Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; "Егемен Қазақстан"


заемшыларға банк қызметiн көрсетуге байланысты



бет12/48
Дата15.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#136952
түріКодекс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48

               заемшыларға банк қызметiн көрсетуге байланысты
               талаптарды бұзу

      1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем немесе ақша аударымы жөнiндегi нұсқауларды не ақшаны қолма-қол алу жөнiндегi талаптарды дер кезiнде немесе дұрыс орындамауы, -


      заңды тұлғаға төлем немесе ақша аударымы жөнiндегi нұсқаулар не ақшаны қолма-қол алу жөнiндегi талаптар сомасының бес процентке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың шот иесiнiң банктегi шотына ақшаны дер кезiнде немесе дұрыс есептемеуi, -
      заңды тұлғаға төлем немесе ақша аударымы жөнiндегi нұсқаудың дер кезiнде немесе дұрыс есептелмеген сомасының бес процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердiң төлем құжаттарын жоғалтуы, -
      заңды тұлғаға - әрбiр төлем құжаты үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттiң банк шотынан Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген ақша алу кезектiлiгiн бұзуы, -
      заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, төлем немесе ақша аударымы жөнiндегi нұсқауларды не ақшаны қолма-қол алу жөнiндегi талаптарды орындамауы, сондай-ақ шот иесiнiң банк шотына ақшаны есептемеуi, -
      заңды тұлғаға төлем немесе ақша аударымы жөнiндегi нұсқаулар, ақшаны қолма-қол алу жөнiндегi талаптар не ақшаны есептеу жөнiндегi нұсқаулар сомасының он процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 169-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      169-1-бап. Қазақстан Республикасының аумағында достық,


                  қола және қаржы вексельдерiн шығару
      Қазақстан Республикасының аумағында достық, қола және қаржы вексельдерiн шығару, -
      жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға, жеке кәсiпкерлерге - алпыс, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 169-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.20. N 123 Заңдарымен.

      169-2-бап. Электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу


                  талаптарын бұзу

      1. Эмитенттiң өзi қабылдаған мiндеттемелердiң сомасына сәйкес келмейтiн сомаға электрондық ақша шығаруы, -


      үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған сондай iс-әрекеттер, -
      алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Эмитенттiң электрондық ақша иесiн сәйкестендiрмей, бiр жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомаға электрондық ақша шығаруы, сондай-ақ бiр операцияның ең жоғарғы сомасы бойынша белгiленген шектеулерден асатын сомаға операциялар жасаған кезде эмитенттiң электрондық ақша жүйесiндегi электрондық ақшаны пайдалануға жол беруi, -
      екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған сондай iс-әрекеттер, -
      бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Азаматтық-құқықтық мәмiлелер бойынша ақы төлеу кезiнде дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның жеке тұлғалардан алған электрондық ақшасын эмитенттiң өтемеуi, уақтылы және толық өтемеуi, -
      бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған сондай iс-әрекеттер, -
      екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекс 169-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.21 № 466-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       170-бап. Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру)


                ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының
                немесе банк холдингiнiң iрi қатысушысы
                белгiлерiн заңсыз алуға байланысты
                  бұзушылықтар

      1. Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы белгiлерiн уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiнсiз алу -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Банк холдингi белгiлерiн уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiнсiз алу -
      заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бiр мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 170-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      170-1-бап. Банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру)


                 ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының
                 заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу
                 үлестерiн немесе акцияларды заңсыз сатып
                 алуына байланысты бұзушылықтар

      1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттердi қоспағанда, банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзып, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерiн немесе акцияларды заңсыз сатып алуы, -


      лауазымды адамдарға - жүз, заңды тұлғаларға сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының уәкiлеттi органның алдын ала рұқсатынсыз еншiлес ұйымды құруы не иемденiп алуы, -
      лауазымды адамдарға - үш жүз, заңды тұлғаларға бiр мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.       Ескерту. 170-1-баппен толықтырылды - Қазақстан
Республикасының 2003.12.05. N 506 , өзгерту енгiзiлдi - 2005.07.08.  N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2005.12.23.  N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.

      171-бап. Уәкiлеттi органға банк заңнамасына немесе


              зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға
              сәйкес табыс етiлуi талап етiлетiн ақпаратты
              табыс етпеуге, сол сияқты уақтылы табыс етпеуге
              немесе мәлiметтерi жоқ ақпаратты табыс етуге
              байланысты бұзушылық, не дұрыс емес
              мәлiметтердi (ақпаратты) табыс ету

      Банктiң, жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерiнiң) және олардың аффилиирленген тұлғаларының, жинақтаушы зейнетақы қорының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы белгiлерiне сәйкес келетiн жеке және заңды тұлғалардың уәкiлеттi органға банк заңнамасына немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес табыс етiлуi талап етiлетiн ақпаратты табыс етпеуi, сол сияқты уақтылы табыс етпеуi немесе мәлiметтерi жоқ ақпаратты табыс етуi не олардың дұрыс емес мәлiметтердi (ақпаратты) табыс етуi -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 171-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      172-бап. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының


               зейнетақы активтерiн мақсатсыз пайдалану

      1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның заңдарда белгiленген зейнетақы активтерiн инвестициялау тәртiбiн бұзуы, -


      лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Кастодиан-банктiң мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерiнiң мақсатты орналастырылуын бақылауды жүзеге асырмауы, -
      кастодиан-банктiң лауазымды адамына айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 172-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.03.13. N 394 , 2003.12.05. N 506 Заңдарымен.

      172-1-бап. Банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру)


                 ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын
                 таратуға байланысты талаптарды бұзу

      1. Банктi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясы төрағасының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу жағдайларын жою туралы жазбаша нұсқамаларды уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындамауы, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тарату комиссиясы төрағасының тарату комиссиясының қызметiне уәкiлеттi органның тексеру жүргiзуiнен жалтаруы не оны жүргiзуге кедергi келтiруi, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Тарату комиссиясы төрағасының уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының банк , сақтандыру заңдарында және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген есептiлiк пен қосымша ақпаратты әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк алты ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуi, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 172-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), өзгерту енгiзiлдi - 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

     172-2-бап . Жинақтаушы зейнетақы қорларының, ашық


                   жинақтаушы зейнетақы қорлары iрi
                  қатысушыларының ықпал етудiң шектеу шараларын
                   қолдану арқылы жүктелген мiндеттемелердi
                   орындамауы

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары iрi қатысушыларының өздерiне уәкiлеттi орган ықпал етудiң шектеу шараларын қолдану арқылы жүктеген мiндеттемелердi орындамауы, -


      жеке тұлғаға - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 172-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      173-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және


                сақтандыру қызметi туралы заңнамасында
                белгiленген талаптарды бұзу

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.



      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң уәкiлеттi органға есеп-қисапты не Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган сұратқан өзге де ақпаратты дер кезiнде табыс етпеуi, табыс етпеуi не анық емес етiп табыс етуi, -
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      1-1. Өзара сақтандыру қоғамының уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес есептiлiктi не уәкiлеттi орган сұратқан өзге де ақпаратты уақтылы табыс етпеуi, табыс етпеуi не дұрыс емес есептiлiк пен ақпаратты табыс етуi -
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы жазбаша нұсқаманы уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындамауы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оны тiркеу үшiн бiрлескен қызмет туралы шартты уәкiлеттi органға табыс етпеуi не дер кезiнде табыс етпеуi, -
      төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2-1. Актуарийдiң Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы шектеулi ықпал ету шараларын уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындамауы -
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi әлденеше рет (үзiлiссiз күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi рет және одан да көп) бұзуы, -
      бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң, сақтандыру агентiнiң мәмiлелер мен операцияларды Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыруы, -
      мәмiле сомасының оннан бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыстың жүз процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4-1. Өзара сақтандыру қоғамының мәмiлелер мен операцияларды Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыруы -
      екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4-2. Актуарийдiң Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұза отырып, өз қызметiн жүзеге асыруы -
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерiнiң сақтанушы жағдайын Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасының талаптарымен салыстырғанда нашарлататын жағдайда мiндеттi сақтандыру шартын жасауы және ол бойынша мiндеттемелердi орындауы, сондай-ақ сақтандыру агентiнiң мiндеттi сақтандыру шартын жасауы, -
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Сақтандыру ұйымының сақтанушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының, оқшауландырылған құрылымының орналасқан орнының өзгеруi немесе атауының өзгеруi туралы дер кезiнде хабардар етпеуi, -
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленген сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына тиiсiнше құжаттау, құжаттарды сақтау, лицензиялардың көшiрмесiн орналастыру жөнiндегi талаптарды бұзуы, сондай-ақ сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерi мен сақтандыру агентiнiң сақтандыру құжаттамасы бланкiлерiн есепке алудың және сақтаудың, қолма-қол ақшамен жұмыс iстеудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ережелерiн бұзуы, -
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушысының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы белгiлерiне сәйкес келетiн жеке және заңды тұлғалардың, сақтандыру брокерiнiң, сондай-ақ оларға қатысушылардың (құрылтайшылардың), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларының уәкiлеттi органға мәлiметтердi дер кезiнде табыс етпеуi немесе дұрыс емес мәлiметтердi табыс етуi, -
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерiнiң жарияланған күнгi шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауы немесе жариялауы, -
      екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң бухгалтерлiк есептi бухгалтерлiк есептiң белгiленген стандарттары мен әдiстерiн (принциптерiн) бұза отырып жүргiзуi, -
      лауазымды адамға - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаға тиiсiнше есепке алынбаған соманың бес процентi мөлшерiнде, бiрақ жүз айлық есептiк көрсеткiштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есептiлiк көрсеткiштерiнiң не пруденциялық нормативтердiң және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң сақталуы туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есеп-қисап жасауы, -
      лауазымды адамға - елу, заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Сақтандыру брокерiнiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлетсiздiгiнiң өзiне белгiлi болған фактiлерi туралы уәкiлеттi органға хабарламауы, -
      жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      13. Актуарийдiң сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтамауы жөнiнде өздерi анықтаған фактiлерi туралы уәкiлеттi органға хабарламауы, -
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      14. Алынып тасталды - ҚР 2006.05.05 N 139 Заңымен.
      15. Мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған кезде сақтанушыларға (сақтандырылған адамдарға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымға мiндеттi немесе төтенше жарналарды төлемеу, уақтылы төлемеу не толық көлемде төлемеу, -
      лауазымды адамға - елу, заңды тұлғаға екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      16. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы есептiлiгiн және өзге де мәлiметтердi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мiндеттiлiгi туралы талаптарды бұзуы -
      жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      17. Өзара сақтандыру қоғамының уәкiлеттi органды Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының, оқшауландырылған бөлiмшесiнiң орналасқан жерiнiң өзгеруi туралы дер кезiнде хабардар етпеуi
      - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 173-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.06.03 N 424, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2003.12.05 N 506, 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2006.05.05 N 139, 2006.07.05 N 164, 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      174-бап. Сақтандыру органдарының сақтандыру шарттарын


               жасасумен және орындаумен байланысты
               талаптарды бұзуы

      1. Сақтандыру полистерiн немесе сақтандырумен байланысты өзге де құжаттарды, не аударылған құжаттардың есепке алынбаған бланкiлерiн заңсыз өткiзудi жүзеге асыру, -


      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырмау, сол сияқты дер кезiнде жүзеге асырмау немесе сақтандыру туралы жасалған шарттың өзге де талаптарын дұрыс орындамау, -
      заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Сақтандыру шартын орындау үшiн клиент табыс еткен құжаттарды жоғалту, -
      заңды тұлғаға әрбiр жоғалған құжат үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 174-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.

      175-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру


                туралы заңдарын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан сақтандыру ұйымының жалтаруы, -


      лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi тұлғаның мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы, -
      жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына - бiр жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 175-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.06.03 N 428, өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      175-1-бап. Қаржылық ұйымдардың басшы қызметкерлерi


                 лауазымына тағайындау (сайлау) тәртiбiне
                 қойылатын Қазақстан Республикасының
                 заңнамасында белгiленген талаптарды бұзу

      Қаржылық ұйымның басшы қызметкерi лауазымына тағайындау (сайлау) тәртiбiне қойылатын талаптарды қаржылық ұйымның бұзуы -


      заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 175-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      175-2-бап. Қаржылық ұйымдардың филиалдары мен


                өкiлдiктерiнiң ашылғаны және олардың
                қызметiнiң тоқтатылғаны туралы уәкiлеттi
                органға уақтылы хабарламау, сондай-ақ
                қаржылық ұйымдардың филиалдарын, өкiлдiктерiн
                ашу кезiнде Қазақстан Республикасы
                заңнамасының талаптарын сақтамау

      Қаржылық ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң ашылғаны және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы уәкiлеттi органға уақтылы хабарламау, сондай-ақ қаржылық ұйымдардың филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасының банк заңнамасының , Қазақстан Республикасының сақтандыру мен сақтандыру қызметi және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасының талаптарын сақтамау -


      лауазымды тұлғаға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға жиырмадан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 175-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      176-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып


                кредит алу не оны пайдалану

      1. Жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның лауазымды адамының банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйi немесе кепiлге салатын мүлкi туралы немесе кредит, кредит берудiң жеңiлдетiлген шарттарын алу үшiн елеулi маңызы бар өзге де мән-жайлар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс етуi арқылы кредит не кредит берудiң жеңiлдетiлген шарттарын алуы, сол сияқты кредит берудi доғаруға, жеңiлдiктердi алып тастауға не бөлiнген кредит мөлшерлерiн шектеуге алып келуi мүмкiн мән-жайлардың пайда болуы туралы ақпаратты банкке немесе өзге де кредит берушiге хабарламауы, егер бұл әрекеттер iрi залал келтiрмесе, -


      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мемлекеттiк нысаналы кредиттi не мемлекет кепiлдiгiмен берiлген кредиттi тiкелей арналған мақсатқа пайдаланбау, егер бұл әрекет жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрмесе, -
      жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 176-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      177-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет