Күнделік-есеп Педагогикалық (үздіксіз) іс-тәжірибе бойынша


Қысқаша аналитикалық есеп



бет3/11
Дата01.02.2024
өлшемі257.49 Kb.
#490523
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
хрюююююююююбб

4 Қысқаша аналитикалық есеп
Іс-тәжірибе базасы туралы мәліметтер
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша Білім бөлімінің «№ 47 орта мектебі» КММ-де педагогикалық іс-тәжірибеден өттім. Мектеп әкімшілігі төмендегідей құрамнан тұрады. Мектеп директоры – Мухтарханова Раушан Абайкановна. Оқу ісінің меңгерушісі – Кадирова Зина Кадировна. Мұғалім – болашақтың білім нәрін себуші. Жалпы мұғалімдер саны – 150. Білім ордасы 2017 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған. 34 класс-комплектісі және 8 даярлық сыныптары бар. Мектепте шағын орталық жұмыс жасайды. Бастауыш сыныптарға арналған ұзартылған күн топтары бар.300 адамға арналған асханасы, спорт залы, акт залы бар. Мектепке кірген сәтте қазақтың шаңырағы бой көтеріп тұр. Шаңырақтан шуақ шашып, күмбез іспеттес боп, 4 блок тарайды. Жалпы іс-тәжірибеден өту барысында көптеген қызықты тапсырмалар болды. Сабақтарға қатыса отырып өзімнің педагогикалық қасиеттерімді арттырдым. Сабақ беру барысында өз қабілеттерімді сынап көрдім.
Пайдаланылған әдістер мен жұмыс технологиялары
«Кемпірқосақ» әдісі – Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төмендегі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.
«Көкпар» әдісі – Топтық тапсырма: сұрақ- жауап арқылы білімін бағалау. Мұнда топ мүшелеріне сұрақтар қойылады. Жауап мазмұны, дәйектілігі ескертіледі. Сұраққа дұрыс жауап берген адам шарик (1 балл) алады. Көп шар жинаған адам- көшбасшы.
«Көңіл күй букеті» әдісі – Оқушылар гүлдерді вазаға қояды. Ваза суреті плакатқа салынған. Сабақтағы жұмысын бағалай отырып, әр оқушы аты жазылған стикер-гүлді вазаға бекітуі қажет.
«Көрсет және әңгімеле» – Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады.

  • сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз;

  • одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз;

  • оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.

«Иық тірескен шеңбер» әдісі – Оқушылар шеңберге бір-бірінің иығына қолдарын салып, құшақтасқан түрде тұрып, сабақ туралы өз пікірлерін білдіреді. Мұғалімнің де бұл шеңберден орын алғаны дұрыс.
Орындалған жұмыс туралы мәліметтер
1 – апта
Мен, Застав Айзада Эрмегқызы «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де оқу іс-тәжірибеден өттім. Бірінші аптада біз мектеп мектеп тарихымен таныстық. Мектеп директоры – Мухтарханова Раушан Абайкановна. Іс-тәжірибемнің жетекшісі ретінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Масалова Шағала Ануарбековна болып тағайындалды. Жетекшіммен бірден тіл табысып, ағымдағы апталарға жоспар құрдық. Жетекшіміз бізді ұзақ мерзімді жоспармен таныстырды. Қазақ тілі және әдебиеті сыныбымен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Мектептен алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Жалпы маған оқу орнының атмосферасы өте қатты ұнады.

2 – апта


Іс-тәжірибемнің екінші аптасында мен 9 «а» және 9 «ә» сынып оқушыларымен таныстым. 9 «а» сыныбында 19 оқушы, 9 «ә» сыныбында 17 оқушы білім алады. Сабақ үстінде мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты бақыладым. Жетекшіммен оқу процестерін ұйымдастырдық. Сабақ барысында мұғалімнің іс-әрекеттерін, оқушылармен қарым-қатынасын, сыныптағы жағымды ахуал ұйымдастырудағы шеберлігін бақыладым. Шағала Ануарбековна шебер-ұстаз ретінде білім берудегі әдіс-тәсілдермен бөлісіп, сабаққа қатысу барысында кеңестер берді. Сынып жетекші нұсқауы бойынша сынып оқушыларымен жұмыс жүргізіп, жақсы тіл табыса білдім. Соның ішінде: сынып тазалығы, оқушылардың тәртібі, оқу формасы, оқушылардың сабаққа қатысуын бақылап, назарға алдым. Қазақ тілі пәніне және де басқа да сабақтарына қатысып, оқушылардың сабаққа қатысу үлгерімдерін және сабақта өз-өздерін ұстауын бақыладым. Екі апта бойы оқушылармен бірге сабақтарға қатысу барысында олармен жақынырақ таныса түстім. Олармен үзіліс кезінде әңгімелесіп, жақын таныса түсуге тырыстым және олармен өзім де үйренісе бастадым. Сонымен қатар мұғалімдердің сабақ үйрету әдіс-тәсілдерін, оқушылармен қалай тіл табыса жұмыс жасай білу керектігін қадағалап қана қоймай оқушыларды да бақылау үстінде болдым.

3 – апта
Бұл аптада оқыту үрдісінің жағдайын зерттеп талдадым, қысқа мерзімді жоспар құрып, оқушылармен жұмыс жасауды, тапсырма беруді үйрендім. 9 «а» сыныбына қазақ тілі пәнінен сабаққа қатыстым. Сабақтың тақырыбы – Орфографиялық сөздік. Сабақ барысында жетекшімнің қолданған әдіс-тәсілдерін түртіп алып отырдым. Оқушылармен жұмыс жасаудың қыр-сырымен таныстым. Жетекшім сабақ барысында «кемпірқосақ» әдісін қолданды. Оқушылармен кері байланыс орнатты. Сынып оқушылары өте тәрбиелі әрі алғыр. Мұғалімнің сұрағына тез ойланып, тез жауап береді.
Қорытындылай келе, бұл аптада мен мұғалім мамандығының қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандық екеніне тағы да көзім жетті.

4 – апта
Іс-тәжірибемнің төртінші аптасында мен жетекшіммен бірге тәрбие жұмыстарын жүргіздім. Сынып оқушыларымен толықтай танысып, олардың ойлау қабілеттерін дамытуға арналған технологияларды пайдаландық. Түрлі ойындар ұйымдастырдық. «Көкпар» әдісі. Осы әдісті біз тәрбие сағатын өткізу барысында қолдандық. Осы әдіс үшін ең алдымен топ басшылары бірінің қолына бірі қойып, бір-біріне жақсы сөздерін, тілектерін айтып шығады.


Бұл аптада қазақ тілі сабағына қатыстым. Сабақ 9 «ә» сыныбына өтті. Ең алдымен жетекшім үй жұмысын тексерді, оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырды. Сабақтың тақырыбы: «Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік». Бұл сабақта оқушылардың белсенділігін бақыладым. Жетекшім «Көңіл күй букеті» әдісін пайдаланып, топтық жұмыс жасады. Жалпы сабақтың барысы оқушыларға қызық өткені байқалды, оқушылар сабаққа белсенді қатысып, сабақ соңында тиісті бағаларын алды. Сабақ оқушылардың қорытынды пікірімен және үй тапсырмасын берумен аяқталды.

5 – апта
Жоспар бойынша бұл аптада сынып жетекшілерінің, әлеуметтік педагогтардың өткізген іс-шараларына қатыстым. Бұл аптада мен жаңа тәжірибе, жаңа әсер алдым. 04.10.2023 күні 9 «а» сыныбына қазақ тілі пәнінен сабаққа қатыстым. Сабақтың тақырыбы – Орфографиялық сөздік. 06.10.2023 күні 9 «ә» сыныбына қазақ әдебиеті сабағына қатыстым. Сабақ тақырыбы-Шалкиіз жырау. Сабақ барысында Шалкиіз жыраудың шығармашылығы жайында мәлімет беріліп, топтық жұмыстар жүзеге асты. Жоғарыда айтылған «Көрсет және әңгімеле» әдісін қолданылды. Сабаққа талдау жұмыстарын жүргізілді. Сабақты қорытындылау мақсатында «иық тірескен шеңбер» әдісі арқылы кері байланыс орнады.


6 – апта
Іс-тәжірибемнің алтыншы аптасында ағымдағы оқу іс-әрекетіне арналған үлестірмелі материалдар, ойындар, атрибуттар жасап, оларды сабақ беру барысында пайдаландым. 9 «а» сыныбына қазақ әдебиеті пәнінен сабақ бердім. Сабақтың тақырыбы – Бұқар жырау «Әй Абылай» . Слайд арқылы мәліметтер көрсетіп, сұрақтарға жауап бергіздім. «Кемпірқосақ» әдісін қолдану арқылы сабақты қызық өткізуге тырыстым. Оқушыларға бұл әдіс қатты ұнады, сабақта белсенділік танытып, қойылған сұрақтарға алғырлық танытып жауап беріп отырды.
Оқытудың осындай жаңа технологияларын сабаққа өндіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар керек. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудағы жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстырып көрсетуге болады.

7 – апта
Бұл аптада мен жетекшім Шағала Ануарбековамен бірге тәрбие жұмыстарын өткіздім. Оқу-тәрбие жұмысымен таныстым. Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, оқушылардың міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым. Өткен тақырыптарыма байланысты көрнекілік құралдарын дайындап және де оқушылардың дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Оқушының даму деңгейіне диагностика жасаумен де айналыстым. Оқушылардың күнделіктерін, дәптерлерін тексеріп, кемшіліктерін айтып, олардың дұрысталуына ат салыстым. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын өткіздім. Мұғалім алдына келген әр оқушымен еркін қарым-қатынас орната алуы керек. Әр оқушының жеке психологиясына педагогтік көзқараспен қарай алуы шарт. Жетекшімнің тәрбие жұмысын өткізуін бақылай отырып, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас жайында жаңа ақпарат білдім. Тәрбие сағаты өте жақсы деңгейде өтті. Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін тіледі. Тәрбие жұмыстарын жүргізіп болған соң, нағыз педагог жан-жақты даярланған маман иесі екенін түсіндім.


8 – апта
Сегізінші аптада оқушылардың іс-әрекетіне бақылау жүргіздім. Сыныптағы бір оқушыны таңдап алып мінездеме жасадым. Және осы аптада kundelik.kz сайтымен жұмыс жасауды үйрендім. Kundelik.kz — Қазақстан Республикасы бойынша бірыңғай білім беру интернет-порталы. Порталмен қалай баға қою керек, үй жұмысын қалай толтыру керек сияқты жұмыстардың қыр-сырын үйреніп алдым. Жалпы электронды күнделіктің көптеген мүмкіндіктеріне қол жеткіздім. Порталға логин мен құпиясөзді теріп кірдім. Электронды журналға көз жүгірттім. Үй жұмысын толтырдым. Алдағы уақыттарда өтетін сабақтардың тақырыбын да қарап шықтым. Шағала Ануарбековна осының бәрін толықтай тиянақты түрде түсіндіріп шықты.

9 – апта
Тоғызыншы аптада білім беру мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ұйымдастырылған мектепшілік олимпиаданың ашылу салтанатының өтуіне ат салыстым. Пән олимпиадасы – ғылымның алғашқы басқышы, бала санасына ғылымның алғашқы ізденістерін қалыптастырып, болашақ ғалымдарды баулитын, ғылымға еркін бойлайтын жастар қосынын қалыптастыратын ең үлкен және ең тамаша бағдарламалық бәсеке. Пән олимпиадасына дайындық, адамның мидың ең жоғары қабылдау кезеңінде басталатындықтан, ол оқушылардың логикалық ойлау формасын дамытып қана қоймай, ғылымға деген көзқарасын қалыптастырып, болашақ бағдарын айқындайтын тамаша ғылыми ізденіс. Егер сапалы және жүйелі дайындық жүргізілсе, баланың ми клеткалары сапалы қозғалысқа келіп, оқушының алғырлығы арта түсетіні ғылымда дәлелденіп келеді. Сапалы әрі жүйелі дайындық — тек баланың ғылымға ғана көзқарасын қалыптастырып қоймай, болашаққа деген нық сенімін орнатып, өзіне деген сенімін нығайтып, биік мақсаттар қоя алатын тұлға тәрбиелеудегі тамаша дағды. Олимпиада жоғарғы деңгейде өтті.


10 – апта


Бұл аптада мен психологиялық-педагогикалық кеңестің, сынып жетекшілердің мектеп әдістемелік комиссиялардың отырыстарына, мектептегі әдістемелік жұмыстың басқа нысандарына қатыстым. Психолог Кошубаева Айгерім Жеңісқызы, әлеуметтік педагог Алтынбаева Шырайлым Дарханқызы. Мектеп психологі және әлеуметтік педагогпен оқушылардың тәрбиесі жайында сөз қозғадық. Жұмыс кестелері жайлы ақпарат алдым. Мектеп психолог қызметінің басты мақсаты – дамудың және оқу-тәрбие процесінің әлеуметтік жағдайын ғылыми психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіндегі барлық қатысушылардың денсаулығын сақтауға арналған психологиялық жағдайларды қамтамасыз ете алатын, тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің осы күнгі психологиялық-педагогикалық теориялары негізінде осы процесті ұйымдастыру мен құру және жүргізу.

11 – апта


Бұл аптада нормативтік құжаттармен танысып, жоспарларды зерделедім. Жетекшімнің сабақ беру әдіс-тәсілдерін бақыладым, керек жерлерін түртіп алдым. Нормативті құжаттармен танысу барысында ең негізгі, басым акцент ұзақ мерзімді жоспар мен орта мерзімді жоспарға және қысқа мерзімді жоспарлауға қойылды. Жалпы, ұзақ мерзімді жоспар:
- белгілі бір уақыттағы, айталық, бір жыл ішіндегі білім беру бағдарламасының мазмұны мен ауқымы туралы жалпы түсінік береді; мектептің мақсатын, саясатын және материалдық базасын көрсетеді;
- бірнеше жылға арналған кезең ішіндегі жалпы, келісілген бағытты бейнелейді;
- білім беру бағдарламасының «жол картасы» болып табылады;
- бейімдеуге келеді және жағдайға/ қажеттілікке қарай дамиды;
- білім беру бағдарламасының салалары арасындағы байланысты анықтайды;
- кезеңдер мен жылдар арасындағы алға ілгерілеуді көрсетеді;
- кері байланыс арқылы бағамдайды;
- орта мерзімді жоспарға негіз болады.
Орта мерзімді жоспар:
- нақты бір саладағы тиісті мақсаттар мен бағалау нәтижелері бойынша алға ілгерілеуге бағытталған;
- ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген тақырып аясында тоқсан бойында қамтылатын тақырыптарды сипаттайды;
- мұғалімдердің/ сынып жетекшілерінің жауапкершілігінде;
- оқу мақсаты мен нәтижесіне ұмтылатын оқушыларға қолдау көрсететін жаттығулар мен әдіс-тәсілдерді анықтайды;
- сабақтар үдемелілігі үйлесімді/ қызықты түрде ұсынылған;
- оқуды мағыналы етіп, пәнаралық байланыс орнатады;
- оқушылардың қажеттіліктеріне қарай бейімдеуге және дамытуға келеді;
- қысқа мерзімді жоспарға негіз болады
Ал қысқа мерзімді жоспар:
- мұғалімдердің сабақ сайын, күн сайын не оқытатыны анықталады;
- оқушылардың нені үйренетіні және оларға қалай қолдау көрсетілетіні белгіленеді;
- білім беру бағдарламасы тұрғысынан назарға алынған оқу мақсаты белгіленеді. Бұл бағамдау мен бағалау арқылы алдыңғы сабақтан кейін қанша алға ілгерілегенін көрсетеді;
- саралаудың қаншалықты тиімді болғаны туралы мәлімет береді;
- жаттығуларды, шаралар мен ресурстарды анықтайды;
- оқытылатын мәселені қамтиды;
- бағалау мүмкіндіктері туралы толық мәлімет ұсынады.

12 – апта


Бұл аптада 9 «ә» сыныбына қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен сабақ бердім. Сабақ беру барысында жетекшім үйреткен түрлі әдіс-тәсілдерді қолдандым. Nao.kz, smk.edu.kz нормативтік құжаттары бар сайттарды зерттедім. Smk.edu.kz – мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік жоспарлаудың ресми сайты. Мұғалімдер мен оқу іс-әрекетіне қатысатын әрбір адам жұмыс істеуге арналған кең ауқымды функционалдылыққа қол жеткізе алатын өте пайдалы ресурс: оқу құжаттары және әртүрлі сабақ жоспарлары. Nao.kz – Ы. АЛТЫНСАРИН атындағы Ұлттық білім академиясының сайты. Сайтта сіз педагогикалық білім беру орталықтары, семинарлар, ғылыми зерттеулер, журналдар және т.б. туралы толық ақпаратты таба аласыз. Бұл сайт мұғалімдер мен студенттер үшін пайдалы болады, өйткені сайттан толтыру үлгілерін, әдістемелік ұсыныстарды, оқу жоспарын, оқушыларға арналған бағдарламаларды және басқа да көптеген пайдалы ақпаратты алуға болады. Сондай-ақ веб-сайтта педагогикалық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты туралы егжей-тегжейлі ақпаратты сипаттайтын орталықтың толық тарихы мен миссиясы бар.

13 – апта


27.11.2023 – 01.12.2023 аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша бөлімдік жиынтық бағалау (бжб) жұмыстарын бақыладым. Сыныптан тыс танымдық жұмыстардың әртүрлі түрлерін өткізуге қатыстым. Бұл күні сабақ жоспары бойынша мұғалім бөлім бойынша жиынтық бағалау өткізді. Бір тоқсанда бірнеше бөлім бар. Әр бөлім бойынша оқушының білімі мен біліктілігін тексеру үшін БЖБ алынады. Ол бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу түрінде болуы мүмкін. БЖБ қандай форматта болатынын және тапсыру уақытын педагог өзі шешеді.
БЖБ үшін максималды балл:
1-4 сыныптарда: кемінде – 7 балл, ең көп дегенде – 15 балл;
5-11 (12) сыныптарда: кемінде – 7 балл, ең көп дегенде – 20 балл.
Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болса, БЖБ тоқсанына екі реттен артық болмайды. Ал қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
Негізінен БЖБ бір тоқсанда үш реттен артық өткізілмейді. Бір тоқсанда төрт және одан да көп бөлімдер мен ортақ тақырыптар өтсе, олар біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.

14 – апта


Жоспар бойынша бұл аптада мектептегі білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша сабаққа дидактикалық, психологиялық талдау жүргіздім. 9 «а» сыныбына қазақ әдебиеті пәнінен сабақ бердім. Психологиялық талдау – сабаққа қойылған психологиялық талаптардың орындалуын (даму типті оқушылардың танырлығын қамтамасыз етуі) зерделеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет