Күні, айы
|
Әрбір күн үшін іс-тәжірибенің бағдарламасы мен жоспар-кестесіне сәйкес орындалған (зерделенген) жұмыстардың атауы
|
Жетекшінің белгісі
|
04.09.2023 – 08.09.2023
|
Алғашқы күні біз жетекшіміз Масалова Шағала Ануарбековамен танысып, ағымдағы апталарға жоспар құрдық. Қазақ тілі мен әдебиеті сыныбымен, мектеп тарихымен таныстым.
|
|
11.09.2023 – 15.09.2023
|
Білім мекемесімен, мектеп ұжымымен, негізгі жұмыс бағыттарымен таныстым. Оқу процестеріне қамдана кірістік. 9 «а» және 9 «ә» сынып оқушыларымен таныстым. Сабақ үстінде мұғалім мен оқушы арасындағы іс-әрекетті, байланысты бақыладым.
|
|
18.09.2023 – 22.09.2023
|
Іс-тәжірибе кезінде жеке жұмыс жоспарын құрдым. Оқыту үрдісінің жағдайын талдап, балаларға тапсырма беріп үйрендім. Қысқа мерзімді жоспар құрастырып, 9 «а» сыныбының қазақ тілі сабағына қатыстым.
|
|
25.09.2023 – 29.09.2023
|
Жетекшімізбен бірге тәрбие жұмыстарын жүргіздік. Сынып оқушыларымен толықтай танысып шығып, олардың ойлау қабілеттерін дамытуға арналған технологияларды пайдаландық. Қазақ тілі сабақ жүргіздім.
|
|
02.10.2023 – 06.10.2023
|
Тапсырма бойынша бұл аптада сынып жетекшілерінің, әлеуметтік педагогтардың, тәрбиелік іс-шараларына қатыстым. 9 «а» және 9 «ә» сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақтарға қатыстым.
|
|
09.10.2023 – 13.10.2023
|
Бұл аптада ағымдағы оқу іс-әрекетіне арналған үлестірмелі материалдар, ойындар, атрибуттар жасап, оларды сабақ беру барысында пайдаландым. Бұл аптада 9 «а» сыныбына қазақ әдебиеті пәнінен сабақ бердім.
|
|
16.10.2023 – 20.10.2023
|
Жетекшіміз Шағала Ануарбековамен бірге тәрбие жұмыстарын өткіздік. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 9 «а» сыныптарының сабағына қатыстым.
|
|
23.10.2023 – 27.10.2027
|
Бұл аптада жоспар бойынша оқушылармен жеке жұмыс жүргіздім. Оқушылардың күнделіктерін тексеріп шықтым. Kundelik.kz сайтымен таныстым. Оқушылар мен мұғалім арасындағы байланысты бақыладым, зерттеу жұмыстарын жүргіздім.
|
|
30.10.2023 – 03.11.2023
|
Білім беру мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ұйымдастырылған мектепшілік олимпиаданың ашылу салтанатының өтуіне ат салыстым. Жетекшімнен білім беру әдістері туралы ақпарат алдым.
|
|
06.11.2023 – 10.11.2023
|
Психологиялық-педагогикалық кеңестің, сынып жетекшілердің мектеп әдістемелік комиссиялардың отырыстарына, мектептегі әдістемелік жұмыстың басқа нысандарына қатыстым.
|
|
13.11.2023 – 17.11.2023
|
Педагогтар әзірлеген нормативтік құжаттармен танысып, жоспарларды зерделедім. Жетекшімнің сабақ беру әдіс-тәсілдерін бақыладым, маңызды ақпараттарды меңгеріп алдым.
|
|
20.11.2023 – 24.11.2023
|
9 «а» сыныбына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ жүргіздім. Сабақ беру барысында жетекшімнен бақылаған түрлі әдіс-тәсілдерді қолдандым. Nao.kz, smk.edu.kz сайттарымен таныстым.
|
|
27.11.2023 – 01.12.2023
|
Бұл аптада қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша бөлімдік жиынтық бағалау (бжб) жұмыстарын бақыладым. Сыныптан тыс танымдық жұмыстарды тиянақты өткізуге тырыстым.
|
|
04.12.2023 – 08.12.2023
|
Мектептегі білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша сабаққа дидактикалық, психологиялық талдау жүргіздім. 9 «б» сыныбына қазақ тілі пәнінен сабаққа қатыстым.
|
|
11.12.2023 – 15.12.2023
|
Іс-тәжірибемнің соңғы күнінде қорытынды есебімді шығарып алдым. Жетекшіммен бірге атқарған жұмыстарымызды талдай отыра іс-тәжірибемді қорытындыладым.
|
|