Сабақтың басталуы
2 минут
3 минут
5 минут
|
Сәлемдеседі.
Оқушылардың көңіл-күйлерін біледі. Сыныпта жағымды ахуал қалыптастырады. Түгендейді.
Үй тапсырмасын сұрайды
Берілген сөйлемдерді толықтырып жаз.
Ауылдан ата-әжем келген соң.....
Гендік инженерия пайда болған соң......
Қосымша сұрақтарға жауап бер.
- Гендік инженерияның пайдасы мен зияны?
- Ол қай салада ең тиімді болып саналады?
Дескриптор:
-Сөйлемдерді толықтырып жазады (1 балл)
-Қосымша сұрақтарға жауап береді (1 балл)
Ширату жаттығуы
Қораптың сырты сұрақ жазылған қораппен оралады.Оқушылар әуен ойнап жатқанда оралған қорапты бір-біріне береді, әуен тоқтаған кезде , қорап қай оқушының қолына түссе, сол оқушы қораптың бір қабатын ашып сұраққа жауап береді.
- Жай сөйлем дегеніміз не?
- Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін атаңыз?
Шартты бағыныңқы сабақтас қалай жасалады?
Себеп бағыныңқы сабақтас дегеніміз не?
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас дегенді қалай түсінесің?
Бұқаралық ақпарат құралдары деген не?
БАҚ-тың қандай түрлері бар?
БАҚ қоғамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
БАҚ-тың сендер үшін қандай қажеттілігі бар?
|