159
520 БӨЛІМ
ІСКЕРЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Кіріспе
520.1
Фирмалардан тәуелсіздік қауіптерін анықтау, бағалау және жою үшін
түбегейлі
қағидаларды сақтау, тәуелсіз болу және 120-бөлімде
көрсетілген тұжырымдамалық негізді қолдану талап етіледі.
520.2
Аудит клиентімен немесе оның басшылығымен тығыз іскерлік
қарым-қатынас жеке қызығушылық немесе қорқыту қаупін тудыруы
мүмкін. Бұл бөлімде осындай жағдайларда тұжырымдамалық негізді
қолдануға қатысты нақты талаптар
мен қолданбалы материалдар
баяндалған.
Талаптар және қолданбалы материал
Жалпы
520.3 A1
Бұл бөлімде қаржылық қызығушылықтың «маңыздылығы» және
іскерлік қатынастардың «маңыздылығы» туралы сілтемелер бар.
Мұндай қаржылық мүдденің адам үшін маңызы бар-жоғын анықтау
кезінде осы адамның және оның жақын мүшелерінің жалпы
қаржылық жағдайы ескерілуі мүмкін.
520.3 A2
Коммерциялық қатынастардан немесе жалпы қаржылық мүдделерден
туындайтын тығыз іскерлік қатынастардың мысалдары:
• Клиентпен
немесе бақылаушы иесімен, директормен немесе
лауазымды адаммен немесе сол клиент үшін көшбасшылық
қызметті жүзеге асыратын
басқа адаммен бірлескен
кәсіпорында қаржылық мүдденің болуы.
• Фирманың немесе желілік фирманың бір немесе бірнеше
қызметтерін немесе өнімдерін клиенттің бір немесе бірнеше
қызметтерімен немесе өнімдерімен
біріктіру және пакетті екі
жаққа да сілтеме жасай отырып нарыққа жылжыту туралы
келісімдер.
• Тарату немесе маркетингтік келісімдер, оған сәйкес фирма немесе
желілік фирма клиенттің өнімдерін немесе қызметтерін
таратады немесе сатады немесе
клиент фирманың немесе
желілік фирманың өнімдерін немесе қызметтерін таратады
немесе сатады.