ғалымдар барлық пәндерге ортақ деп оқыту әдістерін төмендегіше жіктеп -саралады :


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет