Күнделік-есеп Педагогикалық (үздіксіз) іс-тәжірибе бойынша


Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар



бет4/11
Дата01.02.2024
өлшемі257.49 Kb.
#490523
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
хрюююююююююбб

Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:

  • Нақты оқу пәні мен нақты сабақты игеруде оқушылардың даму жолдарын жобалау;

  • Тақырып пен нәжижелерін игеруде психологиялық міндеттерді анықтау;

  • Психологиялық – педагогикалық әсер етудің жеке құралдарын алдын – ала анықтау.

Дидактикалық талдау – негізгі дидактикалық категорияларды (дидактика принциптерін жүзеге асыру; оқушыларды оқыту және білім беруде қолданатын әдістер мен тәсілдерді сұрыптау, сабаққа қажетті оқу материалдарының дидактикалық ықпал ету, оқушылардың өзіндік танырлық қызметінің педагогикалық басшылығы және т.б.) талдау.
Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:

  • Әр сабақтың оқыту міндеттерін, олардың дамыту,тәрбиелік міндеттерімеен байланысын анықтау;

  • Сабақты тиімді мәліметтермен толықтыру;

  • Танымдық белсенділіктің жаңа технологиясын енгізу;

  • Сабақтың мазмұның оқу бағдарламасындағы талап пен сабақ мақсатына және оқушылардың даярлық деңгейіне байланысты анықтау;

  • Оқытудың түрлі формалары мен әдіс – тәсілдерін тиімді үйлестіру, дұрыс таңдап алу,оқушылардың ғылыми білімді меңгеру деңгейі мен оның жеке кезеңдеріндегі іскерлік пен дағдының қалыптасуын болжау;

  • Сабақтың құрылымына шығармашылықпен қарау;

  • Оқушылардың өзіндік жұмысы мен топтық жұмыстарының үйлесімділігін қамтамасыз ету;

  • Кері және өзара қарым – қатынастарды қамтамасыз ету;

  • Оқу процесін басқару мен бақылау және бағалауды тиімді жүзеге асыру,сабақта дидактикалық принциптерді іске асыру;

  • Оқушыларға нәтижелі оқыту жағдайын жасау;

  • Сабақ өткізудегі іскерлік пен ғылыми дағдыға есеп беру;

15 – апта


Іс-тәжірибеден өтудің соңғы күні. Осы күні құжаттарды дайындау үстінде болдым. Жетекшім берген тапсырманы аяқтап өткіздім. Оқушылармен соңғы сабақты өткізіп, жылы лебіз, тілек білдіріп қоштастым. Жетекшіме, мектеп ұжымына алғысымды білдіріп қоштастым. Сонымен іс-тәжірибеден өту кезеңі өз мәресіне жетті!
Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы мәліметтер
15 аптаға созылған бұл іс-тәжірибемде мен барынша белсенді болуға тырыстым. Мектепшілік пән олимпиадаларын ұйымдастыруда өз үлесімді қостым. Оқушылармен жұмыс жасап, оларға дұрыс бағыт-бағдар бердім.


Жұмыс туралы қорытындылар, ұсыныстар
Тәжірибе барысы маған өте қызық болды. Ең бастысы мамандық таңдаудан қателеспегенімді түсіндім. Іс-тәжірибе жұмыстары тағы да ұзағырақ өткенде, өте жақсы болушы еді. Қорыта айтар болсам, ағымда өткен педагогикалық-психологиялық іс-тәжірибе барысында мен болашақ маман ретінде өзіме керекті көптеген ақпараттар алып, шыңдала түстім. Болашақ педагог ретінде жалпы мектеп жайлы, құжаттар жайында, балалармен қарым-қатынас жасау жайлы, жалпы білім беру жүйесі жайында көптеген ақпараттар жинадым. Жұмыстың барысын бақылау арқасында, өзімнің мамандық бойынша дұрыс таңдау жасағаныма көз жеткіздім, болашақта жұмыс жасай алатыныма сенімдімін.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
9 сынып «қазақ тілі» оқулығы. «Мектеп» баспасы.
9 сынып «қазақ әдебиеті» оқулығы. «Мектеп» баспасы.
https://login.kundelik.kz
https://vcabinet.kz/smk-edu-kz.html
http://47-oskemen.mektebi.kz/

Білім алушының қолы _____________________


20___ж. «____»____________




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет