15-тарау. САУДА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚ
159-бап. Тұтынушыларды алдау
1. Сауда қызметiн және қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын дара кәсiпкерлердiң немесе ұйымдардың кем өлшеуi, таразыдан жеуi, кем есептеуi, тауардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) тұтыну қасиеттерiне немесе сапасына қатысты жаңылыстыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы –
жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
белгiлi бiр қызмет түрiне берiлетiн лицензиядан айырып және үш жылға дейiнгi мерзiмге қызметiн тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге елуден бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, елеулi залал келтiруге әкеп соққан iс-әрекеттер –
белгiлi бiр қызмет түрiне берiлетiн лицензиядан айырып не үш жылға дейiнгi мерзiмге қызметiн тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге елуден бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, iрi залал келтiруге әкеп соққан iс-әрекеттер –
белгiлi бiр қызмет түрiне берiлетiн лицензиядан айырып не үш жылға дейiнгi мерзiмге қызметiн тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге бiр жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапқа қатысты бiр айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомадағы залал – елеулi мөлшердегi залал деп, кемiнде үш айлық есептiк көрсеткiш сомасындағы залал iрi мөлшердегi залал деп танылады.
Ескерту. 159-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
160-бап. Қару-жарақ пен оқ-дәрi сату тәртiбiн бұзу
1. Сауда ұйымдары қызметкерлерiнiң тиiстi рұқсаты жоқ жеке тұлғаларға, ұйымдарға қару-жарақ пен оның оқ-дәрiсiн сатуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден сексенге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сауда ұйымдары қызметкерлерiнiң арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу үшiн арнайы техникалық құралдарды және ақпаратты қорғаудың криптографикалық құралдарын, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды қоспағанда, тиiстi рұқсаты жоқ жеке тұлғаларға, ұйымдарға сатуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 160-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
161-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу
саласындағы заңнамасын бұзу
1. Сатып алушының өтiнiшi бойынша тауар, оның шығарылған жерi, дайындаушылары, тұтыну қасиеттерi, кепiлдiк берiлген мiндеттемелер және талап қою тәртiбi туралы қажеттi ақпарат бермеу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - бестен жетiге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
3. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
4. Тауарлардың қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын ресми құжатты құқыққа қайшы пайдалану, -
тауарлары тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен жетiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың бiрiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiктер), -
тауарлары тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетiден онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 161-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
161-1-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып,
төлемдердi қабылдаудан бас тарту
Төлем карточкаларын пайдалана отырып, сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде оларды қабылдауға мiндеттi сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының төлемдердi қабылдаудан бас тартуы, -
жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде және заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта аталған сауда (қызмет көрсету) ұйымдарына санатын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар жатады.
Ескерту. 161-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.10.21 N 80 Заңымен.
162-бап. Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз
сауда жасау
Еркiн сауда жасауға заңдармен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен заңсыз сауда жасау, -
аталған тауарларды немесе заттарды өтемiн төлеп алып қоя отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 162-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
163-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру
және (немесе) олардың айналымы саласындағы
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
1. Этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн декларациялау қағидаларын, этил спиртi және (немесе) алкоголь өнiмiне iлеспе жүкқұжаттарды ресiмдеу қағидаларын бұзу, сол сияқты этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiру және олардың айналымы бойынша декларацияларды, сондай-ақ этил спиртiне және (немесе) алкоголь өнiмiне iлеспе жүкқұжаттарды табыс етпеу не уақтылы табыс етпеу, -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - жиырма, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға – жетпiс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Этил спиртiнiң және (немесе) алкоголь өнiмiнiң айналымы қағидаларын:
алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленбеген орындарда сақтау және өткiзу;
лицензияда көрсетiлмеген мекенжай бойынша этил спиртiнiң және (немесе) алкоголь өнiмiнiң айналымы (экспорттан басқа);
алкоголь өнiмiн аралас полимер ыдыстармен, оның iшiнде полиэтиленмен қапталған картон ораммен және картон қорабына салынған фольгаланған полиэтилен пакетiмен өткiзу, сол сияқты тұрқы бұзылған ыдыспен, анық сынған белгiлерi бар, тығыны бүлiнген шөлмектермен бөлшек саудада өткiзу;
алкоголь өнiмiн (шарап материалдарынан, сырадан және күштiлiгi он екi пайызға жетпейтiн градусы төмен ликер-арақ өнiмдерiнен басқа) қаңылтыр ыдыспен, заттаңбасы жоқ шөлмектермен және пластикалық ыдыстармен сату;
алкоголь өнiмiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ең төменгi бағадан төмен бағамен айналымда болуы (экспорттан басқа);
екi және одан да көп лицензиаттың бiр мекенжай бойынша, сол бiр стационарлық үй-жайларда, этил спиртiн (оның iшiнде мұнай өнiмдерiне қоспа ретiндегi денатурацияланған этил спиртiн (этанолды) және (немесе) алкоголь өнiмiн сақтауы және өткiзуi;
этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн iлеспе жүкқұжаттарынсыз сақтау, өткiзу және (немесе) тасымалдау түрiнде бұзу -
жеке тұлғаларға - құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болған акцизделетiн тауарларға акциз ставкасының бес жүз пайызы мөлшерiнде, құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болған акцизделетiн тауарлар және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркiлене отырып, лауазымды адамдарға – жүз жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға – жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға – екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болған акцизделетiн тауарларға акциз ставкасының сегiз жүз пайызы мөлшерiнде, құқық бұзушылық жасау нысанасы болған акцизделетiн тауарлар және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркiлене отырып, лауазымды тұлғаларға – жүз қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға – екi жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға – екi жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiру қағидаларын:
уәкiлеттi органға этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру және олардың айналымы саласындағы мәлiметтердi беруден бас тарту немесе дұрыс емес ақпарат беру, сол сияқты өндiрiс паспортына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы ақпаратты жазбаша түрде күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бермеу;
ауыз су қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмеген кезде алкоголь өнiмiн (шарап материалынан басқа) суды кондициялауға арналған жабдықпен жарақтандырмай өндiру;
алкоголь өнiмiн ақаулы бақылаушы есепке алу аспаптарымен не өндiру көлемдерi туралы ақпаратты уәкiлеттi органға автоматты түрде берудi жүзеге асырмайтын бақылаушы есепке алу аспаптарымен өндiру;
этил спиртiн ақаулы, сол сияқты есептегi нормативтен тыс ауытқулары бар спирт өлшеуiш аппараттарымен өндiру;
спирт өлшеуiш аппараттарын, бақылаушы есепке алу аспаптарын, фланецтiк қосындыларды пломбасыз пайдалану немесе уәкiлеттi органдар салған пломбаларды алып тастау;
екi және одан да көп лицензиаттың сол бiр мекенжай бойынша, бiр стационарлық үй-жайларда сол бiр жабдықта этил спиртiн (оның iшiнде мұнай өнiмдерiне қоспа ретiндегi денатуратталған этил спиртiн (этанолды) және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiру мен сақтау түрiнде бұзу -
лауазымды адамдарға – жүз жиырма, тиiстi қызмет түрiне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
лауазымды адамдарға – жүз елу, тиiстi қызмет түрiне арналған лицензиядан айыра отырып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – тоғыз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң және олардың айналымының шарттарын:
осындай қызмет бойынша лицензия қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде қызметтi жүзеге асыру;
тағамдық емес шикiзаттан өндiрiлген этил спиртiнен, сол сияқты денатурацияланған этил спиртiнен (этанолдан) алкоголь өнiмiн өндiру түрiнде бұзу -
тиiстi қызмет түрiне арналған лицензиядан айыруға әкеп соғады.
8. Балалар мекемелерiнде, бiлiм беру ұйымдарында және оларға жүз метр радиуста iргелес жатқан аумақтарда алкоголь өнiмiн өткiзу –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады.
9. Осы баптың сегiзiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
тиiстi қызмет түрiне арналған лицензиядан айыруға әкеп соғады.
Ескерту. 163-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
163-1-бап. Темекi бұйымының маркасын пайдалану
1. Темекi бұйымдарының өздерiн немесе темекi бұйымы сатылатын немесе тасымалданатын кез келген қорапты, қаптаманы қоспағанда, өзiнде темекi бұйымының маркасы бар кез келген тауарларды қасақана тарату, көрмеге қою, сату, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 163-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
163-2-бап. Заңнаманың темекi және темекi бұйымдары
туралы ақпарат жөнiндегi талаптарын бұзу
1. Заңнаманың темекi және темекi бұйымдары туралы ақпарат жөнiндегi талаптарын бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 163-2-баппен толықтырылды - ҚР 2007.06.19 N 264 Заңымен.
163-3-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының темекi және
темекi бұйымдарын сату жөнiндегi, сондай-ақ
темекi бұйымдарын имитациялайтын тауарларды
өндiру, сату және тарату жөнiндегi талаптарын
бұзу
1. Осы Кодекстiң 114-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңнамасының темекi және темекi бұйымдарын сату жөнiндегi талаптарын бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, дара кәсiпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - он, қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұрып, дара кәсiпкерлерге - отыз бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Темекi бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндiру, сату, тарату, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - үш, дара кәсiпкерлерге - бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - сегiз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - бес, дара кәсiпкерлерге - сегiз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 163-3-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.16. N 186-IV Заңымен.
163-4-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь
өнiмiн өткiзу жөнiндегi талаптарын бұзу
1. Жиырма бiр жасқа дейiнгi адамдарға алкоголь өнiмiн өткiзу -
жеке тұлғаларға - бес, тиiстi қызмет түрiне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - он, тиiстi қызмет түрiне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға - жетпiс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Алкоголь өнiмiн (сауда үйлерiнде, мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда):
жұмыс күндерi сағат 23-тен таңғы 8-ге дейiн,
демалыс, мереке күндерi сағат 24-тен таңғы 8-ге дейiн өткiзу -
жеке тұлғаларға - бес, тиiстi қызмет түрiне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - он, тиiстi қызмет түрiне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға - жетпiс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 15-тарау 163-4-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.16 N 186-IV Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
163-5-бап. Тауарлардың сауда желiлерiне немесе iрi сауда
объектiлерiне жетуiн шектеу
1. Сауда желiсiн немесе iрi сауда объектiлерiн ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асырушы сауда қызметi субъектiлерiнiң тауарларды беру туралы шарт жасасудан негiзсiз бас тартуы не көрiнеу кемсiтушiлiк сипаттағы шарт жасасудан көрiнетiн және:
1) сауда қызметi субъектiсiне осындай қызметтi жүзеге асыратын басқа да сауда қызметi субъектiлерiмен, сондай-ақ осындай немесе өзге де талаптар бойынша басқа да сауда қызметi субъектiлерiмен тауарлар беру шарттарын жасасуға тыйым салу туралы;
2) тауарлар берудi жүзеге асырушы сауда қызметi субъектiсiнен осындай қызметтi жүзеге асыратын басқа да сауда қызметi субъектiлерiмен жасасқан шарттары туралы мәлiметтер беруiн талап ету туралы шарттармен тауарлардың сауда желiлерiне немесе iрi сауда объектiлерiне жетуiн шектеуi, –
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, –
төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 15-тарау 163-5-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
163-6-бап. Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына
рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларының
мөлшерден асуы
1. Сауда қызметiн реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметi субъектiлерiнiң әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларын мөлшерден асыруы, –
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайта жасалған iс-әрекеттер, –
төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 15-тарау 163-6-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
164-бап. Тауарларды құжаттарсыз сату
1. Осы Кодекстiң 317, 317-1-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, дара кәсiпкерлердiң және сауда қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың тауарларды шығарылған елi туралы, дайындаушысы, жеткiзушiсi немесе сатушысы туралы не тауар (қызмет) туралы мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде анық және жеткiлiктi ақпараты бар құжаттарсыз сатуы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 164-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
165-бап. Белгiленбеген орындарда сауда жасау
Жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген жерлерден тыс орындарда сауда жасау, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
166-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн
Достарыңызбен бөлісу: |