Кіріспе Жұмыстың мақсаты



бет6/10
Дата09.03.2023
өлшемі193.5 Kb.
#470551
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kur -tarihty-oqytu-adistemesi-pani-zhane-ondagy-oqytu-adisteri

Бейнелі сипаттама - бейнелеудің бір түрі. Нақты кезеңдегі қоғамның типтік өкілдерінің сипаттамасын бейнелі деп атаймыз. Ол өкілдер: көпес, помещик, жұмысшы, бай, сұлтан. Мысалы, сақ сарбазының сипаттамасы. Бейнелі сипаттама оқушыларға берілетін тапсырмаға ұшастырылады.
Тарихи тұлғаның сипаттамасы. Тарих сабағында бейнелі сипаттама қолданылады. Ол үшін мынандай арнайы жаднаманы қолдануға болады.

  1. Тарихи қайраткерлердің сыртқы бейнесін суретте (реңі, өзін ұстау, сөзі, киімі).

  2. Тұлғалық белгілерін сипатта (ақыл, ой, мінез).

  3. Өмірінің ең жарқын маңызды фактілерін ата.

  4. Тұлғаның тарихқа қосқан үлесіне баға бер.

Көрнекті тарихи тұлғалардың тиіптік ерекшеліктеріне сипаттама берілгенде көбіне құжаттық метериалдар , портреттер, көркем әдебиеттер пайданылады.
Қайраткер тұлғалардың іске асырған ерекше әрекеттері оқушылардың есінде ұзақ сақталады
2. Тарихты оқытуда бейнелеу тәсілдерін пайдалану.
Мысалы: тарихи тұлғаның сипаттамасы. Әмір Темір-өз уақытының перзенті. Оның бойынан сол заманның мінез-құлқы, іс-әрекеті, парасаты, болмыс-бітімі мен қарама-қайшылығы тұтас көрінеді. Темір жас кезінде сарайға жақын жүріп, тақ пен билік үшін жанталастың, сатқындық пен сұрқиялықтың, опасыздық пен аярлықтың небір түрлерін көріп есейді.
Темір жас кезінде : «Егер Алла жар болса, менде хан болуға тырысп, ауылдарды, қалаларды және ордаларды билеймін»,- депті .
Темір Алтай мен Атырау арасын алып жатқан Тұрандағы Дешті-Қыпшақ елінің билігіне әркімнің -ақ таласып жатқанын айқын байқады. Темірдің өзіде Мәуереннахрдағы қоңырат руынан шыққан Әмір Хұсайынға, біресе Моғолсатнның ханы Тоғылық Темірге , енді бірде оның баласы Ілияс Қожаға, одан кейін Барлас Қожаға, кейінен қайтадан Хұсайынға бағынып қызмет істеді. Темір Хұсайынның әпкесі Ұлжан Тұрханға үйленіп, билік биігіне бірте-бірте көтеріле берді. Тақ тайғанақ, тәж тұрақсыз еді. Жиырма жасында шыңдалып, талай-талай әскери машықтарды үйреніп, тіршілік мектебінен өткен Темір бұл жағдайды жақсы білді.
1362 жылы Сейстанда болған оқиға Темірге оңай тимепті. Ол осы шайқаста қатты жарақат алып, ажал аузынан әрең аман қалыпты. Ол шайқас туралы Темір : «Шайқас қатты қызды . Өзім 12 жауынгермен қызу айқастың қақ ортасында жүрдім, сол кезде біреуі аяғыма, екіншісі оң шынтағыма екі жебе қадалды....Мен қызулық үстінде жараланғанымды байқамаппын. Алланың жәрдемімен дұшпанның бетін қайтарып, оларды тырқыратып қуғаннан кейін ғана ес жидым», - деген екен.
1370 жылы сәуірдің 10-ы ол Әмір болып, күллі Мәреннахрдың әскер басшыларынан ант алып нағыз жұлдызды шағы туады. Қанатын кең жайып, қиырға құлаш ұрды. Саяси бейліктің әр түрлі әдістерін жете білген Темір бірнеше әкімшілік жүйелерін енгізіп, мемлекетті нығайту қамына кірісті. Ол өз басшылығымен жаздырған «Темір түзгі» кітабында қандай қоғам қайраткері екенін көрсетіп, сол кездің әлеуметтік-қоғамдық құрылысы туралы батыл тұжырым жасайды. Қарамағындағы адамдарды 12 топқа жіктеп, қайсысына қалай қарау керек екенін айтып, сипаттама береді. Бұл Ақсақ Темірдің саяси өсиетнамасы еді. Осыған қарап Әмір Темірдің қандай тұлға, қадай ұйымдастырушы, қандай іскер болғанын байқауға болады. Ол түрік тіліне аса жоғары мән беріп, төңірегіне ақындар мен суретшілерді сазгерлер мен ғалымдарды топтады. Жалпы түрік мәдениетінің дамып гүлденуіне зор үлес қосты. Кейбір тарихшылар «Темір асқан білімді адам болды» деп баға берді.
Сирия тарихшысы Ибн Арабшах өзінің «Темір әрекеттерінің кереметі» деген еңбегінде былай суреттейді: «Темір еңсегей бойлы, ірі кесек тұлғалы еді, салалы сақалды.... оң аяғын сылтып басатын, көзі өткір, шамшырақтай күшті дауысты. Ажалдан қорықпайтын ойы ұшқыр, еш нәрседен қаймықпайтын жау жүрек еді. Оның үстіне күйінсе де, қабағынан қар жаумайтын, сүйінсе де, онша масайрап кетпейтін...»
«Темір түзгінінің» бір бетінде: «он екі жасымнан бастап түрлі уәлаятты аралап, бақытсыздықпен күрестім. Жоспарлар жасап қарсыластарымның жасағын қираттым, баһадүрлер мен сарбаздардың кейісіне ден қойып, олардан қатты сөздер естідім, бірақ шыдамдылық пен суханым сүймейтін жалған бейқамдықтан арылу арқылы оларды тәубаға келтіріп отырдым... Мен халықтың тұрмыс – тіршілігін жақсы білдім. Зиялыларға бауырымдай, ал қарапайымдарға баламдай қарадым. Әр уәлаят пен әр қала тұрғындарының қам – қарекетімен салт-дәстүріне бейімделдім... Менің бақытымның жарқылы ешкімді де ұмыт қалдырған жоқ... Оған қоса жүрегімде мейрімділік те орын тепті, - деп жазады.
Темір алғашқы жорығын Хорезмге жасады. Үш рет шабуыл жасап, Тоқтамыс ханды қолдағандығы үшін мемлекеттің астанасы Үргенішті түгел қиратып, орнына арпа еккізіп жіберді. Әмір Темір мен Тоқтамыстың ара – қатынасы өте шиеленісті болды. Тоқтамыстың екі жүзділікпен қаншама қарсы әрекет жасағанына қарамастан, алдына келгенде барлық қылмысына үлкен жүрекпен кешірім жасап, үш мәрте жоғалтқан тағына Темір оны қайта отырғызды.
Әмір Темір қаһарыны төгіп, Үргенішті тып-типыл еткенімен, өзі сүйіп астана еткен Самарқанды гүл жайнатты. 1381 жылы Қорасанды алғаннан кейін Темір үлкен арықтар қаздырып, шығыр орнатып, құбырлар тартқызды.
Әмір Темір кезінде батыс пен шығысқа көз тігіп, үш жылдық (1386ж.), бес жылдық (1392ж.) және жеті жылдық (1399ж.) соғыс жариялап, шаңды - шаңға қосқан жойқын жорықтар жасады. 1383 жылы Сейстанды, 1393 жылы батыс Парсы мен Иракты, 1398 жылы Үндістанды жаулап ала отырып, 1395жылы Тоқтамысқа Терек түбінде түбегейлі тойтарыс берді.
Дүниені дүр сілкіндіріп айшылық жолдарға ат үстінде жүріп аптада жетіп, мерейі артып жиырма жеті мемлекетке патша болған. Қаһарынан қар жауатын құдіретті Әмір Темір қаншама жаулаушы болғаны мен, ел жұртының ақыл – ес зердесіне қиянат жасап, жер судың аттарын өзгертуге әрекет еткен жоқ.
Еуразияны аяғынан тік түрғызып, тітіреткен ғаламат қолбасшы Қытайға жорыққы даярланып жатқанда, Арыстанды Қарабастың өкпек желі өтінде өкпесіне суық тиіп, 1405 жылы қаңтардың 25- жұлдызында, қазіргі Темір станциясында көз жұмді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет